СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТЫ ТЕКСЕРУ ФУНКЦИОНАЛЬДЫ ӘДІСТЕРІ




Презентация қосу
Қазақстан – Ресей Медициналық
Университет

СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТЫ ТЕКСЕРУ
ФУНКЦИОНАЛЬДЫ ӘДІСТЕРІ.

ФАКУЛЬТЕТ: СТОМАТОЛОГИЯ
ГРУППА: 501Б
ОРЫНДАҒАН: МЕКЕ Н. Р.
ТЕКСЕРГЕН: УСКЕМБАЕВА М. Н.
ЖОСПАРЫ:

Кіріспе
•Негізгі бөлім
•Ауыз қусының шырышты қабатын тексеру әдістері
•Ауыз қуысының шырышты қабатын қосымша әдістері
•Қорытынды
КІРІСПЕ

Стоматологиялық науқасты клиникалық тексерудің
негізгі мақсаты-дәрігер-стоматологқа келген адамның
ауруын дұрыс анықтап,тиімді емдеу әдісін таңдап алу
және оны жоғары деңгейде жүргізу.Стоматологиялық
науқасты тексеру жалпы медициналық қағидаларға
негізделе отырып жүргізіледі және бет-жақ аймақтары
ағзаларының жағдайын тексеру науқасты жалпы
тексерудің маңызды бір тізбегі болып саналады.
АЫЗДЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБАТЫН ТЕКСЕРУ

Электронды эстезиометр өлшеудің жоғарғы дәлдігін
береді: бірақ +- 5 % берілгендердің цифірін шешу
үшін математикалық есептеулер жүргізілу қажет.
Бұл құралдың бүкіл жиынтығының қоректену
блогы бар күшейткіш пен өзі жазғыштың салмағы
40 кг тең. Ол ауыспалы тоқ желісімен қоректенеді,
сондықтан құралды стационарлық жағдайда ғана
қолдануға болады.
БҰЛШЫҚЕТТЕРДІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ

Шайнау бұлшық еттің өзін саусақпен тексергенде бас бармақ оның алдыңғы шегіне салынып басқаларды
артқы шекте орналасады. Бұлшық ет мұқият саусақпен қысылады.Оны екі саусақпен тексеруге болады :
сұқ саусақ ауыз қуысы жағынан басбармақ сыртынан орналасады. Міне осылай бұлшық еттің даму
дәрежесін және білінуін, оның кернемесін, тығыздалу орындарын, ауыратын нүктелерін (олар бар
болса) анықтайды.
ГЕЛЬМАННЫҢ ШАЙНАУ СЫНАМАСЫ
Гельман шайнаудың нәтижесін тағамнын 50 секунд уақыт аралығында шайналуы арқылы анықтауды
дұрыс деп есептейді. Шайнауды сынау үшін тыныш жағдай керек. Өлшеп оралған бадам жемісі, шұңғыл
ыдыс, қайнаған суы бар стакан, диаметрі 15х15 сантиметр шыны түтік, өлшемі 20х20 см дәке салфетка, су
құйатын қазан, диаметрі 2,4мм тесігі бар темір сүзгі, таразы сияқты заттар дайындалып алғаннан кейін,
тексерілетін адамға 5грамм бадам жемісі 50 секунд ішінде шайнауға беріледі. Осыдан кейін шайналған
бадам дайын тұрған ыдысқа түкіріледі, ауызы сумен шайылып, шайынды да сол ыдысқа құйылады. Оған
8-10тамшы 5 пайыздық алмас ертіндісі қосылып, ыдыстағы заттар дәкеден жасалған салфетка арқылы
шыны түтікке сүзіледі.
ГЕЛЬМАННЫҢ ШАЙНАУ СЫНАМАСЫ

Дәкеде қалған бадам, суы бар қазан үстіне кептірілуге қойылады. Бұл жағдайда тым кеуіп кетпеуге сақ
болғаны жөн, өйткені оның салмағы азайып кетеді. Бөлшектер бір – бірімен жабыспай, бөлек – бөлек күйге
келгенде сынама кептірілді деп есептеуге болады. Бадамның түйірлерін темір сүзгіден өткізеді. Тіс
қатарының қалыпты жағдайында барлық шайналған тағам сүзгіден өтіп кетеді, бұл шайнау тиімділігінің
100 пайыз екендігінің дәлелі. Сүзгіден өтпей қалған түйірлер болса, олар өлшеніп, прапорция арқылы
шайнау нәтижесінің бұзылу шамасы анықталады, ол үшін қалдықтың барлық шайналған бадамның
салмағына деген қатынасы ескеріледі. Мысалы: сүзгіден 1,2 грамм түйір қалса, шайнаудың бұзылуының
шамасы мынаған тең болады:
5гр ---- 100%. х= 1.2х100:5
1,2гр ----- х% х=24%
РУБИНОВТЫҢ ФИЗИОЛОГИЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ ШАЙНАУ
СЫНАМАСЫ.

Рубиновтың пікірі бойынша, 5грамм бадам шайнауға қиындық келтіреді,
сондықтан алынған нәтиже дәл бола бермейді. Оның ойынша, шайнауға
жабайы жаңғақтың салмағы 500мг болатын 1 дәнін берген дұрыс сияқты
деген. Шайнау уақыты жұтуға дейінгі аралықтан анықталады. Ол орта
есеппен 14 секундқа тең. Жұту рефлексі басталған сәттен сынама ыдысқа
түкіріледі, әрі қарай тексерілу Гельман тәсіліне сүйінеді.
Электромиография

Бұлшықеттердің биопотенциалын тіркеп жазумен
жүретін функциональді әдіс болып табылады.
Электромиографиямен бұлшықеттерді
тексергенде арнайы датчиктермен тері үстілік
электродтар қолданылады. Электродтарды
зерттейтін бұлшық ет нүктесіне медициналық
желімнің көмегімен бекітеді. Бұлшық еттердің
күш түсу кезіндегі жиырылуын саусақпен сипау
арқылы анықтайды.
МИОТОНОМЕТРИЯ

Миотонометр арқылы шайнауға қатысатын және қимылдайтын бұлшық еттердің кернемесі өлшенеді.
Қалыптан ауытқу болса, бұлшық еттердің кернемесі де өзгереді. Мысалы, асқынған тіс жегісі кезінде
шайнайтын бұлшық еттердің кернемесі тыныш тұрғанда көтерліп кетеді, сөйтіп ол тістің ауруына себеп
болады. Аталмыш аспап байқағышпен граммен межеленген шкаласы бар өлшегіштен құралады.
ГНАТОДИНАМОМЕТР

Шайнау қысымы гнатодинамометр аспабын қолдану арқылы килограммен өлшенеді. Соңғы кездері
датчиктері бар аспап қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ:

Қорытындылай келе, жоғарыда айтылған ісәрекеттердің курация
жүргізетін науқастадың локальді статусын сипаттау үшін
маңызды роль атқаратынын қарастырдық. Науқасқа курация
жүргізу барысында, дәрігердің дұрыс тактикасының іс-әрекеті
қателіктерді жібермеуге мүмкіншілік береді, және емін болжауға
қолайлы жағдай туғызады. Сапалы жүргізілген іс әрекет
дәрігердің өз мамандығына жетік екеніне қанағаттану сезіміне
бөлейді.

Ұқсас жұмыстар
Анамнез жинау
Ауыз қуысындағы ауруларды анықтау
Жоғарғы жақ тістерінің төменгі жақ тістерін жабуы
Науқасты аспаптық тексеру әдістері
Тісжақ ауытқуларын анықтау әдістері. Клиникалық тексеру және антропометриялық өлшеулер
Ауруларды тасымалдайтын жабдықтар
Зертханалық зерттеудің мақсаты
Биологиялық белсенді нүктелер және рефлексотерапия принциптері
Ортопедиялық стомотология негіздері
Науқасты төсектің шетіне орналастыру
Пәндер