Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін деген сылтаумен




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАҚЫРЫБЫ:
“Д.А.ҚОНАЕВТЫҢ
ҚАЙРАТКЕРЛІК
ТҰЛҒАСЫ”
ЖОСПАР:

1 Д.А.Қонаев өміріне шолу

Еңбек баспалдағы мен
қызметі
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ
(1912—1993)
ӨМІРБАЯНЫ
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында,
қызметкердің отбасында өмірге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы
облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер
болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты
болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы
атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй
шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін,
1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті
Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға
жібереді.
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ
ОТБАСЫМЕН
ЕҢБЕК ЖОЛДАРЫ
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын
алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының
Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі,
цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы
жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл”
комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО
қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор
кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының
орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған
зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және
оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев
республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-
ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын
білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге
асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық
комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына
Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ
жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев
«Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші
хатшысы болғанда республика партия ұйымын
басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен
КОКП мүшелігінен босатылды.
ИГІ ІСТЕРІ МЕН
ЖЕТІСТІКТЕРІ
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып
сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің
бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын
басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956
жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі.
Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің
Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше
болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік
басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-
қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік
саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы
еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел
басқарған жылдары кең байтақ
қазақ жерінде 68 жұмысшылар
кентімен 43 қала пайда болды.
Оның ішінде, өнеркәсіп
орталығы болып саналған
Рудный, Екібастұз, Шевченко
(қазіргі Ақтау), Никольский,
Степногорск, Теміртау,
Жаңатас, Кентау, Арқалық
қалалары салынды.

Ауыл шаруашылығы қарқынды
дамып, тың және тыңайған
жерлер игерілді. Кеңшарлар
мен ұжымшарлар салынды.
Мал саны көбейіп, ауыл
шаруашылығының өнімдері
жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп,
оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде
дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір
бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан
астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және
титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков
кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-
металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа
зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған
хром кенінің көлемі артты.

Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс
тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл,
Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары
құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім
әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің
аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан
отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз
және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары
фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
МАРАПАТТАРЫ
Үш мәрте
Социалистік Еңбек
Ері (1972, 1976, 1982)
8 Ленин ордені
Еңбек Қызыл Ту
ордені
Медальдар

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
МАҚАЛАЛАРЫ МЕН
КІТАПТАРЫ
1978 жылы – «Кеңестік
Қазақстан», «Таңдамалы
сөздері мен мақалалары»
1992 жылы – «О моём
времени»
1994 жылы - «От
Сталина до Горбачёва»
1994 жылы -
«Ақиқаттан аттауға
болмайды»
ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТТАР
Дінмұхамед Қонаев - КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған
алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын
15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
Отбасында 11 баланың 4-шісі.
Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен
жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп
жүрген.
Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
Шағын пәтерінде(қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200
кв.м
Кезінде Леонид Брежнев(КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп,
Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар
дүниең осы ма?"- деп таңданады.
Д.Қонаев және
Л.Брежнев

Қазақстан
компартиясының
бірінші секретары
Д.Қонаев (сол
жақта),ЦК КПСС бас
секретары
М.Горбачев (оң
жақта). Целиноград,
1985 ж.
Д.Қонаев «Современик»
театрының әртістерімен
кездесу үстінде
(06.04.1973 ж.)

Дінмұхамед
Ахметұлы
халықпен кездесу
сәті
Монғол Халық Республикасының
делегациясын қарсы алу сәті. Д.Қонаев және
жұбайы Зухра Ялымова (1976 жыл)
Дінмұхамед
Ахметұлының ескерткіші

Дінмұхамед
Ахметұлын бір топ
замандастары еске
алуда
ҚОРЫТЫНДЫ
Ел жадында ерекше сақталатын есімдер болады. Олар өзгелерден
ерекшеленіп, артында өшпес өз қалдырады, елге қызмет етеді, жасампаздықтың
үлгілі өнегесін көрсетіп, ірі тұлға ретінде тарих бетінен айрықша орын алады.
Ұлы Абай айтқандай ақыл, қайрат пен жылы жүрек үшеуін бірдей ұстаған
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-құрметті азамат, көрнекті қайраткер, ұлы адам, ірі
тұлға.
Дінмұхамед Ахметұлы үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып, 8 рет
Ленин орденінің және басқа да еліміз бен шет мемлекеттердің ордендері мен
медальдарының иегері болды.Ол еліміздің партия және шаруашылық
жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді, 100-ден аса ғылыми
еңбектері жарық көрген. Академик Д.Қонаев тағылымы терең, ой-өрісі кең
білімдар адам болған. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың естелігінде: «Дінмұхамед
Ахметұлы Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз» дейді.
Ол қызмет еткен жылдардың ішінде республикамыздың өндіргіш күші 700%
өсті. Басқаша айтқанда, жаңадан жеті Қазақстан орнады: өнеркәсіп 9 есе, ауыл
шаруашылығы 6 есе, күрделі құрылыс 8 есе өсті.
1993 жылдың 22 тамызында ол дүниеден өткенде, онымен қоштасуға келген
халықта есеп болмады. Опера театрынан Кеңсай зиратына дейін жолдың екі жағы
адамға толып, сүйікті перзентін ақырғы сапарға шығарып салды.
Ол артында өлмейтұғын іс қалдырған тұлға.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы
- 1987.
2. http://today.kz/kz/news/mdeniet/2018-01-12/75790
0-arapajyim-mr-srgen---dnmhamed-onaev-turalyi-e
-yizyityi-derekter/
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
САЯСИ КӨШБАСШЫ - ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ
Қазақ КСР министрлер
Алматы қаласында
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ
Алматы қаласында ескерткіш - бюст
Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР
"Желтоқсан оқиғасы"
Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі
Желтоқсан оқиғалары
Желтоқсан көтерілісі туралы
Пәндер