Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы



Тақырыбы: “Ежелгі Үндістан мемлекетінің құрылысы, орталық және жергілікті басқару”
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫННЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Ежелгі Үндістанның даму тарихына жалпы сипаттама
Ежелгі Үндістанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысы
ЖОСПАР:

Ежелгі Үндістанның мемлекеттік және құқықтың қалыптасу тарихының бірқатар ерекшеліктері:

Ежелгі Үндістанда мемлекеттік және құқықтық институттардың пайда болып дамуына дін басты әсер етті. Үндістанда үш мыңнан астам діндер бар. Үндістанда индуизм, брахманизм, джайдизм және әлемдік діндердің бірі - буддизм қалыптасты. Әрбір үндіс үшін міндетті нормаларға бағынып, оларды орындау діни міндет - дхарма болып табылды. Оны бұзған үшін қатал жаза белгіленген. Осындай қалыптасқан жағдайды билеуші топтар да мемлекеттілік билікті нығайту үшін қолданды. Олар да мемлекет пен діннің тығыз байланысын насихаттады.
Ежелгі Үндістанның мемлекеттік-құқықтық тарихынды толық орталықтанған мемлекеттер болмаған. Негізінен Үндістан тарихы гегемон-мемлекеттермен байланысты. Олар дамуының шарықтау шегіне жетіп басқа мемлекеттерді өзіне бағындырып, кейін құлдырауға ұшырап отырды. Олардың орнын жаңа гегемон- мемлекет басты. Деспотиялық сипаттағы мықты орталықтан мемлекет құруға деген қажеттіліктің болуын екі фактордың әсері арқылы түсіндіруге болады.

Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы Шығыстық деспотиялық сипатта болғанымен, басқа Шығыс елдерімен салыстырғанда өзінің шектелгендігімен және әлсіздігімен сипатталады. Біріншіден, патшаның қолында шексіз заңшығару билігі болған жоқ. Мысалы Маурийлердің басқару кезеңінің өзінде заң шығаруда алқалық органдар: патшанның жанындағы кеңестік орган - раджасабха және шенеуліктердің кеңесі - мантрипаришадтың маңызы жоғары болды. Сонымен бірге, Ежелгі Үндістанда монархиялық басқару нысанымен қатар республикалар да орын алды.

Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылымының ерекшелігі ондағы варналық- касталық жүйенің орнауы. Бұл жүйе Солтүстік үндістанға индоарий тайпаларының басып кіруімен байланыстырады. Бұл жүйеге сәйкес тұлғаның қоғамдық мәртебесі оның әлеуметтік тууына және варналық қатыстылығына байланысты анықталады. Аталмыш жүйеге сәйкес төрт негізгі варна (санскриттеден аударғанда қаптама, түсі деген мағына береді. ) бар. Үнділер оларды джати деп атайды, ал европалықтар каста дейді.

Адамның қай кастаға жататындығы оның тууымен анықталған және мұрагерлікпен ауысып отырған. Әрбір кастаның өкілдері ұрпақтан-ұрпаққа бір ғана мамандықпен айналысты, бір құдайларға ғана сенді, бір-біріне қатысты және басқа каста өкілдеріне қатысты талаптарды қатал орындап тұрды. Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды.

Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылысы Шығыстық деспотиялық сипатта болғанымен, басқа Шығыс елдерімен салыстырғанда өзінің шектелгендігімен және әлсіздігімен сипатталады. Біріншіден, патшаның қолында шексіз заңшығару билігі болған жоқ. Мысалы Маурийлердің басқару кезеңінің өзінде заң шығаруда алқалық органдар: патшанның жанындағы кеңестік орган - раджасабха және шенеуліктердің кеңесі - мантрипаришадтың маңызы жоғары болды.

Сонымен бірге, Ежелгі Үндістанда монархиялық басқару нысанымен қатар республикалар да орын алды. Мысалы, Маурилер державасының құрамында жартылай автономды ган және сангх республика-мемлекеттер болды. Біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта дравидтерді Гиндукуш жене Памир тауларынан түскен ақ тайпалар басып алып, олар Пенджаб жене Ганг өзендерінің жоғары бассейніне орналасты. Осы тайпаларды арийлер деп атайды, арийлер дегеніміз ақсүйек, жақсы түқым деп аударылады. Дравидтерді олар "дасью" деп атаған. Бұл жүйеге сәйкес тұлғаның қоғамдық мәртебесі оның әлеуметтік тууына және варналық қатыстылығына байланысты анықталады. Аталмыш жүйеге сәйкес төрт негізгі варна (санскриттеден аударғанда қаптама, түсі деген мағына береді. ) бар. Үнділер оларды джати деп атайды, ал европалықтар каста дейді. Адамның қай кастаға жататындығы оның тууымен анықталған және мұрагерлікпен ауысып отырған.

Әрбір кастаның өкілдері ұрпақтан-ұрпаққа бір ғана мамандықпен айналысты, бір құдайларға ғана сенді, бір-біріне қатысты және басқа каста өкілдеріне қатысты талаптарды қатал орындап тұрды. Осы айтқан тайпалар ғасырлар бойы кешпелі өмір сүріп, кебінесе мал багумен айналысты. Арийлер егін шаруашылығымен де шүғылданған. Олардың күріш, күнжіт және арпа отырғызғаны белгілі. Мақтадан мата току, ыдыс-аяқ жасау, қола мен темірден қару соғу кәсіптерінің дамығаны анық. Егін шаруашылығының, қолөнер жене мал өсірудің дамуы бірте-бірте сауданың пайда болуына екелді. Арийлер басып алғаннан кейін Үндістанда ауыл қауымы болғаны белгілі, ол адцымен отбасы қауымы бодцы да, соңынан қоныс қауымына айналып кетті. Бүл қауымдарды "вишпатья" деген старосталар, және "сабха", "самити" деген кеңес басқарды.

Мемлекетті патша биледі. Оның билігі Құдаймен байланыстырылып қасиеттендірілді, алайда шексіз болған жоқ. Себебі патша билігі аристократияның мықтылығымен, қалыптасқан дәстүрлермен және ауыл қауымының дербестігімен шектелді. Соған қарамастан патшаға кең уәкілеттіктер берілген. Ол ерекше дхарманы жүзеге асыруға міндетті болды:

Экономикалық жағдайы мен мәдени дамуы әртүрлі халықтарды біріктірген империяны патша тек тармақталған бюрократиялық аппарат арқылы ғана басқара алды. Үндістанда оны жоғарғы лауазымды тұлғалар - мантриптар басқарды. Мемлекетті басқаруда жоғарғы шенеуліктердің патша жанындағы кеңесі - мантрипаришад үлкен рөл атқарды. Оның құрамына әскери және діни шонжарлар кірді. Сонымен бірге, шонжарлармен қатар ауыл және қала тұрғындары да кіретін орган - раджа-сабх та мемлекетті басқаруға араласты. Орталық басқару ведомствалар арқылы жүзеге асырылды. Оларға әскери, қаржы, салық және сот ведомствалары кірді. Бюрократиялық аппараттың қызметін патшаның арнайы бақылау ведомствалары жүзеге асырды: патшаның құпия агенттері, жансыздар.

Жергілікті басқару қатаң орталықтанған иерархиялық жүйе болды. Мемлекет бөлінетін ең ірі әкімшілік-аумақтық бөлініс - ұлыс болды. Олардың саны бес болды. Ұлыстарды өз бюрократиялық аппараты бар патшазадалар басқарды. Ұлыстар өз кезегінде провинцияларға (джанапад) бөлінді. Оларды патша тағайындайтын раджуктар басқарды. Олар тәртіпті бақылады, салық жинады, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырды және ауылдар мен қалаларды сыртқы жаудан қорғауды қамтамасыз етті. Провинциялар облыстардан (прадештер) тұрды. Прадештердің құрамында ауыл кеңесімен басқарылатын қалалар және бес немесе он үйден тұратын ауылдық қауымдар кірді. Маурилер империясында ауылдық қауымның өзін-өзі басқаруы сақталды. Он үйден аспайтын ауылдық қауымды патша шенеулігі емес, ауылдың ақсақалы - грамика биледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz