XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар


Slide 1

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру институты

Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Орындаған: Мәдібек Саида

Мамандығы: филология 201-топ

Қабылдаған: ф. ғ. к., Ибраева А

XIX ғасыр әдебиеті классикалық дәстүрінің әлем сөз өнеріндегі орны.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет.

XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар.

ХІХ ғасырдағы әдеби үрдіс дәстүрлі сарындары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

ХІХ ғасыр әдебиетінің әдебиет тарихындағы орнын, тарихи мәнін, бірнеше өзгешелік, өзіндік ерекшелігін тізбелеп келіп, мынадай тоқтам айтты: «ХІХ ғасырдың одан бұрынғы ғасырлардан өзгешелігі бұл ғасырда шын мағынасындағы жазба әдебиет туды . . . Жер жүзіндік классикалық әдебиетпен қазақ әдебиетінің шын мағынасында араласуы ХІХ ғасырда ғана» С. Мұқановтың сол тұста айтқан әдебиет тарихын жасау, мәселесі, әдебиет мұраларын жарыққа шығару мәселесінен анағұрлым қиын, себебі жүйеге түспеген деген пікірі әр уақыттада есте болар шындық.

Slide 4

ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

негізінен жыраулар поэзиясы түрінде көрінді.

Онда негізінен жыр үлгісінің түрлі жанрлары басым болды. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде жыр

үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа

өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлеңдер, сатира,

айтыс түрлері, қиссалар, ауыз әдебиеті үлгілері

қатар жасады. Көркем прозаның, аударма

әдебиет ғылыми-публицистика туып, қалыптаса

бастады.

Slide 5

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі түрлі әдеби үлгі әрқилы саяси, тарихи себептердің негізінде, түрлі жағдайда туып дамыды. Ол әдебиет бостандық күрес, Исатай мен Махамбеттің, Кенесары мен Наурызбайдың, Жанқожа мен Бекеттің отаршылыққа қарсы қарулы бас көтеру; ұлтазаттық күрес үстінде туды.

Ол әдебиет Қоқан хандығы езгісінде болған өңірлердің өзгеше өз шындығынан туды. Ол әдебиет, «су түбіне кеттің, жұрт, тал қалған жоқ қармарға» деген торығу, қасіреттен туды. Ол әдебиет ендігі күніне болмақты ойлаған; енді жаудың тілін біл, көргенін көр, жасағанын жаса деген тірлікке шақырған жаңа сілкіністер туды.

Slide 6

Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқышта» қазақ әдебиетінің теориялық негіздемесін жасап, терминдік өрісін белгіледі. Сол әдебиеттің ХІХ ғасырдағы үлгілері деайрықша бөлініп ХІХ ғасыр еншісі деп қарастырылмағанымен, аса нақтылы ғылыми негіздеулердің фактісі, материалы болды.

Slide 7

М. Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ

әдебиеті тарихын жасаудың қисындарын алғаш

рет мақсатты түрде алға тартып, ғылыми жүйенің

үлгі негізін ұсынды. «Әдебиет тариындағы», «Тарихи жырлар», «Зар заман әдебиеті», «Айтыстардын» елеулі арнасы - ХІХ ғасыр әдебиетінің еншісі. Сонымен бірге, ХІХ ғасырда ауызша әдебиеттің байырғы үлгілері де қатар жасап отыр. Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік даму бағыттарын ғанын ескергенде, «Әдебиет тарихының» барлық бөлімінің ХІХ ғасыр әдебиетіне қатысы бар.

Slide 8

ХІХ ғасырда хат таныған, сауатты ақындар болды, олар жазба түрде де өлең-жыр туғызды. Қайсыбірі ежелгі ерлік дастандарды, аңыз әңгімелерді жаңғыртып жазды. Түркі, татар тіліндегі діни қиссаларды қазақ тілінде жазып, таратты. Кітап (кітаби) өлеңдер аталған «Бозжігіт», «Сейпіл-Мәлік», «Ақсақ Темір хан», «Сақып-Жамал» сияқты қисса-дастандарды атап айтып, ғалым Қ. Өмірәлиев және бір ғылым мүддесін жеткізер тоқтамдарға келеді.

«Бұл дәуірдегі ақындардың бірі тобы екі ақындық мектептің қатар өкілі болды, айтысқа түсіп, өлеңді табан асытнда ауызша шығарып, әрі жазып өлең шығарды. Заман жайлы жаңа толғаулар жазды. Айтыста олар Жанақ, Түбек, Орынбай сияқты мақтау өлең иелері, ал, заман мүлде бөлектұрпатты қындар болды. Дулаттың, соңын ала шыққан Шортанбай осы сипатты ақындардың басты өкілі»

Slide 9

Қазақ елі ХІХ ғасырда түрлі саяси ахуалды

бастан кешті. Қилы замандардың көлеңкесі ел

әдебиетіне түсті. Ресей құрамына ене бастаған

Қазақстанның тұтастай қосылу процесі бір жарым ғасырдай уақытта өтті. Бұл дәуірде қазақтың

дәстүрлі әдебиет үлгілері тарихи жыр, айтыс, ән

өлең, дастан-қиссалар тарихи-әлеуметтік ахуал

аясында түрленіп дамыды, қалыптасты.

Сол орайда Ресей қол астына ХІХ


Ұқсас жұмыстар
Х­ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Лингвистикалық мектептер
Ежелгі дәуірде
Қазақ фольклорының тарихы
Қазақстанды зертт еген ғалымдардың еңбектерін талдау
Тіл философиясы
Әдеби бағыт және ағым
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу жайы
Сорбонна Париж университеті
Анатомияның даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz