Танау сақинасын кигізудің жасалу техникасы




Презентация қосу
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫ
«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
«АКУШЕРЛІК,ХИРУРГИЯ ЖӘНЕ ӨСІП-ӨНУ

БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы:Танау сақинасын кигізу.Ринопластика

Тексерген: Жылгелдиева А
Орындаған: Жеңіс Сай
Вм 3
Танауға сақина кигізу - ағылшын тілінде
«septum» деп аталады.Бұл процесс танаудың
орталық септумын тесу арқылы жүзеге
асырылады.

Танауға кигізілетін сақинаның
мықтысын,сенімдісін таңдайды.Сақинаның беті
тегіс болуы керек. Сақина тот баспайтын
болаттан жасалынады.
Мұрын сақинасынан

тарту кезінде жануар
ауырсынуды сезінеді
және мойынсұнғыш
болады Танау
ға
Көп жағдайда
сақин
жануар ауырсынудың
көмегімен
а
тынышталады кигізу

Танау сақинасы
малды тасмалдауға
мүмкіндік береді
Танау сақинасын кигізудің жасалу техникасы.
Сақинаны бір жасар жасбұқаларды жуасыту
мақсатында танау пердесіне салады. Бұқаны
станокқа бекемдейді жəне оның басын берік

бекітеді. Бұлшықетке нейролептик енгізеді.Танау
қалқаны жəне танауның бас жағын 0,5%-тік
мүсəтірлі спирт ертіндісімен өңдейді. Сақина өткізу
орыны–танау айнасының артқы жоғарғы бөлімі.
Сақина арнайы қысқышқа орналасады Қысқыштың
бранш- тарын жылжытып ашып танауның
қалқасына орналастырып, қысқышты қысып
сақинаны перфорациялап (тесіп) өткізеді.
Ринопластика— мұрынның туа біткен немесе
пайда болған деформацияларын түзету, сонымен
қатар мұрынның толық қалпына келуін айтады

Ринопластика-бұл пластикалық хирургияға
жатады.
Ринопластика септумның, лобтардың және мұрын
қанаттарының туа біткен ақауларын түзету үшін
жасалады. Бұл операциялар өте сирек кездеседі
және әдетте жануардың қалыпты тыныс алуын
қалпына келтіру үшін жасалады.
Ринопластика көбінесе брахиоцефальды
тұқымдардың иттер мен мысықтарға
жасалынады.

Ринопластика барлық жануарларға жасына қарамастан
көрсеткіштер бойынша жасалады, яғни бұл процедураны 2-
3 жасқа дейінгі жануарларға жүргізу ұсынылады, бірақ

операцияда тікелей көрсетілімдермен жас маңызды емес.
Тікелей көрсетілімдерге өмірге қауіп төндіретін тыныс
алудың бұзылуы -брахиоцефалиялық синдром жатады.
Ринопластика жалпы анестезиямен жасалады, операциядан
кейін барлық күйдегі жануар міндетті түрде ауруханада
кемінде 12 сағат ұсталады, бұл анестезиядан шығуды
бақылауға және операциядан кейінгі асқынулардың қаупін
едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Процедураның өзі мұрын
шеміршегінің бір бөлігін кесуден тұрады. Көбінесе жұмсақ
таңдайдың гиперплазиясын кесу қатар жүреді, өйткені бұл
патологиялар көбінесе қатар жүреді.
Жануарларда ринопластикадан кейінгі күтім 10-12 күн
ішінде антибиотикалық терапияны және жергілікті емдеуді
қамтиды. Қалпына келтіру әдетте екі аптаға созылады.
Бұқа ринопластикасы. Бұқаны станокта
бекітеді. Тынышталған малға екі жақтан көз
астыңғы жүйкеріне тежеу жасалынады.

Операция жасайтын орынды тазартып 0,5%
аммиак ерітіндісімен майсыздандырып, 1:3000
йодталған спирт ерітіндісімен домдайды.
Өткір спальпельмен шорланған танау үстіңгі
немесе астыңғы жырылған орындарын қан
шыққанша қырып тазартады. Қан кетуін
үстіңгі ерінге жгут салып немесе
пинцеттермен қысып тоқтатады.
Операцияны екі түрде жасалады
Ринопластика жасағанда малды бекемдеу


1-түрі Г. Н. Фоменко тəсілімен тыртықталған аумақты кесіп, жаралы
аумақтың пайда болуынан соң, танаудың жарғақты қабаттарының шеттерін

1–2 үзінді түйіндіні кетгут тігісімен қосып тігеді. Жіптердің ұштарын кесіп
алады, ал тігістерді біржолата шешпейді. Содан соң танаудың үзілген
ұлпаларының қалыңдығына 6-7 нүктеден сұйық пластмасса немесе БФ-6
желімін таза түрде немесе пенициллин қоспасымен 1:100 қатынаста
енгізеді.
Жара беттеріндегі артық желімді жəне қан ұйындыларын анжымен тазалап
алады.
Жараның бетіне өңдеп, танау–ерін айнасына 3–4 ілмектік тігіс салып,
ұштарын шешілмеу үшін, күйдіріп бұрап қояды. Операциядан кейін 1–2
тəулікке тесік тарылмау үшін оған қатты резенке түтіктерді өткізіп қояды.
Тігістерді 10–14 тəулік өткенде алады, танау сақинасын 45 күннен кейін
салады.
2-түрі И. И. Магда, Е. Н. Пономаренко, О. Б. Бондаренко
тəсілімен жасалынады. Ақау беттерін өңдеуден кейін
жəне қан кету тоқтатқаннан кейін жуасытатын сақинаны
салып оны тоқыма баумен, жіппен мүйіздерге бекітеді.

Қорыта келгенде сақина кейінгі манипуляцияларға
кедергі болмайды. Содан соң екі еселенген кетгутпен № 8
жіптермен үш құрық тəрізді тігіспен танаудың жырылған
шеттерін қосып тігеді. Кетгуттың тарауы барысында (2
апта) жара жазылуынан кейін, тігістерді алу қажет
болмайды.
Операциядан 45 күннен кейін мүйіздерге сақинаны
байлаған тоқыма бауды тіліп алып тастайды, бұл
операция 15 минут арасында тамамдалады. Операциядан
кейін екі тəсілде де бұқаларының рационынан ұнды
азықтарды, сабанды алып тастайды. Суаруды қолмен
суаруға ауыстырады.

Ұқсас жұмыстар
Мұрын аумағына операция жасау
Бұқа малына қысқаша сипаттама
Косметикалық операция кезде ауырсындырмау жасау және оның техникалары
Қыз көру
Қазақтың салт-дәстүрлері
КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Түйе цефалопинозы, балау және ветеринариялық шаралары
Жас табиғаттанушылар сайысы
Доппен командалық тапсырмалар
ТОПТЫҚ ЖОБА IOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Пәндер