Кейстер әдісінің оқу мақсаттары



Case-study әдісі
Тлемисова Тоғжан
1504-10

Case-study әдісі
Нақты жағдаят әдісі (ағыл. тілінен case - оқиға, жағдаят) - оқытуға негізделген нақты жағдаятты (кейсті) шешу әдісі.
Нақты жағдайлар әдісі (Кейс-study әдісі) оқудағы ойын түрінде емес жағдай барысындағы белсенді тәсіл қатарына жатады.

Кейс-study әдісі шет елдерде экономика және бизнес ғылым салаларын оқыту барысында кеңінен қолданылады.
1870 жылы
Ең алғашқы рет бұл тәсіл оқыту үдерісінде, Гарвард университетінің заң мектебінде қолданылған;
1920 жылы
Бұл тәсілді Гарвардтың заң мектебіне енгізу басталған
1925 жылы
Ең алғашқы рет кейс жинағы Гарвард университетінің бизнес жөніндегі есеп беру топтамасында жарық көрді.

Қазіргі уақытта кейс-стадидің екі классикалық мектебі бар: Гарвардтық (Америкалық) және Манчестерлік (Еуропалық) .
Олардың негізгі айырмашылығы мынадай:
Американдық кейстер көлемі жағынан үлкен: 20-25 бет мәтіні, сонымен қатар 8-10 бет иллюстрациялары болады. Көбінесе жалғыз дұрыс шешімді табуды көрсетеді.
Еуропалық кейстер американдыққа қарағанда 1, 5-2 есе қысқа. Жалғыз дұрыс шешімі емес, бірнеше шешімі болады.

Кейс-study әдісін жоғары кәсіби білім беру практикасына енгізу мәселесі қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады, бұл екі үрдіске негізделген:
біріншісі, білім беруді дамытудың жалпы бағыттарынан, оның нақты білім алуға ғана емес, кәсіби құзыреттілікті, ойлау іс-әрекетінің дағдылары мен іскерлігін қалыптастыруға, жеке тұлғаның қабілеттерін дамытуға бағытталуынан туындайды;
екіншісі, маманның сапасына қойылатын талаптарды дамытудан туындайды, ол бірінші үрдістің талаптарын қанағаттандырудан басқа, әр түрлі жағдайларда оң шешім табу қабілетіне ие болуы, дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттердің жүйелілігі мен тиімділігімен ерекшеленуі тиіс.

Кейстер әдісінің оқу мақсаттары
4
5
6
қазіргі заманғы басқару және әлеуметтік-психологиялық технологияларды игеру;
қазіргі заманғы басқару және әлеуметтік-психологиялық технологияларды игеру;
оқуға деген ынтаны арттыру; кәсіптік оқуды дамыту
1
2
3
аналитикалық ойлауды дамыту; коммуникативтік құзыреттілікті арттыру
ақпаратпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамыту;
басқарушылық шешімдерді әзірлеу дағдыларын дамыту;

Күрделілік деңгейі бойынша және қойылған мақсаттарға байланысты кейстер келесі түрлерге бөлінеді:
проблемасы құрылмағанан оқу жағдаяттары
проблема нақты анықталмаған, тек статистикалық деректер және т. б. ұсынылған, мақсаты: проблеманы өз бетінше анықтау, қолда бар ресурстарға талдау жасай отырып, оны шешудің балама жолдарын көрсету;
онда нақты қалыптасқан жағдай сипатталған, одан шығу жолдарын табу ұсынылады, мақсаты - проблеманы шешу жолдарын іздеу
иллюстрациялық оқу жағдаяттары
проблемасы құрылған оқу жағдаяттары
оның мақсаты: студенттерді белгілі бір жағдайларда дұрыс шешім қабылдау алгоритміне үйрету;
нақты уақыт кезеңіндегі, нақты проблемаларды тұжырымдау, мақсаты: аталған мәселе бойынша жағдайды диагностикалау, дербес шешім қабылдау;
қолданбалы жаттығулар

Оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты кейстер келесі түрлерге ажыратылады:
талдау мен бағалауға үйретуші кейстер;
мәселелерді шешу және шешімдер қабылдауға үйретуші кейстер;
мәселені, жалпы шешімді немесе тұжырымдаманы бейнелейтін кейстер.

Ұсыну формасы бойынша кейстер екіге бөлінеді:
қағаз түрінде (мәтін, сұхбат, зерттеу нәтижелерінің сипаттамасы, мақалалар және және т. б) берілетін кейстер;
аудио/видеокейстер (фильм немесе үзіндісі, видеожазбалар, аудиожазбалар және т. б. ) .

Кейс-тапсырмалардың құрылымы мен көлемі
Кейс-тапсырмалардың құрылымы кейстің түріне және оның мақсаттарына байланысты. Бірақ кейс-тапсырма жалпы алғанда кіріспе, кегізгі және қорытынды бөліктерден тұрады.
Толық кейстер (орта есеппен 20-25 бет) бірнеше күндік командалық жұмысқа арналған және әдетте өз шешімін таныстыру үшін командамен ұсынуды білдіреді. Қысқартылған кейстер (3-5 бет) сабақта тікелей талдауға арналған және жалпы пікірталасты білдіреді.
Шағын кейстер (1-2 бет және одан аз), қысқартылған кейстер сияқты аудиторияда талдауға арналған және көбінесе сабақта оқытылатын теорияға иллюстрация ретінде пайдаланылады.

1
2
3
Кіріспе бөлім - "кейс" туралы жалпы ақпарат береді. Ол "мазмұнға ену" сатысы, яғни - оқырманды қызықтыратын шағын кіріспе немесе алғы сөзден тұрады. Алғысөздің келесі нұсқалары бар: қарастырылатын жағдайға қызығушылық тудыратын белгілі бір сюжет желісі; зерттеудің бастапқы сөздік айтылымдары, терминдер глоссарийі, негізгі сәттер; зерттеуге арналған сұрақтар және т. б. тұжырымдау. Кіріспе бөлігінде гипотеза баяндалуы мүмкін, оны кейсті шешу барысында растау немесе теріске шығару қажет болады.
Негізгі бөлім - контекст, жағдай, мәселе, фактілер.
Қорытынды бөлім - "кейсті" жақсы түсінуге мүмкіндік беретін қосымша ақпаратты ұсынады: сұрақтар, библиография, кейіпкерлердің фотосуреттері, схемалар, кестелер және т. б.

«Кейстерді» талдау түрлері
Кейсті талдаудың келесідей түрлері бар:
Проблемалық талдау
Себеп-салдарлық талдау
Прагматикалық талдау
Аксиологиялық талдау
Жағдаяттық талдау
Болжамдық талдау 7.
Ұсынбалы талдау
Бағдарламалық-мақсатты талдау

Мысал ретінде келесі тақырыпта кейс-технологияның химия сабағында қолданылуын көрсетейік.
Тақырыбы: «Фосфордың және оның қосылыстарының қасиеттері»
«Академик Семён Вольфкович совет химиктерінің ішіндегі фосформен тәжірибе жасағандардың бірегейі болды. Ол уақытта қауіпсіздік ережелері қаблдынбаған еді және газ тәріздес фосфор жұмыс барысында киімге сіңірілген. Вольфкович қараңғы көшемен үйіне қайтып келе жатқанда оның киімі көкшіл түсті көрсеткен, ал бәтеңкесінен ұшқын шыққан. Ылғи оның соңында көп адамдар жиналатын және ғалымды басқа бір әлемнен келген біреу деп санайтын, салдарынан Мәскеуде «жарық шығаратын монах» деген қаңқу сөз таралған.

Студенттер оқулықпен және интернет- ресурстармен жұмыс жасайды. Нәтижелерді кестеге енгізеді:
Фосфордың аллотропиясы
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Адам ағзасына әсері
Фосформен жұмыс жасағандақы қаіпсіздік ережесі
Фосфордың қолданылуы
Оқытушы кейс бойынша келесідей сұрақтар қояды:
Фосфордың қандай түрлері бар және «аллотропия» құбылысы дегеніміз не?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz