Қаныққан көмірсутектер
Презентация қосу
Қаныққан көмірсутектер. Алкандар және
циклоалкандар.
Орындаған: Айтжанов А.А
Тексерген: Манашева Л.Ж
Жоспары:
• Алкандар, жалпы формуласы, атаулары, алкандарды алу және
химиялық қасиеттері мен қолданылуы туралы жалпы түсінік
беру;
• Циклоалкандар, формуласы, алынуы, қасиеттері және
қолданылуы.
Органикалық заттардың жіктелуі
Органикалық заттар
Ациклді Циклді
Қаныққан Қанықпаған Карбоциклді Гетероциклді
Алициклді Ароматты
Қаныққан көмірсутектер (алкандар) – көміртек атомдары сутекке
барынша қаныққан, яғни басқа атомдарды қосып алуға
қабілетсіз көмірсутектер. Оларды парафинді көмірсутектер деп те
атайды.
Жалпы формуласы:
Алынуы:.
Мұнай және табиғи газдар – алкандарды алудың шикізат көзі.
Алкендерді өршіткі қатысында гидрлеп алкандар алады:
Вюрц реакциясы арқылы алу.
Вюрц реакциясы – метанның моногалоген туындысын алып,
содан соң сол өнімді металл натриймен қыздыра отырып, күрделі
алкандарды синтездеу.
Алкан радикалдарында –ан жұрнағының орнына –ил жұрнағы
жалғану арқылы аталады. Алкилдердің жалпы формуласы:
Атауы Атауы
Алкандар номенклатурасы
Физикалық қасиеттері
Алкандардың малекулалық массаларыныың өсуіне
қарай олардың қайнау, балқу температуралары да
артады.
– газдар
– сұйық заттар
-- тен бастап қатты заттар
Химиялық қасиеттері
1.Орынбасу реакциялары. Хлорлау реакциясы жүру үшін жарық (hv-жарық) немесе
температура қажет:
2. Галогендеу реакциясы – қанықққан көмірсутектердің маңызды реакцияларының
бірі. Галогендердің алкандармен әрекеттесу белсендігі мына қатарда кемиді:
3. Тотығу реакциясы. Алкандардың реакцияға түсу қабілеті төмен, салғырт болады.
Қалыпты жағдайда концентрлі қышқылдармен, сілтілермен әрекеттеспейді. Реакцияға
түсу үшін белгілі жағдай тудыру керек, мысалы, температура, жарық т.б. Метан
жартылай тотыққанда, метанол немесе формальдегид түзіледі.
4. Жануы (толық тотығуы). Алкандар жанған кезде көп мөлшерде жылу бөлініп,
көмірқышқыл газы және су түзіледі.
5. Сумен әрекеттесуі. Метанды су буымен никель өршіткісі үстінен 800-850°С-та
өткізгенде, көміртек (ІІ) оксиді мен сутек түзіледі.
6. Айырылу реакциясы. Алкандар ауа қатыстырмай қатты қыздырғанда айырылады.
7. Дегидрлену: а) алкандарды жоғары температурада (400-600°С) өршіткі қатысында
қыздырғанда сутек бөлініп, алкендер түзіледі:
Ә) құрамында алты және одан да көп көміртек атомдары бар алкандар өршіткі
қатысында бензол және оның туындыларын түзіп циклденеді:
Алкандардың қолданылуы
Циклопарафиндер – тұйық тізбекті қаныққан көмірсутектер.
Циклоалкандар – құрамындағы көміртек атомдары өзара дара
байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы СnH2n
болатын циклді қаныққан көмірсутектер.
Қасиеттері:
1) Жанады;
2) Орынбасу реакцияларына қатысады;
3) Қосылу реакциясы
Физикалық қасиеттері.
• Циклоалкандардың алғашқы екі мүшесі циклопропан мен
циклобутан газдар, кейінгілері — сұйық заттар, жоғары
циклоалкандар — қатты заттар.
• Циклоалкандардың қайнау және балқу температуралары сәйкес
алкандар мен алкендерден жоғары.
• Алкандар сияқты бұлар да суда ерімейді.
Химиялық қасиеттері:
• Циклоалкандардың тұрақтылығы мен химиялық қасиеттері
көбінесе циклдегі көмірсутек атомдарының санына байланысты
болады. Бұл көмірсутектердің ішіндегі химиялық ең тұрақтылары —
құрамында бес және алты көміртек атомы бар циклоалкандар.
• Циклоалкандардың көміртек атомдары sp3 гибридтенген күйде
болады.
• Молекуласының құрамында үш және төрт көміртек атомдары бар
циклопропан мен циклобутандардың валенттік бұрыштары 109°28’-
тан едәуір ауытқитын (кіші) болғандықтан, циклде кернеу пайда
болады да, олар бес және алты мүшелі циклоалкандардай тұрақты
бола алмайды.
• Циклоалкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы
• Бес және алты мүшелі циклопарафиндер (циклопентан, циклогексан)
және олардың гомологтары мұнайдың кейбір түрлерінің құрамында
болады. Сондықтан оларды "нафтендер" деп те атайды.
Циклоалкандарды мұнайдан бөліп алады, сонымен қатар синтездік
жолмен де алады.
• 1. Құрамындағы галоген атомдары екі шеткі көміртек атомдарында
орналасқан алкандардың дигалогентуындыларына мырышпен
немесе натриймен әсер етіп алады. Төменгі циклоалкандарды,
мысалы, дибромпропанға мырыш ұнтағымен әсер етіп алады.
• С3Н6Вr2 + Zn → С2Н6 + ZnВr2
• 2. Циклоалкандар мен олардың туындыларын бензолды және оның
сәйкес туындыларын катализатор қатысында гидрлеп алуға болады:
• C6H6 + 3H2 → C6H12
Қолданылуы:
• Көп қолданылатын ең маңызды циклоалкандарға циклопентан,
циклогексан, метилциклогексан,т.б. жатады.Олардан бензол, толуол,
бояулар, дәрі-дәрмектер алады.
• Циклопентан медицинада наркоз ретінде қолданылады.
• Циклопентанды мотор майына қосу арқылы оның жанғыштық
сапасын арттырады.
• Циклопентанның маңызды туындысы циклопентакарбон қышқылы
және оның туындыларынан жуғыш заттар, каполактам, адипин
қышқылдары, т.б. алынады.
НАЗАРЫҢЫЗЫҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz