Тіл мәдениетінің міндеті




Презентация қосу
Тіл мәдениеті-
студенттерге тән
рухани құндылықтар
көзі

Үміткер:Курбанов А.С
Тобы:116-91
Ғылыми жетекші:Темирбекова Г.Қ
Жобаның жоспары:

1.Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
2.Студенттің сөйлеу мәдениетінің кәсіби
құзреттілігі
3.Студенттердің сөйлеу тілі мәдениетінің
сапалық белгілері
4.Студенттердің сөйлеу мәдениетіндегі ұлттық
құндылықтарды қалыптастыру жолдары
5.Қорытынды
Жобаның өзектілігі:
Қазақ қоғамының рухани дамуы,кемелденуі тіл
тұғырының мықтылығы мен әлеуетіне тікелей тәуелді. Себебі
мәдениетті, дәстүр мен тілді жаңғырту,дамыту, ұлттық қадір-
қасиетті нығайту-мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Бұл, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде
қолданыс аясын кеңейтуге қатысты.
Оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті, және бәсекеге
қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге ат салысудағы
белсенділігін айқындайтын ұмтылысы мен ынталануына
айналуы қажет;
• Қазақ тіл білімінде тіл мәдениетінің теориясына
қатысты зерттеулер жүргізілгенімен, студенттердің
тіл мәдениетінің педагогикалық аспектісі жеке
зерттеу нысаны болмаған. Осыған орай жобаның
өзектілігін төмендегіше түйінді мәселелер
айқындайды.
• Рухани жаңғыруды іске асыру үшін бабалардан
мирас болып келе жатқан « тілді сақтау» идеясын
жаңғырту қажеттілігі
• Әлеуметтік лингвистикалық орта деңгейінің
төмендігі, студенттердің тілдік ортасындағы тілдік
дағдарыстар
• Көптілді білім беру жағдайында студенттердің
лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру қажеттігі
Жобаның мақсаты:
Aта­баба аманат еткен тілді қадірлей білу,
көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі
ұрпаққа жеткізу ғана болып қоймай, оның
қоғам қажетіне қызмет етуін дағдыға
айналдыру. Осы тұста қазақ тілінің қоғамдық
қызметі дегенде оның нарық тіліне айналуын,
ғылым мен өркениет тілі болуын қамтамасыз
ету. Бұның басты шарты – тілдің сөздік қорын
барынша пайдаланып, сөйлеу мен жазу тілінде
ұлттық қалыпты сақтау мен дамыту.
Жобаның міндеті:
•Тіл мәдениеті саласындағы қазіргі зерттеулерге
шолу, зерттеулер парадигмасын талдау, тіл
мәдениетін меңгерген, лингвомәдени
құзіреттілігін игерген студентті сипаттау;
•Студенттер арасында сауалнама,фокус-топтарда
жұмыс жүргізу және мәліметтерді өңдеу;
•Оқытушылармен сұхбат жүргізу, студенттердің
тілдік ортасын саламаттандыру жолдарын іздеу
Ғылыми жаңалығы:
1.Тіл мәдениеті- тілді сақтау мен қорғау мәселесін
зерттейтін,тілдік қатысым тәжірибесін жетілдірудің тәсілдерін
енгізетін,сөздің жасампаздық күшін,қатысым мүшелеріне
әсерін қарастыратын бағыт;
2.Лингвомәдени құзіреттілік дегеніміз – әдеби тілдің
ауызша, жазбаша түрлеріне тән нормаларды жақсы
меңгеру,сөздің қатысымдық сапасына байланысты тілдік
нормаларды сақтай білу, жеке тұлғаның тілдік сапасын
қалыптастыратын факторлардың орны мен маңызын анықтай
алу, пікірталас, сөз мәдениетін көтеру жолдарын белгілей
алу, тілдік тұлға санасында ана тіліне деген құрметті ояту
жолдарын ұсына алу;
Лингвомәдени
құзіреттілік ұғымына
анықтама беру, Тіл мәдениеті
студенттердің
лингвомәденилік Әдістемелік құрал
құзіреттілігін
қалыптастыруға
арналған
«Тіл мәдениеті»
Алматы кітап
курсының оқу-
әдістемелік кешенін
жасау
Жобаның жетекші идеясы:

Тіл мәдениетін ғылыми-теориялық зерттеу,
бәсекеге қабілетті, рухани жаңғыруға икемді
жастарды дайындауға жол ашады.
Жастарға тіл мәдениетін меңгерту - қазақ
тілінің өміршеңдігін қамтамасыз ету, тілдің
интеллектуалдық, әлеуметтік, қатысымдық,
танымдық әлеуетін сақтау кепілі.
Нәтижеге жету жолдары:
Студенттердің лингвомәдени құзіреттілігін
қалыптастыруда тренинг, коучинг, сұрақ-
жауап, түсіндіру жұмыстарын, пікірталас
ұйымдастыру.
Семинарлар өткізу,ұсыныстар енгізу,ғылым
білімді интеграциялауды ұсыну.
Осы сала бойынша отандық ғалымдармен
байланыс орнату арқылы кеңестер алу.
Күтілетін нәтиже:
Зерттеу барысында алынған нәтижелер
бойынша ғылыми мақалалар дайындалып,
конференцияларда баяндамалар жасалып,
тақырыптың өзектілігі апробациядан өтеді.
Тіл мәдениетінің міндеті:
Тілдік ортаның саламаттылығын сақтау,
студенттердің тілдің болашағына деген
жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, сөз тазалығына
нұқсан келтіретін жаргон, дөрекі, былапыт сөздерге
әуестенушіліктің алдын алу, кемел тілдік тұлға
қалыптастыру.
Қазақ даласында тіл мәдениетінің негізі ерте
кезеңдерде қалыптасқан.Қазақ мақал-мәтелдерінде
«кесел сөз», ақын-жырауларда «қотыр тіл,шешек
тіл», Алаш зиялыларының еңбектерінде «қотыр сөз,
жынды сөз», Абайда «бөтен сөз» түрінде аталып,
тілдегі жаргон сөздерге сипаттама берілуі соның
дәлелі.
Жоба нәтижесін тұтынушылар кімдер:
Тіл мамандары,студенттер,магистранттар.
ЖОО-да өтілетін қазақ тіл білімінің
грамматикасы,тарихи фонетика, тарихи
лексикология, әдеби тілдің тарихы пәндері
бойынша көмекші құрал ретінде оқу
процесінде пайдалануға ұсынылады.
НАЗАР САЛЫП
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

#БІЗБІРГЕМІЗ

Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениеті - студенттерге тән рухани құндылықтар көзі
Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және білім
Тіл мәдениетін жетілдіру
Баспасөз тілі мәдениеті
Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология пәнінің қарастыратын мәселелері
Функционалды прагматика Жасырын прагматика
Көшпелілік мәдениеттің ерекшеліктері
Стилистика пәнінің зерттеу нысаны мен бағыттары
Жазудың құралдарын пайдалана білу
Музыкалық қабылдау - әлеумет - мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық мәселесі. Музыкалық қабылдаудың түрлері
Пәндер