БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ КЕСТЕСІ


Slide 1

Блум таксаномиясы туралы

Slide 2

Жоспары

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесі

Таксономия

Бенджамин Блум

Блум таксономиясы

Блум таксономиясының 6 деңгейі

Репродуктивтік әдіс

Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Slide 4

Таксономия деп - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Slide 5

Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.

Slide 6

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн.

Slide 7

Блум таксономиясы адамның ақыл- ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні -оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.

Slide 8

Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

Slide 9 Slide 10

Түсіну

Түсінудің көрсеткіші - материалды бір формадан екінші формаға өзгертіп көрсету, материалды түсіндіру, қысқаша баяндау (интерпретациясы), құбылыс пен оқиғаның әрі қарай барысы туралы ой болуы мүмкін.

Slide 11

Бұл категория оқыған материалдың жаңа ситуация мен нақты жағдайда қолдану іскерлігін көрсетеді.

Slide 12

Талдау

Бұл категория материалдың құрылымы анық байқалатындай, оны құрамды бөліктерге бөлу іскерлігі.

Slide 13

Синтез

Бұл категория жаңалықтың нышаны сезілетін элементтерді қиыстырып-құрастыру арқылы бүтінді алу іскерлігі.

- баяндама, шығарма, сөйлейтін сөз, мақала, реферат жазу;

- эксперимент жүргізу жоспарын немесе басқа іс-әрекетті ұсыну;

- міндеттің кестесін құру.

Slide 14

Бағалау

Бұл категория қандай да бір материалдың мәнін бағалау іскерлігі.

Slide 15

Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.

Slide 16

Репродуктивтік әдіс - бұл әдіс арқылымұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауы мен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі -иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады.

Slide 17

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.

Slide 18

Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың «Білім туралы» Заңында «әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.

Slide 19

Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Slide 20

Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

- Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру) .

- Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру.

- Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

- Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу қажет.

Slide 21

Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру - іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды.

Осы шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б. Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін пайдалану өте тиімді әдіс.

Slide 22

«Блум таксономиясы» кестесі

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру
Блум таксономиясының танымдық деңгейлері
Ғылымда білімді
Оқушы әрекеті
Блум таксономиясы бойынша сабақта оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
Бағалау таксономиясы (Б.Блум)белгілері, сатылары
Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері
Критериалды бағалау моделі Ішкі жиынтық бағалау
Блум таксономиясы оқыту нәтижелілігін бағалау әдістемесі ретінде
«Сын тұрғысынан ойлау» модулінің әдіс-тәсілдерін практикада қолдана білуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz