МӘДЕНИЕТ РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ


Slide 1

Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы

Орындаған Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау мамандығының 1-курс студенті Махамбетова Наргиза топ -101

Тексерген: Аманиязова Бағдагүл

Slide 2

Жоспар:

1. Мәдениет

2. Материалдық және рухани мәдениет

3. Мәдениетаралық коммуникация және конфликт

4. Дін және мәдениет

Slide 3

Мәдениет

Мәдениет - адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.

Мәдениет деген сөз қазақ тіліне араб тілінен енген. О баста арабтың маданият деген сөзі “қала”, “қалалық” деген ұғымды білдірген.

Мұның өзі орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениеттанушылардың атап көрсеткеніндей мәдениетке берілген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. “Мәдениет” ұғымын талдауды мәдениеттанушылар көне заманнан бастайды. Көне заманда мәдениет “жерді өңдеу” деген ұғымды білдірген.

Slide 4

Материалдық және рухани мәдениет

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі - рухани мәдениет, екіншісі - материалдық мәдениет.

Рухани мәдениет- музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды.

Материалдық мәдениет-Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", - дейді. Бұл - мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.

Slide 5

Мәдениетаралық коммуникация және конфликт

Мәдениаралық коммуникация - мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер (жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы байланыстар негізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара алмасу процесі. Кейде мәдениаралық коммуникация жайлы сөз еткенде "мәдениеттер диалоги" және "өркениеттер диалогы" ұғымдарын қолданады. 1990- шы жылдарда мәдениаралық коммуникация мәселелері индивидуалистік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени бағдарлар аясында қарастырыла бастады. Мәдениаралық коммуникация барысында әртүрлі мәдениет өкілдері осы мәдениетке тән ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарым-қатынастарда түсініспеушілік пен ыңғайсыздық жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді. Кейбір әлеуметтанушылар ұжымдық және индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыларын біріктіруге үміттене отырып, жеке тұлғаның шексіз еркіндігі мәдениеттің әлеуметтік бұйымын бүлдірмеуі үшін қоғам игілігіне индивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты тепе-теңдестіруге тиісті коммунитаризм тұжырымдамасын жасауға тырысады. Осылайша, мәдениеттер өзара ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдениаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация зерттеулеріне түрткі болған - мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогы негізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық ұйымдар, саяси көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар көп қолданады.

Slide 6

Конфликт - (лат. тіл. conflictus- қақтығыс) - күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.

Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясының мазмұны
Мәдениет тілі
Коммуникациялық рәміздерді семиотикалық талдау
МӘДЕНИЕТ РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘДЕНИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Мәдениет тілдері
Мәдени код сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің рөлі
Мәдени код
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
МӘДЕНИЕТТІҢ ЭТНИКАЛЫҚ РӘМІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz