СЫЗБАДАҒЫ КӨРІНІСТЕР




Презентация қосу
СЫЗБАДАҒЫ КӨРІНІСТЕР

Орындаған : Қабытаев Алтынбек
Көріністер
Көрініс деп бақылаушыға қараған нəрсе бетінің көрінетін кескінін айтады. Көріністер
негізгі, қосымша жəне жергілікті болып бөлінеді. Негізгі көріністер. Мемлекеттік
стандарт жоғарыда айтылғандай алты негізгі көріністі белгілейді (167-сурет) Заттың
фронталь проекциялық жазықтығында сызылатын кескінін алдыңғы көрініс деп
атайды.
Бұл көрініс сызбада басты көрініс ретінде қабылданады, сондықтан оны басты көрініс деп
атайды. Басты көріністі таңдағанда, жоғарыда атап өткендей, нəрсенің өлшемдері мен
пішіні туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беріп қана қоймай, сонымен бірге
сызбада басқа көріністердің ұтымды орналастырылуы қамтамасыз етілуге тиіс екені
ескерілуі керек.
Горизонталь проекция жазықтығындағы кескінді үстіңгі
көрініс деп атайды. Нəрсенің үстінен қарағанда
жазықтықтағы кескін бейнеленеді. Бұл көрініс басты
көрініспен өзара байланыста орналасады.
Профиль проекция жазықтығындағы кескін сол жақ көрініс
деп аталады. Бөлшектің сол жағынан көретін көрініс –
кескіндегі басты көріністің оң жағына орналасады.
Қосымша көріністер

Негізгі проекция жазықтықтарына параллель емес жазықтыққа кескінделген
көріністі қосымша көрініс деп атаймыз. Бөлшектің кейбір элементтері негізгі
көріністерде бұрмаланып кескінделетін жағдайда қосымша көрініс
пайдаланылады (169-сурет). Нəрсенің негізгі проекция жазықтықтарына
параллель түспейтін элементін, бұрмаланбаған көрінісін алу үшін, басқа
жазықтыққа кескіндеу арқылы тұрғызады. Жаңа жазықтықты негізгі
көріністерде бұрмаланып кескінделетін бөлшек элементінің жанына параллель
етіп орналастырып, содан кейін қосымша жазықтықты фронталь проекция
жазықтығымен беттестіреді. Алынған кескін бөлшектің қосымша шамасында
кескінделуі қажет.
Қарау бағытын нұсқамен көрсетіп, кириллица алфавитінің бас
əріптерімен белгілеп қояды. Мысалы, қосымша көріністің үстінде
нұсқаны сызып, оған «А» деп əріп белгісін жазу керек.
Қосымша көріністі негізгі көрініспен проекциялық байланыста
орналастыруға болады. Егер қосымша көрініс ось сызығының
бойында орналасса, бұл жағдайда қарау бағытын нұсқамен
көрсетудің немесе белгі қоюдың қажеті жоқ .Қосымша көріністі
бұрып та кескіндеуге болады. Мұндай бұрылған қосымша көріністі
көрсету үшін бұрылу белгісі қолданылады.
Жергілікті көріністер
Бөлшектің шағын бөлігі құрылысының кескінін жергілікті көрініс деп
атайды. Жергілікті көріністі сызбада ирек сызықпен шектейді. Ал, егер
жергілікті көрініс 170-суретте көрсетілгендей негізгі көрініспен
байланыста орналасса, ирек сызықпен шектелмейді. Қосымша көрініс
сияқты белгіленеді.
Қарау бағытын нұсқамен көрсетіп, қазақ алфавитінің бас əріптері
жазылады.
Тіліктер
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің)
кескінін тілік деп атайды. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы
тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте
қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) жəне оның ар жағында
жатқан нəрселер кескінделіп көрсетіледі.
Егер де заттың кұрылымын түсінуге қиюшы жазықтықтың ар жағында
жатқан кесіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды
көрсетпеуге болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта
жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі
(171-сурет).
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді:
қарапайым – тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған
тілік; күрделі – екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтармен
алынған тіліктер;
Горизонталь тілік деп горизонталь проекция жазықтығына
параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті
айтады.Затты горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр
жазықтықпен қиғанда вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің
өзі фронталь тілік жəне профиль тілік болып бөлінеді. Егер
қиюшы жазықтық фронталь проекциясына параллель болса, онда
вертикаль тілік профиль тілік деп аталады.
Егер қиюшы жазықтық заттың (тетікбөлшектің) ұзындығы бойынша
немесе биіктігі бойынша өтсе, тілік бойлық деп аталады. Егер қиюшы
жазықтық заттың биіктігіне немесе ұзындығына перпендикуляр
болып өтсе, тілік көлденең деп аталады. Горизонталь, фронталь жəне
профиль тіліктерді сызбада сəйкес негізгі көріністермен біріктіреді.
Егер көлбеу тілік бұрып көрсетілген болса, онда тіліктің белгісінен
кейін бұрылу белгісін қою керек.
Күрделі тіліктер

Күрделі тіліктер сатылы жəне сынық тіліктерге бөлінеді. Егер екі жəне
одан да көп қиюшы жазықтықтар бөлшекті бір-біріне параллель
орналастырып тілсе, осыдан шыққан кескінді сатылы тілік дейді. Бұл
тілікті кескіндеу үшін барлық қиюшы жазықтар сызба жазықтығымен
ойша беттестірілуге тиіс.
Сынық тілікті тұрғызғанда қиюшы жазықтықтың біреуін олардың
қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер
беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар
жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік оған
сəйкес көріністің орнына салынады.
Затты (тетікбөлшекті) түгел қиып жатпай, оның бізге керекті бөлігінің
ішкі құрылысын көрсетуге мүмкіндік беретін тілікті жергілікті
тілік дейді .Жергілікті тілік көріністе ирек сызықпен оқшауланады.
Бұл сызық көріністің басқа сызықтарымен беттеспейтін болу керек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Міндетті практикалық және графикалық жұмыстарға қатынасы
Тотығу - тотықсыздану реакцияларының түрлері
ABD үшбұрышының периметрін табыңдар
Ақпарат жинау - субъектінің өзін қызықтыратын объект жөнінде мәлімет алатын қызметі
Сызбаларды түзетуге арналған құралдар
Математика - ғылымдар патшасы
Геометриялық тұрғызулар
Бұрышты тең
ПРЕЗЕНТАЦИЯ КЕШЕНДІ СЫЗБАЛАРҒА ТҮСІРІЛГЕН КӨЛЕҢКЕ
ЭНДОКРИНДІК ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДА АУЫЗ ҚУЫСЫНДАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер