Қазақ халқының ерлігі



Тақырыбы: Отанды қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерлігі

Қазақ халқының ерлігі. Батырлар ерлігі.
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады.
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау - ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екендігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.

Ту ұстаушы батырлар (Құттымбетұлы Наурызбай, Қожағұлұлы Қабанбай) Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлер. Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарлы, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан болса керек .
Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман - Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді.

Бөгенбай Батыр Қанжығалы Бөгенбай (1680-1778) - қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойында туған. 18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы болғандықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Бөгенбай батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан, батырлар әулетінен шыққан.
Райымбек Хангелдіұлы (1705-1785) Ұлы жүздің албан руынан шыққан белді батыр, жоңғарларға қарсы аззаттық күресті ұйымдастырушылардың бір. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т. б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті.
Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1691-1769) - әскери қолбасшы, даңқты батыр, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жетекшілерінің бірі. Қазақтардың ірі жауынгерлік жасағын басқарған. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. Соғыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Абылай хан Қабанбайды Дарабозым, яғни “білеген Айға білеген батырым” деп атаған.
Есет Көкіұлы, Тама Есет (1667-1749) Кіші жүзден шыққан батыр, әскербасы, тама руының старшыны. Кейінірек ол патша үкіметінің тарапынан тархан атағын алған. Қалмаққа қарсы азаттық күресті ұйымдастырушыларының бірі. Есет батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін ел болып бірігіп, жоңғарларға алғашқы алапат соққы берген Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерткен Ұлы жеңіске өз үлесін қосады. Ал тарихи бетбұрыс жасаған Аңырақай соғысында ол Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болады.

Қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына сүйіспеншілікпен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп, отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қылып, азаттық жолын қалады. Ата-баба салты - тарихымыздың үлесі халқымыздың баға жетпес мұрасы.
Қазақ халқы ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген қасиет тұтқан ел. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған еді. Оны Қазыбек би: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дей отырып, қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын сипаттаған еді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz