Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпаратты қамтамасыз ету




Презентация қосу
Инклюзивті білім беру
жүйесі және
Қазақстандағы инклюзивті
білім беру жүйесі.
Принципі, түрлері, мүмкіндіктері.
Мазмұны
Кіріспе.
1. Инклюзивті білім беру жүйесі.
1.1. Принциптері.
1.2. Түрлері.
2. Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі.
2.1. Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпаратты
қамтамасыз ету.
2.2. Жүзеге асырудың негізгі шарттары.
2.3. Мүмкіндіктері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Қазіргі таңда барлық әлем
жұртшылығының назарын аударып
отырған мәселе балалардың жеке
сұраныстары мен ерекшеліктеріне
ортаның, отбасының қатысуымен білім
беру үрдісіне толық қосуды
қарастыратын инклюзивті білім беру.
Инклюзивті білім беру жүйесі
Инклюзивтік білім беру дегеніміз -
барлық балаларды, соның ішінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды
жалпы білім үрдісіне толық енгізу және
әлеуметтік бейімдеуге, жынысына,
шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай,
балаларды айыратын кедергілерді
жоюға, ата-аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу-
педагогикалық және әлеуметтік
мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни,
жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік
саясат.
Принциптері
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен,
жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен
достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне
қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Түрлері
Инклюзивті білім беру жағдайында
жұмыс жүргізетін мектептерде білім
мазмұнын үш түрлі бағдарлама
бойынша реттеген абзал. Атап
айтқанда: жалпы мектептерге арналған
типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі
шектеулі балалардың ақаулық типтеріне
сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы
оқу бағдарламалары; мүмкіндігі
шектеулі балалардың психофизикалық
ерекшеліктерін есепке ала отырып
әзірленетін оқытудың жеке
бағдарламасы.
Қазақстандағы инклюзивті
білім беру жүйесі

Білім беру саласындағы негізгі
халықаралық құжаттарға сәйкес
Қазақстан Республикасының
заңнамасында даму мүмкіндіктері
шектеулі балалар үшін білім алуға тең
құқықтар қағидаты көзделген.

Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы
ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді
дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» көрсетілген.
Инклюзивті білім беруді дамытуды
ақпаратты қамтамасыз ету

Қоғамды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше
қажеттіліктері бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-
қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ балалар ұйымын
қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті атқарушы
органдармен әзірлеуді көздейді.
Әр білім алушыны компенсаторлы техникалық және көмекші
құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту
мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен барлық білім беру
деңгейлерінде көрсетілетін түзету педагогикалық қолдау
түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс
мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін
ақпараттандыруды техникалық-экономикалық негізін әзірлеуді
көздейді.
Жүзеге асырудың негізгі
шарттары

- нормативтік-құқықтық негіздерді
жетілдіру;
- ғылыми, оқу-әдістемелік, кадрлық,
қаржылық-экономикалық және басқа
да ресурстардың шоғырлануы;
- әлеуметтік-педагогикалық шарттарды
құру;
- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік
бейімдеуге және кәсіби бағдарлау мен өзін-өзі дамытуға
жағдай жасау;
- балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу
қажеттіліктерін ескере отырып, ақпаратты коммуникативтік
технологияларды пайдалануды қамтамасыз ететін
интерактивті оқыту.
Мүмкіндіктері
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі
балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты
бағыттарының бірі ретінде қарастыру керек. Бала және оның
ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі
мекемелерге мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру,
оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап,
отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты
деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым-
қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі
және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге
мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі
балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы,
арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі
салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі
қиындықтарға тап болады.
Қорытынды
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың
тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға,
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті
дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық
балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері
бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім
үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім
беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму
үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады.
Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады. Сонымен қоса, инклюзивті
оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің
бастауы болмақ .
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мағжан Жұмабаев Педагогика 1992ж.
2. Қ.Жұмасова Психология Астана -2006ж
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000ж.
4. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж
№343 заңы
5. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік
бағдарламасы.-Астана, 2010ж.
6. Республикалық педагогикалық –әдістемелік
журнал .Әлеуметтік педагог .№4 2010ж
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ
Канададағы инклюзивті білім
Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихы
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту
Инклюзивті білім беру пәні, инклюзивті білім бері ерекшеліктері
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Инклюзивті білім берудің мазмұны
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі, ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Пәндер