Мойын бұлшықеттері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тақырыбы:
«Бас пен мойын бұлшықеттері»

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Бас бұлшықеттері
2. 2. Мойын бұлшықеттері
3. Қорынытынды
Жоспар:

Бұлшықеттер туралы ілім- МИОЛОГИЯ
Адам денесінің әрбір бұлшықеттері, құрылысына және атқаратын қызметтеріне байланысты: ерікті көлденең жолақты және еріксіз бірыңғай салалы бұлшықеттерге бөлінеді.

Бұлшықеттердің қызметы.
Бұлшықеттердің қызметы жиырылғыштығы болып табылады.
Бір бұлшықеттің өзі бірде антагонист, бірде синергист ретінде қимылдауы мүмкін.


Бұлшықеттің негізгі топтары :
Бас пен мойын бұлшықеттері
Тұлға бұлшықеті
Арқа бұлшықеті
Көкірек бұлшықеті
Қол және аяқ бұлшықеті

Бас бұлшықеті
Шайнау бұлшықеті
Төменгі жақ сүйекке бекінген. Бұлшықеттер жиырылғанда төменгі жақ сүйек қозғалысқа келіп, тамақты шайнауға, сөйлеуге қатысады.
Ымдау бұлшықеті
Бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астынға жағына бекінген. Ыммен адам қуануды, ренжуді, ашуды білдіреді.


Шайнау бұлшықеттері
Қызметтері
Шайнау бұлшықеті
Төменгі жақты көтереді
Самай бұлшықеті
Жиырыла отырып төменгі жақты көтереді
Медиалды қанат тәрізді бұлшықеті
Төменгі жақсүйекті алға жылжыта отырып жоғарыға көтереді.
Латералды қанат тәрізді бұлшықеті
Екі жақты жиырылу кезінде төменгі жақ алға жылжиды, ал бір жақты жиырылу кезінде қарама қарсы жаққа орын ауыстырып жылжиды.


Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Артқы тобы арқа еттерінің жалғасы болып саналады. Мойын бұлшық еттері орналасуына байланысты беткей және терең еттер болып бөлінеді. Беткей еттеріне а) төс-бұғана-емізікше еті жатады, ол төс және бұғанадан басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді; б) тері асты-адамда қалдық ет болып саналады, сүт қоректілерде жақсы жетілген. Ол үлкен көкірек еттерінің жоғарғы жағынан басталып, жақтың төменгі жерінен бекиді; в) жақ-тіл асты еті-ауыз қуысының түбін түзеді. Төменгі жақ сүйектен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Беткей еттеріне иек-тіл асты без-тіл асты т. б. еттер жатады. Терең еттер мойын омыртқаның алдынғы және бүйір жағында орналасқан. Бүйір еттерге алдынғы ортанғы және артқы сатылы еттер жатады, олар 3-4 мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталып, 1-2 қабырғаларға бекиді. Мойынның алдынғы терең еттеріне бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады, олар шүйде сүйегінен басталып, көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекиді.

Топографиялық орналасуына қарай
Беткей
Терең орналасқан
Латеральды
Медиальды
Тіласты сүйегінен жоғары
Тіласты сүйегінен төмен

Төс-бұғана-еміздік бұлшықеті
Мойынның бүйір қапталында орналасып, жиырылған кезде айқын байқалатын қос қарыншалы ірі бұлшықет. Бұл бұлшықеттің медиальды аяқшасы төс сүйегінің тұтқасының алдыңғы бетінен, латеральды аяқшасы бұғана сүйегінің төстік ұшынан басталады. Бұлшықеттің аяқшалары, өрлеме бағытта өтіп, бір-бірімен өзара бұрыш құрап бірігіп, бұл бұлшықеттің қарыншасын құрап, самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісі мен шүйде сүйегінің жоғарғы желкелік сызықшасының бүйір қапталына барып бекиді.
Қызметі: Тұлғаны берік ұстап тұрып, жиырылған кезде, басты бір жағына қарай иеді. Екі жағы бірдей жиырылған кезде, басты артқа қарай шалқайтады. Басты тік ұстап жиырылған кезде, кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.
Нервтенуі:ХІ жұп қосымша нервтің талшықтары, мойын нервтің тармақтары
Қандануы: шүйделік артерия, төс-бұғана-еміздік артерия.

Мойынның тері асты бұлшықеті
Өте нәзік және жалпақтау келіп, тері астында орналасқан. Ол куде бұлшықеттерінің беткей фасциялық табақшасынан басталып, латеральды бұлшықет талшықтары меншікті шайнау бұлшықеттің және қалқанша бездің фасциялық қабықшасына ұласса, медиальды бұлшықеттік талшықтары ерінді төмен түсіретін бұлшықет пен күлімсіреу бұлшықеттің талшықтарына ұласады.
Қызметі: Жиырылған кезде мойынның терісін төмен қарай тартып, тері астында орналасқан веналардың қысылуынан қорғап, бас аумағынан жинақталған вена қанын жүрекке қарай өтуін қамтамасыз етеді. Ауыз езуін төмен тартады.
Нервтенуі: VІІ жұп бет ми нервінің, мойындық бұтағы арқылы.
Қанмен қамтамасыз етілуі: бет артериясы, беткей мойындық артериясы арқылы.

Мойынның тіласты сүйегінен жоғары орналасқан бұлшықеттер

Екі қарыншалы бұлшықет
Бұл бұлшықеттің қарыншалары бір-бірімен сіңірше арқылы байланысқан.
Алдыңғы қарыншасы- төменгі жақ сүйегінің екі қарыншалы бұлшықеттік шұңқыршасынан басталып тіласты сүйегінің денесіне бекінген.
Артқы қарыншасы -алдыңғы қарыншаның сіңіршесінен басталып, еміздік тәрізді өсіндісіне бекиді.
Қызметі: Тіласты сүйегін бекемдеп ұстаған жағдайда, төменгі жақ сүйегін төмен қарай тартады. Керісінше, төменгі жақ сүйегін мықтап ұстаған жағдайда, тіласты сүйегін жоғары қарай көтереді.
Нервтенуі: алдыңғы қарыншасын V жұп үшкіл ми нервтің төменгі жақ-тіласты нервісі.
Артқы қарыншасы- артқы құлақтық нерв арқылы.
Қанмен қамтамасыз етуі: Алдыңғы қарыншасы -иектің төменгі артериясы-a. submentalis
Артқы қарыншасы- шүйделік және артқы құлақтық артерия арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Біз-тіласы бұлшықеті
Жалпақтау және жіңішкелеу келген. Самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталып, төмен және алға қарай бағыт алып, екі қарыншалы бұлшықеттің сіңіршесін екі жағынан орап, тіласты сүйегінің денесіне бекиді.
Қызметі: Жиырылған кезде тіласты сүйегін артқа, жоғары қарай тартады.
Нервтендірілуі: VII жұп ми нервінің біз-тіласты бұтағы арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: бет артериясы, шүйделік артерия

Иек-тіластылық бұлшықеті
Ол төменгі жақтың иектік қылқанынан (spina mentalis) басталып, артқа және төмен бағытта жақтіластылық бұлшықеттің жоғарғы бетінен жанай өтіп, тіласты сүйегі денесіне барып бекиді.
Қызметі: тіласты сүйегін алға және жоғары қарай жылжытса, тіласты сүйегін бекемдеп ұстаған жағдайда төменгі жақ сүйегін төмен бағытта қозғалтады.
Нервтендірілуі: мойын нервтері nn. cervicales арқылы нервтенеді.
Қанмен қамтамасыз етілуі: Иекастылық және тіластылық артериялар

Жақ-тіластылық бұлшықеті
Сыртқы пішіні жалпақтау, үшбқрыш тәрізді болып, ол төменгі жақтың жақ-тіластылық сызықшасынан жоғарыдан төмен, артынан алға қарай қиғаш бағытта өтіп, жақ-тіластылық сіңірлі тігісін құрайды. Артқы талшықтары :тіласты сүйегіне бекиді.
Қызметі: төменгі жақ сүйегін берік ұстаған жағдайда, тіласты сүйегін көтеруі. Керісінше тіласты сүйегін жылжытпай мықтап ұстаған жағдайда төменгі жақсүйегін төмен тартады.
Нервтенуі: V жұп үшкіл ми нервтің жақ-тіластылық нерві.
Қанмен қамтамасыз етілуі: Иекастылық және тіластылық артериялар.

Төс-тіласты бұлшықеті
Жалпақ енсіз келіп, төс сүйегі тұтқасының кеуде қуыстығына қараған бетімен және төс-бұғана буынының артқы бетінен басталып, өрлеме бағытта өтіп тіласты сүйегінің денесіне барып бекиді.
Қызметі: Жиырылған кезде тіласты сүйегін төмен тарту.
Нервтенуі: Мойын ілмегінің жоғары түбіршегі арқылы нервтенеді.

Төс-қалқанша бұлшықеті
Жалпақтау келіп, төс-тіласты бұлшықеттің артқы қапталында орналасқан. Бұл бұлшықет төс сүйегінің тұтқасы мен І қабырғаның шеміршектік бөлігінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, қалқанша шеміршегінің қиғаш сызықшасына, linea obligua барып бекиді.
Қызметі: көмейді төмен тарту.
Нервтенуі: мойын ілмегінің жоғарғы түбіршектері арқылы нервтенеді.

Көмей - тіласты бұлшықеті
Ол төс-қалқанша бұлшықеттің тікелей
жалғасы болып саналады. Ол қалқанша
шеміршегінің қиғаш сызықшасынан
басталып, өрлеме бағытта өтіп тіласты сүйегінің үлкен мүйізінің бүйір қапталына барып бекиді.
Қызметі: көмейді тіласты сүйегіне қарай тарту
Нервтенуі: мойын ілмегінің көмей -тіластылық бұтақтары арқылы нервтендіреді.

Қалқанша безін көтеруші бұлшықеті
Кейбір кезеңде байқалмайтын сирек
кездесетін нәзік бұлшықет. Ол, жоғарыда айтылып көмей-тіласты бұлшықеттің ішкі қапталында орналасып, тіласты сүйегі мен қалқанша шеміршегінен басталып, қалқанша бездің дәнекер тканды қабатына барып бекиді.
Қызметі: Қалқанша без бен оның қабын көтеру болып табылады.

Жауырын-тіласты бұлшықеті
Пішіні ұзын және жалпақтау келген 2 қарыншалы бұлшықет.
1) Төменгі қарыншасы -venter inferior -жауырын сүйегінің жоғарғы тілігінің көлденең байламынан басталады.
2) Жоғарғы қарыншасы-venter superior-төменгі қарыншаның тікелей жалғасы болып саналады.
Қызметі: Жауырын сүйегін ықшамдап ұстаған жағдайда, тіласты сүйегін төмен және артқа қарай тарту. Мойын қан тамырлары мен нервтерінің қынабын құрау.
Нервтенуі: Мойын ілмегінің жоғарғы түбіршектері арқылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz