Ежелгі батыс елдері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫННЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТАҚЫРЫБЫ:

«Ежелгі батыс елдері. Греция . Греция еліндегі құқық»

Slide 2

ЖОСПАР:

Ежелгі батыс елі- Греция

Греция еліндегі құқық

Slide 3

Ежелгі грекия

Slide 4

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр. Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарың мекендеген тайпалардың өркениеті ерекше тарихта орын алды. Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы Пелопоннес түбіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп аталынды. Крит-найзағай тәңірі Зевстің туған жері, аңыз бойнша Гректің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы асқан сұлу Еуропаны алады, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туылған. Атақты Геракл жайлы да аңыз осы аралмен байланысты.

Slide 5

«Гомер кезеңі»

Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен «Гомер кезеңі» деп аталынады.

Қазба дүниелерден талдау жасағанда Гомерлік кезеңнің IX-XIII ғ. рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастаған. Өмір үшін күрестің яғни күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар -деген өмірлік қағидаларға грек философы Протогор былай деген «Адам - бар дүниенің өлшемі». Дегенмен адамнан гөрі құдiретті құдайлар бейнелерінің көптен берілуі - грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.

Гомер дәуірінен келіп жеткен - аю өрнектер, құмыралар, қоладан жасалынған құмыралар, мүсіндер жатады. Құмыраны әшекейлер үшін геометриялық стильді қалыптастырды.

Slide 6

Грек архитектурасы

Афины Акрополі

Крит сарайындағы жазбалар

Slide 7

Қыш құмыра

Slide 8 Slide 9

Ежелгі Грециялық саяси-құқықтық ойлардың шығу және даму тарихы үш кезеңге бөлінеді.

Slide 10

Б. з. д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының «озықтары» билігі - аристократиялық идеалды жақтады. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б. з. д.

IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Мемлекеттік басқаруда халық билігі - демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, «Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады» . Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.

Slide 11

Платон - антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.

Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.

Slide 12

Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады.

«Заң» деген шығармасында Платон мемлекеттік қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскслерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түріңде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттін жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлыктың заң шеңберіңдегі шегі анықталады.

Slide 13

Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонын шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б. з. д. 384-322жж. ) есімімен тікелей байланысты.

Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін - теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Азия - қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы
Олжас Омарұлы Сүлейменов
Өркениет және мәдениет ұғымдары
“Еуропа мен Азия елдері”
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Отын өнеркәсібі
АФРИКА ЕЛДЕРІ
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
Ежелгі Мұсылман философиясы
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АЗИЯ ЖƏНЕ АФРИКА ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz