Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
Презентация қосу
Көнерген сөздерді
шығармалармен байланыста
оқыту
Зерттеу өзектілігі. Тарихи жанрға жазылған шығармаларда негізгі
информативтік және көркемдік (стильдік) қызмет атқаратын тілдік
құралдардың бірі көнерген және тарихи сөздер болып табылады. Олар
тарихи шындықты дәлірек беруде түрлі сипаттамалық
(характерелогический) қызмет атқарады. Мұндай жағдайда көне
сөздердің, әсіресе көркем образ тудырудағы, кейіпкерлерге тілдік
мінездеме берудегі т.б. көркемдік қызметтері жүзеге асырылады.
Сонда ғана өткен дәуірде өмір сүрген ата-бабаларымыздың тыныс-
тіршілігі, ой ағымы, сөйлеуі, тілі айқын көрінеді. Өйткені, тарихи
шығарма өңін келтірер стильдік құралдар – көнерген сөздер.
Зерттеу мақсаты. Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста
оқытуды сипаттау.
Зерттеу міндеттері:
Көнерген сөздер ұғымына түсінік беру;
Көркем шығармаларда көнерген сөздердің қолданысына сипаттама
беру;
Ілияс Жансүгіровтың шығармаларында кездесетін көнерген сөздерге
талдау жасау.
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі
қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында
сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер
көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу
сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды.
Көнеру дәрежесі бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу,
кежеге – кежегесін кейін тарту)
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер
(бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді
Мəтін, оның ішінде көркем мəтін — мағынасы
көмескіленген көнерген сөздерді өмірге қайта
əкеліп, қайта тілдік қолданысқа шығаратын тұтас
бір лексика-семантикалық бірлік. Кейде тіпті
мəтіннің өзінде көнерген тұлғаның мағынасын тек
сөздік арқылы ғана түсінетін жайттар болады.
Сондықтан көркем тілдегі көнерген тұлғалардың
этнолингвистикалық сипатын талдап, танудың
маңызы зор.
І.Жансүгіров шығармаларында қазіргі тіл тұрғысынан көнерген сөздер деп
танылып отырған элементтер өз заманында актив лексика болғанымен,
әлеуметтік – қоғамдық жағдайларға байланысты пассив лексикаға
айналған. Ақын көнерген сөздерді шығармаларының тарихилығын
арттырып, заман шындығын нанымды көрсету мақсатында арнайы
қолданады. Ақынның 1915 – 1916 жылдары жазылған алғашқы
өлеңдерінің бірі «Қазақ үйдің тұрмысы» атты өлеңінен көнерген сөздер
мен кірме сөздерді молынан кездестіруге болады.
І.Жансүгіров шығармаларында көнерген сөздер, оның ішінде архаизмдер
қатарына жататын жоғарыдағы тақырыптық түрлерінің біршамасы
кездеседі. Мәселен, мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер:
Ілініп ханның байлау, матауына, Азат бас айналды оңай ата құлға. Күйшіні
ертіп келіп есік ашты, Мақпал бау, манат ойған отауына. («Күйші»)
Мақпал – тығыз тоқылған, түкті,жұмсақ,қалың мата, барқыт; манат –
барқыт тәрізді сырткиімдік бағалы шұға. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты
архаизмдер: Қойшыға мен мінгізіп қояр едім, Семіртіп мен соғымға сояр
едім. Кемпірдің азасына әкеп салып. Бата оқып, ет, қымызға тояр едім.
Ə.Тəжібаев шығармаларында кездесетін көнерген сөздер көнеру
дəрежесінің үш түрін де қамтиды. Ақын тілінде бұл категориялы
бірліктер халықтың жүріп өткен өзіндік дара жолын бейнелеп, қазақ
ұлтының мəдениетін, ділін танытуда қызмет етеді. Сөздердің көнеру
сипаты этнографизмдер құрамында көп орын алған. Себебі
этноатауларда адамзаттың өткен тарихы мен өмір сүру ерекшелігі
терең сақталып қалған.
Ə.Тəжібаев шығармаларындағы киім атауларының бірді-екілісі
қазіргі күнде лексикамызда көп қолданылмайтын пассив қордағы
сөздер болып келеді. Олар:
Əне шал бар өмірі құлдықта өткен,
Үстінде шидем шекпен, қолда кетпен.
Шидем шекпен тіркесі «Абай тілі сөздігінің» түсіндірмесінде, «қой
жабағысын сыртынан шекпенмен қаптаған күпі» болса, «Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде» «түйе жүнінен тоқылып, астарланып, тігілген
жеңіл сырт киім» деген анықтама берілген. Яғни, қалай болғанда
да,«шидем шекпен» мал жүнінен жасалған, суық өткізбейтін жеңіл де
ыңғайлы киім болған.
А. Сүлейменов шығармаларында бүгінде ұмыт болған жəне сирек
айтылатын ұлттық түрдегі жастардың бас қосуы жəне ойын атаулары
кездеседі.
Мысалы, Деуін деді, бірақ қоламтаның бір түйірі түскендей көмейі күйді,
бетпақ шоқты шала қарпып ұртқа шығарып шайнап та жіберді, шайнап
жіберіп ұрын барғандағы жасын да есіне түсірді – жиырма беске, қайта
айналып келмейтін қандай алау жиырма беске бірі ғана жетпейтін жиырма
төрт. ...Көп көріп барып түйгені: əннің басын сол сыңсуға өкпе пісердей
уақыт қалғанда жіберген жақсы.
Асқар Сүлейменов шығармаларындағы этнографизмдер - ұлттық нақышты
танытатын, қазақ ұлтына тəн ерекшеліктерді, оқиға орын алған,
кейіпкерлердің қоғамдық ортасын сипаттайтын бірліктер ретінде танылады.
Мұндай этноатауларға қоғамдағы материалдық құндылықтар да жатады.
Олардың атаулары тілге де, мəдениетке де ортақ. А. Сүлейменов
шығармаларындағы заттық негіздегі лексикаға қатысты, киім атаулары,
ыдысаяқ атаулары бір жағынан ұлттық нақышты көрсететін бірліктер болса,
екіншіден кейіпкер бейнесін ашуда да өзіндік қызметтер атқарады. Мысалы,
Ғұмыр бойы сабаның пұшпағын илеп өскен адамның пайымдылығын тағы
көрсетіп еді – қос зеренге ернеулетіп толтырғанда, лықылдап құйылған
қымыздан бір тамшы да ысырап болған жоқ.
Тіліміздегі этнолингвистикалық бірліктер халықтың ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық болмысын, өзіндік салт-дəстүр, əдет-ғұрпын, дүниеге
көзқарасын, таным-түсінігін аңғартады. Тіл өз халқының тұрмыс-
салтымен тығыз байланысты. Осындай тілдегі ұлттық айшықты танытатын
тұлғалар көркем шығармаларда жазушы шеберлігіне байланысты əр түрлі
формада, əр түрлі стильдік мақсатқа орай жұмсалған. Қаламгер
кейіпкерлерінің таным-түсінігін, дүниеге көзқарасын көрсете отырып,
қазақ ұлтына тəн ерекшеліктерді аңғартқан.
Көркем шығармаларда көрініс тапқан əдет-ғұрыпқа, салт-дəстүрге қатысты
тілдік құралдар ескі қазақ ауылындағы халықтың күнделікті
тұрмыстіршілігін шынайылықпен əсерлі бейнелейді. Кейде ояз
бастықтарына, кейде приставтарға еріп болыс сайлауларына, жер дауы,
жесір дауларына бой жаза барғанда талай көрген... ...Жаңа байқады –
жалаңаяқ мына солдаттың дастарқан деп жайғаны бір жібі жібек кере
құлаш сарғыш шəлі екен.
Назарларыңызға
Рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz