Лабораториялық жұмыстар


Slide 1

Ғылыми зерттеу жұмысы, мақсаты мен ерекшеліктері, әдіснамасы.

Орындаған:Бексұлтан Айдана

Тобы:209А

Қабылдаған:Хамзина Роза

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе;

Ғылыми зерттеу анықтамасы;

Ғылыми зерттеулдің түрлері;

Ғылыми зерттеу салалары, жіктелуі;

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы;

Қорытынды;

Пайдаланған әдебиеттер.

Slide 3

Ғылым дегеніміз не?

Ғылым дегеніміз - дүниені танудың қайнар көзі.

Ғылым дегеніміз - табиғат, қоғам, қоршаған орта туралы ойлау мен білім туралы жаңа білімді дамыту мен жүйелеуге бағытталған адам қызметінің саласы.

Slide 4

Ғылыми-зерттеу жұмыстары дегеніміз не?

Ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) - қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылымды негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.

Slide 5

Ғылыми зерттеулер мына түрлерле жіктеледі

Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан(

қаржыландыру көздеріне байланысты;

мақсатына байланысты;

халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты;

зерттеу ұзақтығына байланысты;

Slide 6

Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан

Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі: жаңа технологиялық үрдістер, машиналар, құрылыстар, өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек шартының жақсаруы, жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б.

Slide 7

Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер:

Мемлекеттік бюджетті ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.

Өндірісті-келісімділік зерттеулері өндірісті келісім-шарт негізінде тапсырыс беруші мекеме қаржыландырылады.

Қаржыландырылмайтын зерттеулер келіссөз туралы келісім-шарт негізінде орындалады.

Slide 8

Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:

Бастамалы зертеулер табиғаттың жаңа заңдары мен принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.

Қолданбалы зерттеулер табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.

Өндірулер - адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде ғылыми білімнің қолданылуы.

Slide 9

Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі:

Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Жобалы-құрастырушылық жұмыстар логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.

Slide 10

Өндірулер

Қолданбалы және бастамалы зерттеулер нәтижесінде жаңа ғылыми және ғылыми-техникалық ақпарат қалыптасады. Мұндай ақпаратты өндірісте пайдалануға бағытталған мақсатты үрдіс өндірулер деп аталады. Бұл - жаңа техника, материал, технология немесе олардың дамуына бағытталады.

Өндірулердің соңғы мақсаты қолданбалы зерттеу материалдарының өндіріске енуін қадағалау.

Slide 11

Ғылыми зерттеу жіктелуі. Салалары

Ғылымның жіктелуі - белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.

Қазіргі кезде таным сферасына, пәніне және әдісіне байланысты ғылымдар бөлінеді:

табиғат туралы - жаратылыстану;

қоғам туралы - гуманитарлық және әлеуметтік;

ойлау және таным туралы - логика, гносеология, герменевтика және т. б.

Slide 12 Slide 13

Ғылыми кадрларды даярлау және пайдалану жүйесі

Магистратура

Аспирантура

Докторантура

Диссертация қорғау

Квалификация өсіру

Стаждау

Slide 14

Магистратура

•Магистратура - жоғары кәсіби деңгей, ол терең кәсіптік мамандануды білдіреді.

•Магистратураға түсе отырып, студент өзінің бұрынғы мамандығы бойынша оқуға немесе жаңа бағытты таңдауына қарай екінші мамандық алуды жалғастыра алады.

•Магистратураны сәтті аяқтағаннан кейін магистр магистр дәрежесі бар мемлекеттік дипломмен марапатталады.

Slide 15

Аспирантура

•Аспирантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғалым-педагог, т. б. ғылыми мамандар даярлау бөлімі.

•Аспирантурада білім алу іштей 3 жыл мерізмінде және сырттай 4 жыл мерзімінде ұйымдасытырылады. Іштей аспирантураға 35 жасқа дейінгі мамандар, ал сыртқы аспирантураға 45 жасқа дейінгі мамандар қабылданады.

•Сондай-ақ аспиранттарға диссертациялық жұмыстың тақарыбы бекітіліп беріледі.

Slide 16

Докторантура

•Докторантура - білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

•Докторантураға конкурс негізінде кемінде 1 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

•Докторантураны бітірген соң докторлық диссертация қорғалады.

Slide 17

Диссератция қорғау

•Диссератция қорғау-ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғауға даярланған ғылыми еңбек; ғылыми дәреже алу үшін міндетті әдеби және ғылыми тақырыптарға жазылған шығарманы көпшілік алдында қорғау жүйесі.

Slide 18

Мамандықты жетілдіру

Квалификацияны өсіру - Ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа заманғы жағдайларында өте маңызды міндет соңғы ғылыми, техника мен мәдениет жетістіктері нәтижелері бойынша мамандар білімін жүйелі толықтыру болып табылады.

Стажировкадан өту

Басты және де басқа ірі жоғары квалификациялы ғылыми кадрлары бар жерлерде аталған сала бойынша квалификациялы мамандарды қажет ететін, ЖОО-қызметкерлері жіберілетін, стажер-оқытушылар дайындау бекітіледі.

Slide 19

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының қазіргі мағынасы екі өзара байланысты элементтен тұрады:

Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасады - бұл жұмысты енгізудің ең басты факторы жас мамандарды жаңа заманға сай, жаңа технологиямен таныстыру болып табылады.

Зерттеу еңбегінің элементтерін студенттерге оқыту, осы еңбекке баулу;

Студенттердің профессорлар мен оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын жеке ғылыми зерттеу жұмысы.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Мектептік оқыту формалары
Практикалық тапсырмалардың түрлері, орындау тәсілдері
Сабақта мұғалім
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын жаңа мазмұнда ұйымдастырудың мәні
Картоп дақылы тұқымын өндіру, отырғызуға даярлау шаралары
Бағдарлама нәтижесін алу
Сыныпта тыс жұмыстар
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІ
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстары
Оқыту әдісі мен тәсілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz