Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер


Slide 1

South Kazakhstan Medical Academy

«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ

Фармакогнозия кафедрасы

Презентация

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

Орындаған:Ережеп Б

Тобы: С-ФҚ-01-20

Қабылдаған:Ахан. А. А

Шымкент - 2021ж.

Slide 2

1. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

2. Споралы өсімдіктердің таралуы

3. Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктің түрлері

а) Қырықжапырақтектестер

б) Қырықбуындар

в) Плаундар

г) Мүктәрізділер

4. Қорытынды.

Жоспар:

Slide 3

Споралы өсмдіктер - негізінен жынысты немесе жыныссыз жолмен түзілетін споралар арқылы көбейіп, таралатын өсімдіктер. Төменгі сатыдағы споралы өсмдіктер (саңырауқұлақтар, қыналар, балдырлар) жыныссыз көбеюі өз еркімен қозғалатын зооспоралармен және ондай қозғалысқа қабілетсіз апланоспораларымен, спорангиоспораларымен; жынысты көбеюі - зигоспоралармен, ооспоралармен; вегетативті көбеюі де споралармен (оидиялар, гемма, хламидоспоралар) жүзеге асады. Кейде споралы өсмдіктердің көбеюі вегетативтік денесінің бөліктерімен де жүзеге асады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің (мүктер, қырықбуындар, плаундар, қырыққұлақтар) жыныссыз көбеюі арнайы органдардың - спорангиялардың ішінде пайда болатын спорангиоспоралар арқылы жүреді.

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

Slide 4

Әлем: THALLOBIONTA - Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер

Бөлім: POLYPODIOPHYTA - Қырықжапырақ тәрізділер

Класс: LIGNOPTERIDOPSIDA - Тұқымды қырықжапырақ

Тұқымдас: EQUISETALES- Қырықжапырақтар

Туыс: EQUISETACEAE - Қырықжапырақтылар

Түр: EQUISETUM ARVENSE - Дала қырықбуыны

Систематикасы:

Slide 5

- жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен.

Қазіргі кезде 10 000-нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана (басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі. Суда өсетіндері де бар. Аустралия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.

Slide 6

Қырықжапырақтылар - тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі - усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы - тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақтарынан төмен қарай - қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жерүсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамырсабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамырсабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетелі.

Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады:

фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;

споралар түзіліп, көбеюге қатысады.

Slide 7

Қырықжапырақ - LIGNOPTERIDOPSIDA

Slide 8

Әлем: THALLOBIONTA - Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер

Бөлім: EQUISETOPHYTA - Қырықбуын тәрізділер

Класс: EUQISETOPSIDA - Қырықбуындар

Туыс: EQUISETUM - Қырықбуын

Түр: E. arvense - Далалық қырықбуын

Систематикасы:

Slide 9

Қырықбуын - қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы.

Жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері, көбеюі

Қырықбуынтәріздестер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлі болған. Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.

Қазіргі кезде кездесетін қырықбуын туысы жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседі. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі - далалық қырықбуын. Ол - ұзын, тармақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптекті өсімдік. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен. Көктемгі өркендері ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады.

Slide 10

Қырықбуындар плаундар секілді өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі - тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Ал споралар тобы спорангийлерде орналасады. Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бүр деп аталады. Спора түзетін масақтарында көптеген споралар пісіп жетіледі де жерге шашылады. Споралардың барлығының мөлшері бірдей болғанымен, физиологиялық жағынан әр түрлі. Бір споралардан - аталық өскіншелер, ал екіншілерінен аналық өскіншелер жетіледі. Осы өскіншелерде жынысты көбею жүзеге асады. Аталық өскіншеде - аталық жыныс мүшесі, аналық өскіншеде аналық жыныс мүшесі жетіледі. Аналық және аталық жыныс жасушалардың қосылуы нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтан қайтадан жас қырықбуын өсімдігі жетіледі.

Қырықбуынтәріздестер өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі болып табылады. Сабағында буындар мен буынаралықтары өте көп болғандықтан, өсімдік «қырықбуын» деп аталған. Қырықбуынтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде ағаш тәрізді орман түзген.

Қырықбуын - ылғалды топырақ өсімдігі. Көбірек таралған өкілі - далалық қырықбуын. Қырықбуындар көпжылдық, қатқыл сабақты, тамырсабағы дамыған шөптекті өсімдіктер болып табылады. Қырықбуынның жаздық және көктемдік өркендері болады. Жаздық өркенде фотосинтез үдерісі жүріп - өсу, ал көктемгі өркені көбею қызметін атқарады. Көбею суда өтеді. Өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Қырықбуындар - дәрілік өсімдіктер, улы түрлері де бар

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14

Бөлім:BRYOPHYTA- Мүктер

Класс:BRYOPSIDA-Нағыз Мүктер

Класс тармағы:Sphagnidae-сфагнум

Тұқымдас:Sphagniасеае

Туыс:Sphagnum-шымтезек мүгі

Систематикасы:

Slide 15

Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі

Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000-нан 27 000-ға дейін түрлері бар.

Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тауардың, жартастардың бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тіпті терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында жоғары сатылары өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» (грекше «брион» - мүк, «логос» - ғылым) дейді

Slide 16

Мүктәріздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетелі. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.

Slide 17

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуы ұрықтық және ұрықтан кейінгі кезеңдерден тұрады. Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтар - спора арқылы көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармағына мүктәріздестер, плаунтәріздестер, қырықбуынтәріздестер, ашық тұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері жатады.

Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі: көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі - спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік. [

Slide 18 Slide 19

Плаун - плаунтәрізділер класына жататын мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер. Көпшілік түрлері Солтүстік жарты шарда кездеседі. Қазақстанда орманды жерлер мен қара топырақты аймақтардағы шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда өсетін 5 түрі бар. Олардың ішінде жиі кездесетіні - шоқпарбас Плаун (Лyцоподіұм цлаватұм) . Сабағы төселмелі, ұзындығы 150 см-дей, көп бұтақтары осы сабақтарынан өседі, олардың ұшында споралары жетіледі. Жапырақтары жіңішке, таспа немесе ланцет тәрізді, масақшалары көп, ұзын, тығыз орналасқан, спорангийлі спорофиллалары бар. Споралары арқылы немесе вегетативті түрде көбейеді. Споралары көп, ұнтақталған ұсақ, май сияқты, сары сұр түсті. Олар шілде - тамыз айларында пісіп жетіледі. Плаун спорасының құрамында 50%-ға дейін кеппейтін май (олеин, стеарин, пальмитин, арахин), қышқылдар, алкалоидтар, клаветин, клаватоксин, никотин бар. Плаундар - улы өсімдіктер, олардың спораларын (ликоподийларын) медицинада, ветеринарияда дәрілік препараттар алу үшін пайдаланады. Алтай мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында ғана өсетін, өте сирек кездесетін - таңдамалы Плаун (Л. селаго) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Тірі организмді классификациялау ерекшеліктері
«Бір жасушалы балдырлар»
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР
Плаун тәрізділер класы
Жабық тұқымды өсімдіктер
Алқа тұқымдастар - кіріккенкүлтелі өсімдіктер
Қырықбуындар класы
Алқа тұқымдастары
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz