Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары


Slide 1

Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары

Дайындаған Аманкелді Гүлдаурен

Тексерген: т. ғ. к аға оқытушысы Ғанибаева Жайдарман

Мамандық: Азық-түлік технологиясы 103-топ

Slide 2

Ядролық қарусыз әлем

Еліміз егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болғалы да ширек ғасырдан асып барады. Осы уақыт аралығында Қазақстанның әлем елдері арасында беделі артып, ішкі даму сатыларында да талай биіктерді бағындырғанын көз көрді, көңіл сенді. Бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік етті, ауқымды іс-шараларды абыроймен атқарып шықты. Ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағыттағы атқарған істерінің орны бөлек екені шындық, соның ішінде халықралық кеңістікте әлем елдерін бейбітшілікке шақырып үн қатуы адамзат баласының алдағы тағдыры үшін аса маңызды бастама болатын. Елішілік қатынастарда, сондай-ақ сыртқы саясатта да осы бастамасын сөзімен де, ісімен де жандандыруға бар күшін салды.

Slide 3

Ядролық қару қай елдерде бар?

Ядролық қару аты қорқынышты. Алайда мұндай қаруы жоқ елдер бар елдерге «мықты» деп қарайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, қаруы бар елдердің де көңілі тыныш отыр деп ешкім айта алмайды. Шындығына келгенде жаппай қырып-жоятын тажалды өндіріп, сақтап орасан зор шығындарға батып отырып та тыныштығыңды сатып ала алмайтының белгілі болды. Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады. Бұл ресми мойындалмағанмен, әлемдік қауымдастықтар бұл мемлекеттің өзі құрастырып дайындаған қарулары бар дегенге меңзейді. Айта кетер тағы бір жайт, бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған.

Slide 4

Ядролық қарусыз әлем

Ел ішінде ұлтаралық татулыққа дем бере отырып, Тәуелсіздік алғанға дейінгі қалыптасқан жағдайды бірден өзгертуге әрекет жасамады. Есесіне мемлекет құрушы ұлттың ұзақ уақыттағы арман-тілегін жүзеге асыруды ұзақ мерзімді даму сатыларына негіздеді. Қазақы ұғым-түсінік тұрғысынан алғанда «батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатын» заңдылығын ұмытқан жоқ, қарапайым халықтық философияның түйінді тұсын алыс мақсаттарға арқау ете білді. Бірнеше ғасырға созылған бодандық езгіден есеңгіреген елдің болашағын тыныштықпен байланыстырды. Қару тұрған жерде тыныштық болмайтынын тереңнен түсінді, сөйтті де ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Басқасын айтпағанда жаңа заманаға сай экономикасы мен қорғанысы жағынан да дербес саясат жүргізіп көрмеген Қазақстанның сол тұстағы жағдайы қорғансыздың күнімен бірдей еді. Сондай бір сындарлы тұста қолда бар қарудан бас тарту аса үлкен ерлік пен болашаққа деген көреген сенімді қажет ететін еді. Н. Назарбаевтың алапат қарудан бас тарту шешімін сол кезде көпшілік үшін аса түсінікті болмағаны да шындық. .

Slide 5

Қазақ елі - ядролық сынақ зардаптары

Кеңес Одағы артынша Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды. . .

Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2, 5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы.

Осы 40 жыл уақыт аралығында бас-аяғы 470 ядролық қару сынақтан өтті. Оның 118-і жер үстінде болса, қалған 352-сі жер астында өткізіліпті.

Slide 6

Қазақ елі - ядролық сынақ зардаптары


Ұқсас жұмыстар
Семей жерінде
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қауіпсіздік мәселелері контексіндегі конфессионалдық саясаты
Ядролық қару жаппай қырып - жою қаруы
Республикасының бітімгерлік миссиясы
Республикасының бейбітшілік миссиясы
Қазақстан ядролық қарусыз аймақ болу жолында
Ядролық қару
ҚАЗАҚСТАН ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ
Назарбаев сол бірегей тағдырды еншілеген тұлға
Қазақстан - Ресей байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz