БІЛІМ БЕРУДЕГІ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ
Презентация қосу
БІЛІМ БЕРУДЕГІ САПА
МЕНЕДЖМЕНТІ
Қазіргі уақытта кейбір адамдардың түсінігінде «білім берудегі сапа» ұғымы, білім берудегі
күтімдердің қамтамасыз етілуі, яғни бір мағынада дипломмен пара-пар. Алайда Вест білім берудегі
сапаны күш, əлеует, ерекшелік сөздерімен байланыстырады жəне «сапа» ұғымын бір түр-сипат ретінде
қолданатын кезде білім беру бағдарламасының белсенділігі ретінде жориды .
АҚШ Білім министрлігі болса, «білім беру сапасы» ұғымын аз оқушылардан құралған сыныптар,
оқушылардың жеке қабілеттерін көрсете алулары, факультеттердің студенттердің күткендерін
қамтамасыз ете алу дəрежелері жəне əр түрлі оқыту əдістеріне баламалы əдістер ұсына алатын
қабілеттер ретінде анықтауда жəне сапалы білім беруді болса, оқушы-мектеп-отбасы арасындағы
ынтымақтастық ретінде түсіндіруде .
Білім беруде сапаны жақсарту жұмыстары біртекті жолға қарағанда, қайталанбалы циклге ұқсас
жоспарлау, жүзеге асу жəне жетілу істерінен құралған. Алғашқы деңгей жетілу үшін үздіксіз
жоспарлауды қамтиды. Бұл істі жетілдіру жоспарларының жүзеге асуы жалғастырады. Кейінгі
деңгейде болса, жетілдіру жоспарларына қатысты клиент қажеттіліктерін анықтауда қолданылатын
əдістердің жетілдірілуі болады. Қоршаған орта серпінді бір орта болғандықтан, білім беру
саласындағы қызметкерлердің үдерістерді үздіксіз қадағалаулары, ақпаратты да үздіксіз бөлісулері,
бірлік ішінде жұмыс істеулері жəне ақпарат алмасуға кедергі болған жəне болатын жайттарды
жоюлары міндетті. Бұл тұжырымға қарағанда тəрбиелеушілер мен оқытушылар тек қана мəселелерді
анықтаудың орнына сол мəселелердің шешуін табуды негізге алулары керек.
Осы жерге дейін келтірілген анықтамалар мен тұжырымдарды негізге ала отырып, білім беру
қызметіндегі сапа ұғымын, білім жəне тəрбие беру жұмыстарында жоғары сапалылық пен
мүлтіксіздікке жету үшін бір ұйымның барлық қызметкерлерінің үздіксіз даму мəдениетін
иемденгендігі туралы бір философия, бір сенім, бір тұжырым деуге болады.
Сапа – тиісті сипаттамалар
жиынтығы талаптарға сәйкес
келетін дәреже.
Сапа менеджменті – саясат пен
мақсатты әзірлеу және бұл
мақсаттарға жету жүйесі.
Сапа менеджменті жүйесі –
ұйымды сапаға қатысты басқару
және басшылық ету
менеджментунің жүйесі.
Сапа менеджмент жүйесін ендіру ерекшеліктері мен мақсаттары:
-қызығушы жақтардың қажеттіктерін есепке ала отырып ұйымның
нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;
-кез келген жағдайда өнімнің сапалы шығуына ұмтылыс жасау;
-өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;
-алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің деңгейін
қадағалау;
-өнім шығаруда ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту
үшін әзірленген менеджмент жүйесін үнемі жұмысшы қалыпта ұстау
Сапаны қамтамасыз ету жүйесі «сапа тұзағының» барлығы стадияларында
жұмыс істеуі тиіс, сапаға әсер ету сипаты бойынша жүйеде үш бағыт болуы
мүмкін:
-сапаны қамтамасыз ету;
-сапаны басқару;
-сапаны жақсарту.
ЖОО-ның СМЖ-сы – жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту
арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру
құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
СМЖ ЖОО-ның педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді
қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп
жағдайда бір-бірімен қиылысады.
Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдердентұрады:
СМЖ моделін таңдау;
университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;
университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау;
университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ
құжаттарын әзірлеу және енгізу;
қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны
сертификаттау;
процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.
Процесс
СМЖ келесі
Ресурстар элементтерден Ұйым
тұрады
Құжаттар
ЖОО СМЖ енгізудегі артықшылық
Талапкерлер мен студенттер үшін:
-Оқу үрдісінің сапасы жүйелеу, жинақтау, тарату, талдау және барлық қажетті ақпараттарды сақтау
жолымен көтеріледі(оқу жоспарлары, студенттердің қанағаттануы мен үлгерімі);
-Нақты басқару жүйесінің арқасында өтілмеген сабақтар саны нөлге теңеседі;
-ЖОО мамандандырылған түлектерінің дайындық деңгейі көтеріледі, оларға еңбек нарығында
сұраныс арта түседі;
-Студенттермен сақталған қатынас механизмі есебінде барлық сұрақтар, ұсыныстар мен шағымдар
назардан тыс қалмайды,
Жұмыс берушілер үшін:
-мамандар үнемі өзгеріп отыратын талаптың есебінен дайындалғанның кепілі;
-Мамандардың сапалы дайындығына сенімділік ЖОО үнемі жоғары деңгейде қадағаланып отыр;
-Басшылар мен қызметкерлер үші;
-жұмыстың ашық көрінуінің арқасында ұйым жұмысының барлық сферада бақылауы жақсарады;
-негізгі және көмекші үрдістерді ықшамдау есебінен шығындар азаяды;
-қағазбен жұмыс көлемі азаяды;
-шешімдердің нақтылығы жоғарылайды;
-ішкі ағымдағы ақпараттар жетілдіріледі;
-ЖОО инвестициялық тартымдылығы жоғарылайды.
Әрбір ЖОО қызметкері өз рөлін және ұйым жұмысына қосатын үлесін нақты сезінеді.
Мемлекет үшін:
-көрсетіліп жатқан білім беру қызметтері барлық талаптарға сай екендігі жайында кепілдік пайда
болады;
-ЖОО СМЖ енгізу әлемдік білім беру жүйесінде жоғарғы білім интеграциясына жағдай жасайды;
-Мемлекет ЖОО бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылғанына сенімді болуына
әбден мүмкін;
-Лицензиялау, іскерлік сараптау және аккредитациялау процедуралары жеңілдетіледі.
ЖОО сапа саласындағы басты мақсаттарының бірі ғылыми зерттеулер мен
талдамаларды жүзеге асыру және білім беру қызметінің (қосымша қызметті қосып
алғанда) тұтынушыларын қанағаттандыру болып табылады. Университетте
тұтынушылардың қанағаттылығы немесе қанағаттанарлықсыздығы туралы ақпаратты
жинау жүзеге асырылады, ол төменде көрсетілген жолдармен СМЖ қызмет етуінің
нәтижелігін өлшеу критерийі болып табылады:
-ЖОО-ның ішкі аудит нәтижелерін талдау;
-жоғары басшылықтың білім алушылармен және жоо-ның қызметкерлерімен жеке
кездесуі;
-құрылымдық бөлімшелердің отырыстарына қатысу;
-білім алушыларға анонимдік сауалнама жүргізу;
-мүдделі тараптар мен тұтынушылар тарапынан пікірлер мен тілектерді талдау;
-ЖОО-ның түлектері туралы мәлімет;
-өткізілген ғылыми конференциялар мен семинарлар, ғылыми жарияланымдардың
саны мен деңгейі, және пікірлер бойынша ғылыми әдебиеттер мен оқу әдістемелік,
оқу әдебиеттері шығарылымын талдау;
Мамандарды дайындаудың сапалы компоненттерінің бірі оқу үрдісінің сапалылығы,
«өнімнің өлшемі және мониторингі»деңгейі анықталатын мынадай үрдіс түрінде болып
табылады:
-тұтынушылардың және басқа да қызығушылық танытатын адамдардың қанағаттануы
туралы ақпарат мониторингі;
-Нормативті құжаттарға сәйкес іскерлік сараптаудың барлық түрін өткізу.(ағымдық,
қорытынды, мемлекеттік);
-студенттердің білімдерін мемлекетаралық бақылау арқылы тексеру;
-тәжірибенің барлық түрлерінен іскерлік сараптаудан өту;
-курстық және бітірушілердің жұмысын, магистрлік диссертациясын қорғауы;
-оқу үрдісін ғылыммен, ғылыми-әдістемелік, оқумен қамтамасыз ету сараптамасы;
-сабақ беру деңгейінің, мазмұнының, тәртіпті зерттеудің мониторингісі;
-оқытуда қолданатын құралдар мен технологиялар мониторингі;
-оқыту әдістерінің мониторингісі;
-орындалуының мониторингісі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:
1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты аттыҚазақстан
халқына Жолдауынан. (www.akorda.kz);
2. http://bilimdinews.kz/index.php/item/605-bastauysh-bilim-berudi-zha-a-memlekettik-standarty-
сайты
3. Асқаров Е.С. Сапаны басқару.-Алматы: Экономика, 2013, 241, 284 б.
4. Басовский Л.Е., Протасьев В.Б. Управление качестовом. Учебник –М.: ИНФРА-М, 2000, 212
с
5. http://www.amu.kz/kz/bilim_take_yzmeti/bilim/juesi/-сайты
6. https://tengrinews.kz/zakon/kaz/docs?ngr=V070005111_- сайты
7. http://ya-student.kz/kz/high_schools_and_colleges/basic_information/-сайты
8. Соловьев В.И. ИСО 9001-основа развития качественного системного менеджмента на пути к
органи- зации нового типа// Новости ГОССТАНДАРТА-2012-№2-с.47-50.
9. Петров В.И. ИСО 9001:2015 особенности размышления о новой версии систем менеджмента
качества// Журнал Успех-2014-№3-с.22-25.
10. bankreferatov.kz-сайты
11. Солов В.И. ИСО 9001:2015 особенности размышления о новой версии систем менеджмента
качества// Журнал Успех-2014-№3-с.207
12. https://bankreferatov.kz/menedjment/7680-sapa-menedjment-zhyisy.html
13. http://referat911.ru/Pedagogika/blm-berudeg-sapa-menedzhment-basarudy/217839-2419214-
place1.html
14. https://articlekz.com/kk/article/15485
15. https://edu.mcfr.kz/article/995-qqq-16-m10-06-10-2016-zamanaui-blm-beru-menedjment
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz