Студенттердің тіл мәдениеті және лингвомәдени құзіреттілікті қалыптастыру


Slide 1

Тіл мәдениеті- студенттерге тән рухани құндылықтар көзі

Үміткер:Курбанов А. С

Тобы:116-91

Ғылыми жетекші:Темирбекова Г. Қ

Slide 2

Жобаның өзектілігі:

Қазақ тіл білімінде тіл мәдениетінің теориясына қатысты зерттеулер жүргізілгенімен, студенттердің тіл мәдениетінің педагогикалық аспектісі жеке зерттеу нысаны болмаған. Осыған орай жобаның өзектілігін төмендегіше түйінді мәселелер айқындайды.

Рухани жаңғыруды іске асыру үшін бабалардан мирас болып келе жатқан « тілді сақтау» идеясын жаңғырту қажеттілігі

Әлеуметтік лингвистикалық орта деңгейінің төмендігі, студенттердің тілдік ортасындағы тілдік дағдарыстар

Көптілді білім беру жағдайында студенттердің лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру қажеттігі

Slide 3

Ата­баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу ғана болып қоймай, оның қоғам қажетіне қызмет етуін дағдыға айналдыру. Осы тұста қазақ тілінің қоғамдық қызметі дегенде оның нарық тіліне айналуын, ғылым мен өркениет тілі болуын қамтамасыз ету. Бұның басты шарты - тілдің сөздік қорын барынша пайдаланып, сөйлеу мен жазу тілінде ұлттық қалыпты сақтау мен дамыту.

Жобаның мақсаты:

Slide 4

Тіл мәдениеті саласындағы қазіргі зерттеулерге шолу, зерттеулер парадигмасын талдау, тіл мәдениетін меңгерген, лингвомәдени құзіреттілігін игерген студентті сипаттау;

Студенттер арасында сауалнама, фокус-топтарда жұмыс жүргізу және мәліметтерді өңдеу;

Оқытушылармен сұхбат жүргізу, студенттердің тілдік ортасын саламаттандыру жолдарын іздеу

Жобаның міндеті:

Slide 5

Тіл мәдениетін ғылыми-теориялық зерттеу, бәсекеге қабілетті, рухани жаңғыруға икемді жастарды дайындауға жол ашады.

Жастарға тіл мәдениетін меңгерту - қазақ тілінің өміршеңдігін қамтамасыз ету, тілдің интеллектуалдық, әлеуметтік, қатысымдық, танымдық әлеуетін сақтау кепілі.

Жобаның жетекші идеясы:

Slide 6

Тілге ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлар, тілдік үдерістер, тілді қорғау, сөз мәдениетін меңгерту, тілдік тұлға қалыптастыру мәселелеріне қатысты жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі, педагогикадағы ғылыми пікір-көзқарастар мен тұжырымдар.

Жобаның әдіснамалық негізі:

Slide 7

Жобаның практикалық маңызы:

Қазақ тілінің әлеуметтік қызмет аясын кеңейту, білім беру жүйесінде оңтайлы тіл саясатын жүргізумен байланысты. Көптілділік, оның ішінде ұлттық бірегейліліктің белгісі ретінде қазақ тілін сақтаумен байланысты. Студенттердің рухани жаңғыруға дайындығын, эмоционалды интеллектісін жетілдіреді.

Slide 8

Назар салып тыңдағандарыңызға

рақмет!

#бізбіргеміз


Ұқсас жұмыстар
Студенттердің сөйлеу тілінің мәдениеті мен лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру
Тіл мәдениеті: баспасөз тілі, сөз мәдениеті және сөйлеу әдебі
Студенттердің коммуникативтік құзыреттілігі мен мәдениетін қалыптастыру: жоғары оқу орындарындағы интерактивті оқыту және мәдениетаралық коммуникация
Көшпелілік мәдениет және тіл мәдениеті: ерекшеліктері мен тілдік нормалары
Қазақ тіліндегі табыс концептісінің лингвомәдени ерекшеліктері
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ мәдениеті: шаруашылық, тіл және әдебиет
6-сыныпқа арналған Тіл мәдениеті тақырыбындағы топтық жарыс сабақ жоспары
Ежелгі грек-рим мәдениеті: антик дәстүрі, тіл білімі және Милет мектебінің философиясы
Студенттердің құқықтары мен міндеттері
Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz