Тыныс алу жолдарының микрофлорасы


Slide 1

№3 Дәріс.

Микроорганизмдердің физиологиясы және экологиясы

Құрастырған: Медицина ғылымдарының магистранты Калыкова М. К.

Slide 2

Дәріс жоспары

Микроорганизмдердің физиологиясы (қоректену, тыныс алу, өсу, көбею) ;

Бактериялардың химиялық құрамы;

Адам ағзасының микрофлорасы(ауыз қуысы, асқазан - ішек трактысы, тыныс алу) ;

Топырақ, су және ауаның микрофлорасы.

Slide 3

Бастапқы білімді анықтауға арналған сұрақтар

Сіз «микроб» туралы не білесіз (көлемі, көбеюі, тыныс алуы, қоректенуі) ?

Микроорганизмдердің қандай түрлерін білесіз?

Микроорганизмдердің қандай пайдасы бар адам ағзасына?

Қандай зияны бар?

Қандай ғылымдармен байланысты?

Slide 4

Микроорганизмдер барлық жерде кездеседі: топырақта, суда, ауада, соның ішінде адам ағзасында. Біздің әрқайсысымыз көптеген микрорганизмдермен қоршалғанбыз.

Slide 5

Біздің теріміздің әр сантиметрінде кем дегенде 2000 бактерия бар. Олардың әрқайсысы кеңістікте тыныс алады, қоректенеді, кейде тіпті қозғалады.

Slide 6

Микроорганизмдердің физиологиясы

Микроорганизмдер физиологиясы микроорганизмдердің тіршілік қызметтерін зерттейді:

Қоректенуі

Тыныс алуы

Өсуі

Көбеюі

Slide 7

Химиялық құрамы

Химиялық құрамы бойынша бактериялар басқа организмдердің жасушаларынан айырмашылығы жоқ. Бактерия жасушасында 80% су және 20% құрғақ қалдық бар. Бактериялардың құрғақ қалдықтарының шамамен 90% -ы жоғары молекулалық қосылыстардан тұрады: нуклеин қышқылдары (10%), белоктар (40%), полисахаридтер (15%}, пептидогликон (10%) және липидтер (15%) ; қалған 10% моносахаридтер, амин қышқылдары, азотты негіздер, бейорганикалық тұздар және басқа төмен молекулалы қосылыстар.

Химиялық құрамы (су, ақуыз, көмірсу, липидтер, минералды заттар)

Химиялық құрамы бойынша бактериялар басқа организмдердің жасушаларынан айырмашылығы жоқ. Бактерия жасушасында 80% су және 20% құрғақ қалдық бар. Бактериялардың құрғақ қалдықтарының шамамен 90% -ы жоғары молекулалық қосылыстардан тұрады: нуклеин қышқылдары (10%), белоктар (40%), полисахаридтер (15%}, пептидогликон (10%) және липидтер (15%) ; қалған 10% моносахаридтер, амин қышқылдары, азотты негіздер, бейорганикалық тұздар және басқа төмен молекулалы қосылыстар.

Slide 8

Су бактерия жасушасының негізгі компоненті болып табылады. Спора кезінде су мөлшері 18-20% дейін азаяды. Судың жасушадан азаюы, кебуі, метаболизм процестерін тоқтатады. Судың жетіспеушілігінен микроорганизмдер көбеймейді. Судың ең көп мөлшері капсулалы бактерияларда болады

Су

Slide 9

Ақуыз (50-80%)

Ең маңызды биологиялық қасиеттерін анықтайды. Олар жай ақуыздар(протеиндер), күрделі ақуыздар(протеидтер) болып бөлінеді. 20 аминқышқылдардың бірігуінен тұрады. Жасуша тіршілігінде маңызды рөлді нуклеопротеидтер - ақуыздың ДНҚ, РНҚ нуклеинқышқылдарымен байланыс атқарады. ДНҚ ядрода орналасады, микроорганизмнің генетикалық қасиеттерін анықтайды. РНҚ ядрода және цитоплазмада болады, ол биосинтезге қатысады.

Slide 10

Көмірсу(12-18%)

Мироорганизм жасушасы көмірсуды энергия мен көміртегі ретінде қолданады. Олардан жасушаның мына құрылымдық бөліктері құрылады(жасуша қабығы, капсула және т. б. )

Slide 11

Липидтер және Минералды заттар

Липидтер көбінесе цитоплазмалық мембрана мен оның туындыларының құрамына кіреді, сонымен қатар бактерия жасуша қабырғасында болады. Фосфолипидтерден, май қышқылдарынан және глицеридтерден тұрады.

Бактериялардың минералды заттары жасушаны жаққаннан кейінгі күйде пайда болады. Көп мөлшерде фосфор, калий, натрий, күкірт, темір, кальций, магний, сондай - ақ микроэлементтер цинк, мырыш, кобальт, барий, марганец анықталады. Олар осмостық қысымды, ортаның рН-ын, тотығу-тотықсыздану процесстерін реттеуге қатысады.

Slide 12

Бактериялардың қоректенуі

Бактериялардың қоректенуі

Барлық мирорганизмдер үшін тіршілік ету, тыныс алу, көбею үшін қоректік заттар қажет.

Көміртегі көзіне байланысты олар екіге бөлінеді: Аутотрофты және Гетеротрофты

Slide 13

Автотрофтар(грекше autos - өзі, trophe - тағам) - күрделі органикалық заттарды қарапайым беорганикалық қосылыстардан синтездейді. Көптеген топырақ бактериялары жатады

Гетеротрофтар(грекше heteros - басқа, trophe - қорек) - органикалық қосылыстарды қажет етеді. Олар көмірсутектен, көпатомды спирттен, органикалық қышқылдардан, аминқышқылдарынан және т. б. көміртер сіңіреді. Олар өз ішінде (сапрофиттер және паразиттерді) ажыратады.

Slide 14

Гетеротрофтылар 3 топқа бөлінеді:

САПРОФИТТЕР

Өлген органимдермен қоректенеді. Ол өлген органикалық қалдықтардың ыдырауына маңызды рөл атқарады

(сүт - қышқыл бактериялар,

Шіріткіш бактериялар)

ПАРАЗИТЫ

Тірі организмнің органикалық заттары есебінен тіршілік етіп, көбейеді.

(риккетсия, вирус және бірқатар қарапайымдылар жатады) .

СИМБИОНТТАР

Бір бірімен тығыз байланыста және бір біріне пайдасы бар бактерия мен ағзаның тіршілік етуі.

Slide 15

Тыныс алуы

Аэробты - тек оттегінің болуында ғана өседі.

Анаэробты(ботулизм, газды гангрена, сіреспе клостридиялары, бактероидтар т. б. ) . Бос оттегінің қатысуынсыз жүретін тіршілік қызметі, яғни оттегісіз ортада өсетін микрорганизмдер.

Факультативті анаэробтар - оттегнің бар және жоқ жағдайында да өсуі мүмкін.

Slide 16

Микроорганизмдердің көбеюі және өсуі

Көбею - бұл өзін өзі құрастыру, популяциядағы жасуша санының артуы. Бактериялар бинарлы екіге бөлінумен және сирек бүршіктену жолымен көбеюі мүмкін.

Slide 17

Микроорганизмнің көбеюі мен өсуі

Грам оң бактериялар жасушаның ішінде түзілген қалқаның ішке ену жолымен бөлінеді, ал грам теріс бактериялар тартылу жолымен көбейеді, нәтижесінд гантел тәрізді мүсіндер пайда бола отырып, екі бірдей жасушалар түзіледі.

Slide 18

Адам ағзасының микрофлорасы

Ауыз қуысы

Асқорыту

Тыныс алу

Тері

Зәр/жыныс жолдарының микрофлорасы

Slide 19

Адам микрофлорасы - бұл адамның сыртқы жамылғылары - тері және шырышты қабықтарда, сыртқы ортамен байланысы болған қуыстар - ауыз, мұрын, асқазан - ішек жолдарында көп мөлшерде микроорганизмдер жиынтығы. Микрофлораның қалыпты жағдайы эубиоз деп аталады. Микрофлораның басты функциясы ағзаның түрлі ауруларға төзе алушылық қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Slide 20

Ауыз қуысы микрофлорасы

Тұрақты температура, ылғалдылық, қоректік заттардың болуы, сілекейдің сілтілі реакциясы микроағзалардың дамуы үшін қолайлы жағдай туындатады. Кокктардың, сүт-қышқыл бактериялардың, дифтероидтардың, спирохеттердің әртүрлі өкілдері басым болады: сонымен қатар ұршық тәрізді таяқшалар, актиномицеттер және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар да кездеседі.

Ауыз қуысының микроағзалары тіс жегісінің, стоматиттің, жұмсақ тіндердің қабынуына себеп болады. Қабынудың бастапқы кезендерінде стрептококктар, бактероидтар, актиномицеттер басым болады. Тіс жегісінің дамуына қарай, олардың қатарына шіріткі бактериялары: протей, клостридиялар және т. б. қосылады. Осы аурулардың алдын алу үшін ауыз қуысының тазылығы маңызды рөл атқарады

Для добавления текста щёлкните мышью

Slide 21

Асқазан - ішек жолдарының микрофлорасы

Қышқыл асқазан сөлінің кері әсерінен әдетте асқазан микрофлорасы аз болады. Ащы ішекте де сілтілі реакцияға қарамастан, микроағзалардың саны ферменттердің әсерінен төмен. Тоқ ішекте микроағзалардың көбеюіне жағдай қолайлы. Адамның өмірінде тоқ ішектің микрофлорасы өзгеріп тұрады: емізулі балаларда сүт-қышқыл бактериялар саны басым болады, ал ересек адамдарда әдетте бактероидтар, бифидобактериялар, ішек таяқшалары, нәжіс стрептококктар және басқа микроағзалар кездеседі.

Slide 22

Тыныс алу жолдарының микрофлорасы

Адам ағзасына тыныс алу барысында ауамен бірге микроағзалардың үлкен мөлшері түседі. Бірақ олардың көпшілігі мұрын қуысында ұсталып қалады немесе эпителий көмегімен сыртқа шығарылады. Мұрын - жұтқыншақта және аңқада әдетте стафилококктар, стрептококктар, дифтероидтар және басқа микроағзалар кездеседі. Ағза әлсірегенде (жауырағанда, ашыққанда, жарақаттанғанда) жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрақты тіршілік ететін микроағзалар тыныс алу жолының төменгі бөліктерін зақымдап, түрлі ауруларды туындатуы мүмкін (бронхит, өкпе қабынуы) .

Slide 23

Тері микрофлорасы

Тері микрофлорасы тұрақты. Оның құрамында стафилококктар, стрептококктар, дифтероидтар, споратүзгіш бактериялар, ашытқы тәрізді саңыраукұлактар болады. Олардың қоректік субстраттары май бездері мен тері бездерінің шығындалары, өлген жасушалар мен ыдырау өнімдері болады. Дені сау, таза теріге түскен микроағзалар әдетте тері бетінде тұракты тіршілік ететін микроағзалардың, түрлі бездердің шығындылары мен бактериялар әрекеті салдарынан өледі. Терінің ластануы патогенді микроағзалардың дамуына ықпалын тигізеді, сол себептен теріні таза ұстау өте маңызды.

Slide 24

Көз микрофлорасы


Ұқсас жұмыстар
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы. Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы.Дисбактериоз
Тері микрофлорасы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз туралы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары.Дисбактериоз
Жергілікті иммунитет. Сілемейлі қабықпен, өкпемен ,терімен ассоциацияланған лимфоидты тіндер
Клиникалық микробиология
Микробиология негіздері
Асқазан микрофлорасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz