Қазақстан Қытай қатынасы



Қазақстан Қытай қатынасы
Орындаған: Жандилдин Хангерей Шыңғысұлы
Визуалды өнер 101 топ

Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы - 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда.

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы
Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 2008 жылы 12, 24 млрд, АҚШ долларын құрап, 2007 жылмен салыстырғанда ширек ұлғайған (9, 2 млрд. долл. АҚШ) . Қазақстанның Қытаймен сауда теңгерімі 2008 жылы жағымды әсер құрап және Қазақстаннан Қытайға тауар экспорты 1, 7 есеге импорт көлемінен артқан.
2008 жылы экспорт 37% өсіп және 7, 7 млрд. АҚШ долларын құрады, экспорттың 66% кең экономикалақ санат бойынша жіктеуге сәйкес келетін шикізат тауарлары құрады. (КЭЖ) ҚР Қытайға шикізат экспортының құрылымы келесідей түрде көрініс алады: 53% - шикі мұнай өнімдері, 8% - кен мен темір қосындысы, хром, жез, 5% - басқалары. 2008 жылы Қытайға Қазақстанның жалпы экспорт көлемінің 90% аса азғана құрайтын тауарлар 1 кестеде ұсынылған.

Қытайдан Қазақстан импорты 2008 жылы 31% және 4, 6, АҚШ долларын құрады. Импорттың тауарлық құрлымы айтарлықтай диверсифицирленген (тауардың 58 тобы шамамен импорттың жалпы көлемінің 50% құрайды) . Импортталушы өнімнің 99% өнделген тауарды құрайды; 1% - шикізат өнімді құрайды.
2008 жылы Қытайдан Қазақстан импорты мұнайгазқұбырларының(23%) мұржалары орын алды. Сонынан ілесе басқа да бұрғылаушы және жол машиналары (3%), қара металдан өзгеде металды құрастырушылар (1, 6%) . Қытайға импортталатын негізгі өнім номенклатурасы 3 кестеде көрсетілген.
Алайда ресми статистика тіркелмеген сауда деп аталатын, ағымды қоспайтынын атап өту қажет. Осы сауда, ағымы төлемдік теңгерімде ескерілетін, тек «желқайық саудалар» есептемелерінде ғана көрініс табады және 2007 жылға шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды
Сонымен бұл, ағымдар ресми статистика көрсететін қапталды толығымен көрсетеді. Басым көбінде тұтынушылық импортталады (өнделген тауарлар), ал экспортталатындар - шикізаттар (метал сынықтары, өнделмеген ауылшаруашылығы өнімі)

Бүгінгі Қытай тарихнамасындағы біздің тақырыбымызға қатысты, яғни ҚХР-ның Орталық Азияға қатысты жүргізген дипломатиялық саясаттарының кейбір түстары Ян Фучаңның «Қытайдың қазіргі заман дипломатиялық тарихы», Ma Дачжэн мен Фэн Чишыдың «Орталык Азиядағы бес мемлекеттің Очеркі», Чжао Чаньсиньнің «Орталық Азиядағы бес мемлекет және Қытайдың батыс бөлікті қауырт игеруі», Сунь Чжанчжыдың «Орталық Азиядағы бес мемлекеттің сыртқы қатынастары», Син Гуанчэннің «Қытай және Орталық Азия» атты еңбектерінен кездестіреміз. Ал ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің «Шанхай бестігінің», артынша «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерінің негізгі тұстары Чэн Миншань мен Хэ Сицюаньнің «Аймактық кауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыздандыру - «Шанхай бестігіндегі» ынтымақтастыққа баға беру», Дин Пэйхуаның «Шанхай бестігінің даму негіздері туралы теория», Ван Цзиньцунның «Шанхай бестігінен Шанхай ынтымақтастық ұйымына дейінгі өтпелі кезеңнің тарихи маңыздылығы» сияқты ғылыми мақалаларында қарастырылған. Аталмыш еңбектердегі қытайлық зерттеушілердің Орталык Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыздандыру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлеріне, Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің экономикаларының өзара үйлесімді дамуы мен олардың арасындағы көлік қатынасының дамуына назар аударғандығы, аймақтағы алпауыт мемлекеттер арасындағы алауыздықтарға баса көңіл бөлген Батыс зерттеушілерінің еңбектерінен ерекшелендіре түседі.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, оны жүзеге асыру барысындағы кездескен қиыншылықтары мен жетістіктерінің бір қатар тұстары Ж. У. Ибрашевтың, Қ. Е. Байзақованың, К. Қ. Қожахметовтың, Ф. Т. Кукееваның және т. б. еңбектерінде қарастырылған. Қытайдың елімізге ұстанатын сыртқы саясатының принциптері, стратегиялық басымдылықтары және олардың екі ел қарым-қатынастарына тигізетін әсері туралы қызықты да маңызды мағлұматтар саясаи ғылымдарының докторы, қоғам кайраткері, дипломат Қ. С. Сұлтановтың еңбектерінен кездестіреміз.
Орталық Азиядағы Қытайдың дәстүрлі дипломатиясын, Цинь империясының қазақ хандықтарымен қарым-қатынасын, оның сыртқы саясатындағы әдет-ғұрыптарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосқан қазақстандық қытайтанушы-ғалым К. Ш. Хафизованың еңбектері мен кептеген мақалалары саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастык саласындағы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделегенін атап айтуға тұрады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz