Созылмалы гломерулонефрит



Тақырыбы: «Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, созылмалы гломерулонефрит кезіндегі мейрігерлік күтімді ұйымдастыру»

Созылмалы гломерулонефрит
Шумақтардың, түтікшелердің, интерстицийлік тіннің иммундық қабынуымен сипатталатын, біртіндеп нефросклероз бен бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы ауруы.
Бұл гломерунефриттің ең жиі кездесетін түрі, 10-20% жедел гломерулонефриттен кейін пайда болады, қалған жағдайларда байқаусыз басталып, біртіндеп өрістейді.

Созылмалы гломерулонефрит
Созылмалы гломерулонефрит- нефротикалық, нефриттік, және зәр өзгерістері синндромы( гематурия, протейнурия) белгілерімен көрінетін созылмалы бүйректің қабыну ауруы. Артериялық қысымның жоғарлауымен, бүйрек қызметінің ( концентрациялау, фильтрация) нашарлауымен созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне соқтыратын ауру.

Этиологиясы
Созылмалы гломерулонефриттің дамуында соңғы кезде екі басты факторға көңіл бөлінген: біріншіден - организмде ұзақ сақталатын вирустарға, мәселен гепатиттің, герпестің вирустарына; екіншіден - дәрмектік және химиялық заттардың әсеріне.

Гломерулонефриттің дамуында екі механизм жатыр:
Қанда антиген-антидене комплексінің түзілуі;
Бүйректің зақымдалуына жауап ретінде бүйрекке қарсы аутоантиденелердің түзілуі.
Патогенезі
Созылмалы гломерулонефриттің басты даму механизмі - бүйрек шумақтарында иммундық комплекстердің жиналуы. Морфологиялық зерттеуде иммундық комплекстердің мезангийде, базальдік мембрананың эпителийге қараған бетінде түйінделіп жиналуы анықталады. Аурудың патогенезі аллергиялық- бүйрек шумақтарының капиллярларына антиген-антидене комплексі жабысады. Бүйректің көлемі шамалы ғана зақымдалады. Шумақтардың ұлғаюы мен оның гиперемиясы анықталады. дамуының басты механизмі- бүйрек шумақтарында иммундық комплекстердің жиналуы.
Иммундық комплекстер сырттан келіп шөгеді немесе шумақтарда жергілікті түзіледі

Созылмалы гломерулонефриттің морфологиялық жіктемесі
І) Жарықты микроскопияда шумақтардың минималды өзгерістері немесе өзгерістердің жоқтығы.
1 Өзгерістері минималды гломерулонефрит
2 Базальдік мембрананың жұқаруымен жүретін бүйректің аурулары
ІІ) Шумақтардың диффузды зақымдануы
1) Мемранозды гломерулонефрит
2) Мемранозды-пролиферативті гломерулонефрит
а) тип І -субэндотелийлік депозиттер;
в) тип ІІ-мембранатың ішіндегі тығыз депозиттер
3) Диффузды гломерулонефрит
а) IgA-мен мезангиальдік депозиттер
b) IgA-сыз мезангиальдік депозиттер

Созылмалы гломерулонефриттің морфологиялық жіктемесі
ІІІ) Шумақтардың ошақты зақымдануы
Ошақты жане сегментарлы гломерулосклероз жане гиалиноз
Ошақты жане сегментарлы пролиферативті гломерулонефрит
а) мезангиальді IgA-мен
б) мезангиальді IgA-сыз

Диагностикасы.
Зәрдің өзгерісі, гипертония, ісіну және нефротикалық синдром болса, гломерулонефриттің диагностикасы қиын емес, бірақ оның түрін (жедел, жеделдеу немесе созылмалы) айыру үшін биопсия жасалады.
Емнің негізгі мақсаттары:
гломерулонефриттің өрістеуін тоқтату, ең кемінде баяулату;
бүйрек зақымдауын қайтаруға тырысу.
Емдік дәм. Диетаның құрамын нефриттің клиникалық ерекшелігіне сәйкес келтіреді. Витаминдерге бай, калориялық құнарлығы жеткілікті тағамдарды қолданады.
Емі

Патогенездік ем.
глюкокортикоидтармен емдеу;
цитостатиктермен емдеу;
шумақішілік микроциркуляцияны жақсарту;
стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектер;
плазмаферез
Глюкокортикоидты ем
Н. А. Мухин мен Е. Тараева бойынша преднизолонның тәулігіне 1 мг/кг-нан 2 ай қабылдау тиімді болып саналады.
М. Ратнер мен С. Бирюков бойынша преднизолонның тәуліктік дозасы 60-80 мг. Емдеу уақыты 4 апта-6 ай. Емді тәулігіне 10-20 мг-нан бастайды. 4-6 күні дәрі мөлшерін оптимальді дәрежеге көтереді. Осы мөлшерде ем 3-4 апта жүргізіледі. Сонан соң әр 2-3 күн сайын 2, 5-5 мг азайтып отырамыз. Емдеу курсын 3-6-12 айда қайталаймыз.
Үдемелі кезінде пульс-терапия жүргіземіз. Метилпреднозолонның 1000 мг/тәул. 3 күн көк тамырға енгіземіз. Бұл пульс-терапияны созылмалы гломерулонефриттің активті сатысында жүргізіледі. Активті сатысын тежегеннен кейін преднизалоннын пульс терапияға днейін қоданған дозасын енгіземіз.

Мейрігерлік күтімді ұйымдастырудың негізгі мақсаты пациенттің бекітілген жері бойынша медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының медициналық қорытындысымен расталған ауыр, ушығатын аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасы мен жалпы жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шараларды көрсету болып табылады

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
https://ppt-online. org/603579
https://allrefrs. ru/2-7149. html
https://kk. dzvranje. org/5148-causes-of-chronic-renal-failure-symptoms-therapies-an. html

Назарларыңызға
рақмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz