Оқыту процесіндегі шет тілін ауқымды қолдану


Slide 1

CLIL әдісі туралы

Slide 2

Жоспары

Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту

СLIL Content and Language Integrated Learning.

CLIL технологиясы

CLIL мақсаты:

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

СLIL -Content and Language Integrated Learning.

Content­Мазмұны

Language­Тілі

Integrated­Біріктірілген

Learning­Оқыту

Slide 4

Тіл үйретудегі сәтті қолданылған әдістерінің бірі - пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) болып табылады, бұл оқуды біріктіруге мүмкіндік береді, мысалы, ағылшын немесе неміс және арнайы пән, яғни, шет тілін үйренудің функционалдық тәсілі арқылы жалпы білім беру кеңістігін кеңейту. Сонымен қатар, тілді қолданудың мотивациясын айтарлықтай арттырады.

Slide 5

CLIL технологиясы - пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. «CLIL» терминін 1994 жылы ғылыми айналысқан Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндер немесе жеке бөлімдері «қосымша» тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын. Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады.

Slide 6

CLIL технологиясы - пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады.

Slide 7

Кейінгі зерттеулерде мынандай анықтама береді: «CLIL-оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдылардын қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс» . Негізі CLIL 2 мақсатты көздейді, яғни шет тілі арқылы пәнді оқу және оқытылатын пән арқылы шет тілін меңгеру.

Slide 8

Қазақстанның үш тілдік саясаты мектеп оқушыларына тіл үйренумен бірге тіл үйрену мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. CLIL бағдарламасы екі жаһандық мақсаттарға ие: пәннің шет тілі арқылы мектепте оқу деңгейі, сондай-ақ оқытылатын пәндер арқылы шет тілін тереңдетіп оқыту. Мұндай көзқарас студенттерге химия, математика, география, биология, жаратылыстану ғылымы, классикалық әдебиет, информатика, экономика, өнертану, философия, біртұтас үрдісінде туған және білетін тілдерінде келесі тақырыптарды түсіндіруді біріктіреді.

Slide 9

CLIL шартты түрде 2-ге бөлінеді:

Slide 10

Hard CLIL дегеніміз кез-келген мектеп пәні ағылшын тілінді жүргізіледі (тек білім алушының ағылшын тілі деңгейі L2 болуы тиіс ) . Бұндай оқыту барысында оқушылар география, әдебиет, биология, физика, тіпті дене шынықтыру пәндерін шет тілі арқылы зерттей алады.

Slide 11

Ағылшын тілі мұғалімдері soft CLIL әдісін қолданады, олардың міндеті шет тілін басқа пәндердің тақырыптарын қолдану арқылы үйрету болып табылады.

Slide 12

CLIL әр түрлі білім беру жүйесінде қолданылады, бала-бақшаның дайындық тобынан жоғары білім беру орындарына дейін жүргізілуі мүмкін. Негізінен бұл әдістемені қолдану барысында Еуропа елдерінде негізгі 4«С» аспектісі қарастырылады.

Slide 13

Мүмкіндігінше сөйлеу белсенділігінің барлық түрлері сабақта (CLIL) болуы керек, дегенмен, осы оқыту әдісінің ерекшелігі (CLIL) оқу уақытының көп бөлігін алуында. Дегенмен мұғалім сабақты жоспарлай алады, кейбір материал аудио мәтін түрінде ұсынылуы мүмкін және оқытудың іздеу әдістері арқылы диалог пен әңгіме арқылы материалды түсінуге болады.

Slide 14

Оқу материалдарын таңдағанда, жас ерекшеліктеріне және оқушылардың тілдік дайындық деңгейіне сәйкес келетін түрлі стильдердің түпнұсқа мәтіндерін таңдау керек. Сондай-ақ, аудио және бейне материалдарын пайдалануға болады. Оқу материалы екі мақсатқа қол жеткізуге тиіс: тақырып және тіл. Мәтіндер кішігірім бөліктерге бөлініп, иллюстрациялар, диаграммалар, карталар және т. б. бірге жүрсе, жақсы қабылданады

Slide 15

Осылайша, CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, , тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге - болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.

Slide 16

CLIL мақсаты:

-Пәнге байланысты оқушыларға жаңа ұғымдар мен идеяларды таныстыру.

-Оқушылардың пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз ету.

-Оқушылардың екінші тілде сөйлеу сенімділігін арттыру.

-Сабақта пән мазмұнын алдыңғы қатарға қою.

-Сабақта екінші тіл оқу жоспарына сәйкес оқушылардың қабілетіне орай жоспарлау.

-Оқушылардың түрлі ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар беру.

-Оқушыларды тіл мен пәнді қатар меңгеруі барысында қолдау көрсету.

Slide 17

Принциптері:

Slide 18

Артықшылықтары:

Slide 19

Екінші тілді оқыту төрт дағдыға негізделеді, олар:

Slide 20

Тыңдалымға негізделген тапсырмалардың өте көп түрлері бар. Мысалы, тыңдалым бойына мәтінді бірінші тілде тыңдап, оны екінші тілде айтып беру. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты бір тілде тыңдап, оны екінші тілде айтуға дағдыландырады. Сонымен қатар тез ойлап, ақпаратты жүйелі, мазмұнды жеткізуге жетелейді. Тыңдалған мәтіннің негізгі ақпаратын қосымша ақпараттан бөліп алып, оны өзінше айтуға дағдыланады. Осы тыңдалым тапсырмасы негізінде оқушыларға кесте, диаграмма, комикс немесе ментальді картаны жасауға болады. Ол тыңдалған ақпараттан кілтті сөздерін іріктеп алып, оларды дұрыс топтастыруға үйретеді.

Slide 21

Оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіру қарапайым тапсырмалардан басталып, мәселелік оқыту тапсырмаларына дейін қамтуға болады. Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау үшін әлемде PISA халықаралық емтиханы өткізіледі. Оқу сауаттылығы оқушыға берген мәтіндерді түсініп, оларға рефлексия жасап, берілген мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра алу дегенді білдіреді. Оқылым дағдысының ерекшелігі, ең бастысы, түсініп оқу, зерттеп оқу, сын тұрғысынан ойлау, аргументтерді келтіріп, оны дәлелдей алу және шолып оқу. Оқылым дағдысына негізделген тапсырмалардың бірі - ол "Перифраз". Яғни, оқушыға берілген бір сөйлемдерді өз сөзімен қайта жазу. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлемді қаншалықты түсінгендігін айқындайды, сонымен қатар екінші тілде сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйретеді.

Slide 22

Сурет, кесте, диаграмма арқылы ақпаратты бірінші тілде оқып, оны екінші тілде айтып беру тапсырмасы да оқушылар үшін өте қызықты. Мысалы, күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген ауа райы болжамы туралы ақпаратты сурет арқылы беріп, оны екінші тілде айтып бере алады.

Slide 23

Жазылым дағдысы негізінде анализ жасау, пікір, хат, эссе және т. б. тапсырмаларды қолдануға болады. Сонымен қатар сюжетті суреттерді пайдалану арқылы оқушылар тарапынан креативті жұмыстар орындалады. Кез-келген жазба жұмысын орындау кезінде оқушы жазба жұмысының стилін сақтауды ұмытпау керек. Егер ол хат болса, хат жазу үлгісін, егер мінездеме болатын болса, ресми іс-қағаздар стилін және т. б. Жазба жұмыстарының ішінде ерекше орын алатын тапсырмалардың бірі ол эссе жазу. Эссе жазудың өзіндік жүйесі бар. Ол тезис, тезиске сай аргументтерді келтіру, қажет болған жағдайда қарама-қарсы аргументтерді келтіру, себеп, ұсыныс және қорытынды. Көп адамдар эссе мен шығарманың аражігін түсіне бермейді. Дегенмен бұл екеуі бір-біріне ұқсамайтын дүниелер. Эссе жазған кезде автордың позициясы, проблеманы ашу, түйін шығару деген мәселелер алдыңғы қатарда болу керек.

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетін жетілдіру
Шетел тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Бастауыш сыныпта шетел тілін оқытудың ерекшеліктері
Бағдарлама нәтижесін алу
Химияны ағылшын тілінде оқыту артықшылықтары
Шетел тілдерін оқыту психологиясы туралы
Оқыту әдістері мен құрал жабдықтары
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz