Әлемдік ұлттық білім беру жүйелері
Презентация қосу
Әлемдік ұлттық
білім беру жүйелері
Бүгінгі таңда мемлекет болып қалыптасудағы ең басты жүйе –
білім беру жүйесі. Себебі, болашақ өскелең ұрпақтың қолында. Білім
беру әріп танып, жазумен ғана шектелмейді. Жастарға қажеті –
сапалы білім. Ақпараттармен толық танысу үшін, технологияларды
дұрыс меңгеру үшін, әлемдік рейтингте жоғары көрсеткішке жету
үшін де тұрақты білім беру жүйесін орнатуымыз қажет.
Әлемдегі білім беру жүйесінің негізгі модельдері:
Американдық модель: кіші орта мектеп- орта мектеп- үлкен орта мектеп-
екі жылдық колледж – төрт жылдық колледж университет құрамындағы-
магистратура- докторантура.
Француз модель: ортақ колледж- технологиялық, кәсіби және жалпыбілім
беру лицей- университет, магистратура, докторантура.
Неміс моделі: жалпы мектеп- училище, гимназия және негізгі мектеп-
институт және университет, магистратура, докторантура.
Ағылшын моделі: біріктірілген мектеп –грамматиклық және қазіргі мектеп, -
колледж-университет, магистратура, докторантура.
Ресейлік моделі: жалпы білім беретін мектеп- толық орта мектеп,
гимназия,лицей-колледж-институт,университет,академия-аспирантура-док-
торантура
Қазақстандық модель: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия,,лицей-
Әлемдік білім беру жүйесінің тарихына қысқаша шолу
1.50-жылдардың соңында «білімге деген сұраныс жарылысы» деп
белгіленген тұрақты құбылыс пайда болды. Ол бірқатар
факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылды.
Олардың ішіндегі ең бастылары- планета тұрғындарының жылдам
көбеюі, дамыған елдердегі өсуі, ішкі және сыртқы миграцияның
жоғары коэффициенті, жаңа білімдер мен технологиялардың дамуы
мен таралу қарқынының үдеуі, содан кейін қайта құрылулар-
экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени. Осылардың барлығы
жеке және ұлттық деңгейдегі құндылықтар мен басымдықтар жүйесін
өзгертуге себепкер болды.
2. Дамыған елдердің экономикасындағы құрылымдық қозғалыстар
білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер алып келді: жоғары
білімге капиталды салудың едәуір тиімді саласы ретінде танылды
және мемлекет пен корпорациялардың инвестициялық саясатындағы
басым сала қатарына жатқызылды.
3. Білім берудің баламасы жоқ дәстүрлі тәжірибесі «сұраныстың
жарылысы» жағдайында өзінің мүмкіндіктерін жоққа шығарды. 70-
жылдардан бүгінгі күнге дейін жалғасып және тереңдеп келе жатқан
әлемдік білім беру кризисі. Оның негізгі белгілері- білімге деген
қажеттіліктің қарқынды өсуі және оны жүзеге асыру мүмкіндігінен
айтарлықтай ажырауы.
4.Білім беру саласындағы қайғының негізгі себебі- қаржылық
Әлем елдері арасындағы білім беру жүйелерін бағалау бойынша
PISA (Programme For International Student Assessment), TIMSS (Trends In
Mathematics And Science Study) стандарттары қолданылады.
Аталмыш стандарттар бойынша әлем елдері арасында Сингапур,
Жапония, Финляндия мемлекеттері көш бастап тұрса, Еуропаның
өзге елдері де жоғары нәтижемен тізімде алдыңғы орындарда
орналасқан. Өкінішке орай, Қазақстан бұл тізімде соңғы орындардан
көрініп келеді.
Еуропадағы дамыған білім беру
жүйесінің қағидалары
- барлық бала тең құқылы;
- жекеменшік мектептер жоқ;
- сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен
оқулықтар тегін беріледі;
- түскі ас тегін;
- оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын
муниципалитет төлейді;
- мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ;
- мұғалімдерге толықтай сенім артады;
- жемқорлық өте аз;
- табиғатынан кем-тар болып туылған балалар
құрдастарымен қатар отырып білім алады;
- ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру
немесе оқудан шығару сынды құқығы жоқ.
Әлемдік дамыған білім беру жүйесіне мысал
( Финляндия елі)
Финляндияның қазіргі заманға сай білім беру жүйесі толық
мемлекет иелігінде.
Міндетті тегін орта білім 7 жастан бастап 16 жасқа дейінгі
дайындық кезеңін қамтиды (бала 6 жасқа дейін бала бақшада
тәрбиеленеді, одан кейін дайындық сыныбына барады, ал 7
жастан бастап мектепке), негізгі мектеп (1-9 сынып), жоғары
мектеп (11-12 сынып) болып келеді. 9 сыныптан кейін
жасөспірімдер арасында танымал болып отырған бейіндік оқыту
тәжірибеге енгізілген.
Балабақшадан кейінгі кезеңде негізгі мектепте оқушы 16 жыл
бойы білім алады. Мектептегі білім алудың финдік
ерекшеліктерінің тағы бірі - бұндай оқу орындарда
емтихандардың жоқтығында болып отыр. Яғни, бала негізгі орта
мектепті тәмамдағаннан соң да емтихан тапсырмайды. Елде
жеке меншік білім беру мектептері жоқтың қасы - барлық дерлік
мектептер мемлекеттің қарамағында. Әрі мектептердегі білім
беру сапасы біркелкі. Мектепті бітірген оқушы өз білімін одан
сайын шыңдаудың негізгі бағыттарын таңдау мүмкіндігіне,
болашақ мамандықты ажырату құқына ие болады.
Мектепке дейінгі білім
Кез келген 10 айлық бала балабақшаға баруға құқылы. Ол жерде
тамақты тегін алады. Әдеттегі балабақшаға мүгедек балаларды да
қабылдайды. Олар өзге балаларға ілесіп, нәтижесінде жастайынан
өмірге икемделе бастайды. Кейде өмір сүруге қажетті мүшелерін
қалпына келтіреді.
6 жасынан бастап баланы мектепке дайындайды. Ол жерде қажет
болатын қабілеттерді жетілдіреді. Тіпті бастауыш сыныптың
бағдарламасын меңгерте бастайды. Баланы ерекше талант иесі деп
танып, мектепке дейін екі тілді меңгертеді.
Финляндия халқы сәби дүниеге келе салысымен, оған толыққанды
азамат ретінде қарайды. Бірден төлқұжат береді. Ата-аналарға
қоғамдық орындарда баласына дауыс көтеруге тыйым салады.
Тәрбие тек үйдің ішінде берілуі керек сынды қағида қалыптасқан. Ал
қол көтергендері үшін көлемді айыппұл төлетуі мүмкін.
Бұл ел білім саласын дамытуға бүкіл қоғамды
жұмылдырды, мемлекеттік қаржыландыруға ерекше көңіл
бөлінді:
мұғалімдердің айлық жалақысы 17 мың евро (біздің
елдегіден 10-15 есе көп),
оқушылар мен студенттерге стипендия тағайындалды,
оларға тұрғын үй үшін айына 500 евро бөлінеді.
Оқушылардың денешынықтыруы, денсаулығына қамқорлық
жасау, үй тапсырмасын азайту, салауатты өмір салтын
қолдауға көп көңіл береді;
Ең жақсы білікті педагогтар мектепке дейінгі және кіші
жастағылар мектептерінде жұмыс істейді, себебі
мектепке дейінгі білім беру өмір бойғы оқудың бірінші және
анағұрлым маңызды кезеңі болып табылады.
Швейцариялық мектептердің 10 ерекшелігі
1. Сабақ бір жарым сағаттық блоктар бойынша өтеді. Олардың арасында 20
минутқа созылатын үзіліс бар. Бұл уақытта балалар міндетті түрде далаға
шығып, асыр сала ойнайды. Швейцариялық мектептердегі әр сыныптың алдында
өз террасасы бар. Балалар үзіліс уақытында терасаға шығады. Мейлі жаңбыр
жаусын, мейлі күн салқындасын, міндетті түрде үзіліс уақытын сол жерде
өткізеді. Ауа райы ашық күндері мұғалімдер мен оқушылар бірге футбол,
баскетбол, пинг-понг ойнайды. Ал ойын ойнауға зауқы соқпаған балаларды
дәрігер бақылауына алады.
2. Сағат 11:30-нан түскі 13:30-ға дейін түскі үзіліс. Бұл уақытта оқушының
мектепте қалуына не үйге қайтуына болады. Сондықтан балалар мүлдем
шаршамайды. Таңертең сабақ 8:15-те басталып, 16:00-ға дейін жалғасады. Ал
сәрсенбі күні оқу уақыты қысқартылған. Яғни сабақ 11:30-ға дейін ғана
жалғасады.
3. Балалар жазбаша түрде ойын білдіруден қорықпас үшін, мектепте «ұстаз –
оқушы» аталатын пошта қарастырылған. Әр оқушының өз пошта жәшігі болады.
Онда хатын қалдырған оқушыға мұғалім міндетті түрде жауап береді. Бұл әдіс
өте сәтті ұйымдастырылған – таңертең барлық оқушы өз хатын алуға асығады.
4. Сөздік диктант сурет астына жазылады. Яғни оқушы қандай да бір сөзді
білдіретін сурет астына сол сөзді дұрыс жазуы қажет. Осылайша бала сөздің
дұрыс жазылуын суретпен байланыстыру арқылы есте сақтайды. Бұл әдістің
тиімділігі – өте жоғары.
5. Оқушылар баяндама жасаған кезде баланың қалаған әуені қосылады.
6. Математика сабағында мұғалім есептің шығарылу жолын
түсіндірмейді. Бала жиған білімінің негізінде есепті қалай оңай
шығаруға болатынын ойлап табуы тиіс. Мысалы, 48 бен 53-тің
қосындысы неше болатынын тақта алдына шығып, түсіндіреді. Есепті
шығарудың дұрыс әдісі жоқ. Әр оқушы есепті өзіне ыңғайлы әдіс
бойынша шығарады. Яғни өз әдісімен.
7. Оқушылар заттардың барлығын қолмен ұстап көреді. Яғни қоршаған
орта қолмен ұстап, байқап көруге арналған. Оқушылар сабақта бидай,
қарабидай, сұлының дәмін татып көріп, артынан дәндерді үгу үшін
диірменге жол тартты. Ондағы қызметкерлер балалр әкелген дәннен ұн
жасап, таяу арада ол ұннан тоқаш пісіріп, мектепке әкеліп беруге уәде
етті. Ал география қандай жергілікті аймақ сөз болса, мұғалім
оқушыларды айтылған жерге алып барады. «Өз қолымызбен жасаймыз»
сабағына бөлінген уақыт дене шынықтыру сабағымен бірдей. Мектеп
бұл екі пән апта ішіндегі сағат саны бойынша көш бастап тұр.
8. Швейцариялық мұғалімдердің пікіріне сәйкес, қателік – жетістікке
бастар жол. Мұндағы балаларға қателесудің дұрыс екендігін және ол
үшін уайымдауға болмайтынын түсіндіреді. Себебі қателік жіберу
арқылы креативті ойлауға үйреніп, байқап көруден қорықпайсың.
9. Егер оқушы 2 аптадан ұзақ уақыт сабақтан қалса ғана дәрігерден
анықтама талап етіледі. Бірақ мұндай жағдайда бала берілген
Әлем елдерінде оқушының білімін бағалау түрлері
Венгрия, Югославия және Чехословакия елдерінде “Бес” баллды жүйе
қолданылады. Венгрия мен Югославияда “Бес” жоғары, “Бір” төмен баға, ал
Чехославакияда “Бір” жоғары, “Бес” төмен баға болып қойылады.
Румыния, Голландия, Ауғанстан мектептерінде оқушыларға 1 – ден 10 – ға дейін
қойылады. 10 – өте жақсы, 1 – өте жаман, ал сыныптан сыныпқа көшіру 5, 6
сандық белгілермен бағаланады.
Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 баллдық жүйе бойынша, ал
лицейде 20 баллдық шкала арқылы баға қойылады.
АҚШ – да оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А, В, С жақсы, Д, Е
жаман баға. Көптеген оқу орындарында бір жастағы әртүрлі дарынды оқушылар
топтарға бөлінеді: А – дарынды, В – қарапайым, С – қабілетсіз.
Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың басқа формалары
қолданылады, оны мадақтау деп атайды. Мұғалім оқушының жауабын тыңдап
болған соң оған: “бүгін сенің жауабың өткенге қарағанда әлде – қайда жақсы
және тыңғылықты, мақтауға тұрарлық. Жарайсың !” дейді. Бірақ, оқушыларға
баға қойылмайды. Өйткені, материалды игеруді есепке алу үшін логикалық
есептер жүйесін және әртүрлі тесттер қолданылады, оларды мұғалім жасайды.
Тесттер бойынша оқушылардың жауабын 10 – нан 100 ұпайға дейін бағалайды.
Оқу жылының аяғында оқушыларға мінездеме жазылады, онда әрбір оқушының
ұпай саны алынады.
Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме беру
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz