Сипаттары ДНҚ РНҚ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Slides.kz
Ген (көне грекше: γένος — тұқым, тек) — тұқым
қуалаудың қандай да бір элементтер белгісін
қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік.
Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын
генетикалық ақпарат болады. Бір организмнің Гендер
жиынтығы оның генотипін құрайды.Ген терминін алғаш
рет 1909 жылы Дания ғалымы В.Йогансен енгізді.
Барлық Гендер ДНҚ-дан тұрады және әрбір жеке
жасушадағы мыңдаған осындай Гендер жеке
ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде емес, хромосома
деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында
болады.
Ген түсінігін генетика ғылымына 1909 жылы Иогансен енгізген.
Т.Морганның 1926 жылы теориясы бойынша ген дегеніміз – бір
белгінің жарыққа шығуына жауап беретін ары қарай бөлшектенбейтін
хромосома бөлігі. Ген тұқым қуалау материалының, мутацияның,
рекомбинацияның бірлігі. Гендер хромосома бойында орналасып, өз
қызметін бірбіріне тәуелсіз, жеке атқарады. Ген нуклеотидтерден
тұрады; нуклеотидтер саны, орналасу тәртібі әр геннің ерекшелігін
сипаттайды. Әрбір геннің өзіне тән мөлшері, нуклеотидтер саны,
молекулалық массасы бар.
Геннің қызметі

1. Тұқым қуалау информациясын сақтайды
2. Геннің екі еселенуі
3. Белоктың биосинтезін басқаруы
4. ДНҚ репарациясы – ДНҚ синтезіндегі бұзылыстардың
қалпына келуі.
Геннің қасиеттері:
1.Геннің дискреттілігі
2.Геннің арнайылылығы
3.Геннің плейотроптылығы
4.Ген әсерінің өлшемділігі
5.Геннің бірнеше әртүрлі формада
кездесуі
Гендердің қасиеттері және олардың мәні.
Геннің қасиеттері Геннің қасиетінің мәні

1. Дискреттік Гендердің араласпауы

2. Тұрақтылық Құрылысының сақталуына әрекет етеді.

3. Лабильді Көпретті мутацияға қабілетті

Көптеген гендер популяцияда молекулярлық түрлердің көптігімен
4. Көптік аллелизм
маңызды.

5. Аллельдік жағдай Диплоидты ағзалардың генотипінде геннің тек екі түрі.

6. Специфкалық
Әр ген өз өнімін кодтайды
(өзгешелігі)

7. Плейотропия Геннің көптеген эффектісі

8. Эксперссивтік Белгіде геннің көріну дәрежесі

9. Пенетранттық Фенотипте геннің көріну жиілігі

10. Амплификация Ген көшірмесі санының ұлғаюы
Геном(ағылшынша геноме, грекше генос —
шығу, тек) — хромосомалардың гаплоидты (сыңар)
жиынтығында шоғырланған гендердің бірлестігі. Геном
терминін 1920 жылы неміс биологы Г. Винклер енгізді.
Гаплоидты жиынтық көбінесе жыныс жасушаларына
тән, ал сомалық (дене) жасушаларында
хромосомалардың диплоидты (екі еселенген) жиынтығы
болады. Кейде хромосомалардың саны қалыпты
диплоидты жағдайдан артып кетеді. Егер гаплоидты
жиынтықтан Геном үш не төрт есе артық болса,
триплоидты және тетраплоидты, ал бір Геном ағзада
бірнеше рет қайталанса, автополиплоидты, ал әр түрлі
біріккен ағза аллополиплоидты деп аталады.

Slides.kz
Геном эволюциясы Геномдық
эволюциясының міндеті прокариоттық
және эукариоттық, секвенирленген
геномдарының тұрақты өсуде санына
үнемі өзгеріп және дамып келе жатқанын
зерттеу болып табылады Геном
эволюциясы- геномының құрылымында
( ретпен ) немесе өлшемі бойынша уақыт
ішіндегіі өзгерістері болып табылады.

Slides.kz
Хроматин - жасуша ядросының негізгі компоненті; оны
интерфазалық ядродан немесе митотикалық хромосомадан бөліп алу
айтарлықгай жеңіл. Ол үшін оның әлсіз иондық күші бар сулы ерітіндіде
немесе жай деиоидалғаи суда ерітілген күйге көшетін қасиетін
пайдаланылады, алайда бірден с.йық күйге емес, қоймалжың күйге ауысады.
Мұндай препараттарды нағыз сұйық ерітіндіге айналдыру үшін сілку,
араластыру және қосымша гомогенизация сияқты күшті механикалық
эсерлерді кажет етеді. Осындай әсерлер, сондай-ақ оны ұсак фрагменттерге
бөлшектегенде хроматиннің қалыпты құрылымының бұзылуына әкеледі, бірақ
оның химиялық құрамы өзгеріссіз қалады. Әр түрлі объектілерден алынған
хроматин фракциялары айтарлықтай ұқсас немесе бірдей компоненттер
жиынтығынан тұратындығы анықталды. Интерфазалық ядродан алынған
хроматиннің химиялық құрамы митотикалық хромосоманың хроматинінен аз
мөлшерде ерекшеленеді.
Хроматиннің негізгі компоненттері ДНҚ және
белок, ақуыздардың ішінде негізгісі гистон және
гистондық емес белоктар. Бөлініп алынған хроматиннің
орташа шамамен 40%-ға жуығын ДНҚ және 60%-ға
ақуыздар құрайды, барлық белоктардың ішінде ядролық
арнайы белок- гистондар 40-тан 80%-ға дейінгі мөлшерін
құрайды. Хроматинді фракцияныңқұрамына одан басқа,
РНҚ, көмірсулар, липидтер, гликопротеидтер сияқты
мембраналы компоненттер де кіреді. Бірақ осы минорлы
компонентердің хроматин құрылымына қанша мөлшерде
кіретіндігі әлі анықталмаған.

Slides.kz
Slides.kz
1) Нуклеин қышқылдары (НҚ) барлық тiрi
ағзалардың жасушаларындағы генетикалық
ақпараттың тасымалдаушысы болып саналады.
2) Олар молекулалық салмағы жоғары, күрделi
биополимерлер. НҚ мономерлерi - нуклеотидер,
соған байланысты НҚ полинуклеотидтiк тiзбек
деп атауға болады.

Әр нуклеотид үш компоненттен тұрады:
1)-бескөмiртектiк моносахарид (пентоза) ;
2)- фосфор қышқылының қалдығы ;
3)азоттық негiздер: аденин (А), гуанин (Г),
цитозин (Ц), тимин (Т) немесе урацил (У).

1)Азоттық негiздерi А және Г - пуриндер класына,
Т,У және Ц - пиримидиндер класына жатады.

Slides.kz
Сипаттары ДНҚ РНҚ
1. Молекулалық құрылымы Комплементарлық принцип бойынша А мен Т; Бiр полинуклеотидтiк тiзбек
Г мен Ц арасында пайда болатын сутектiк байланыстар
арқылы қосылған екi қарама-қарсы бағыталған
полинуклеотидтiк тiзбектен тұратын биспираль.
(А=Т, Г=Ц; А+Г=Ц+Т ара- қатынасы тең - Чаргафф
ережесi)

2. Нуклеотидтер құрамы 1. азоттық негiздердiн түрлерi - А,Т,Г,Ц 1. азоттық негiздердiн түрлерi - У , А, Г,Ц
2. моносахаридтiң түрi – дезоксирибоза 2. моносахаридтiң түрi – рибоза
3. Фосфор қышқылының қалдығы 3. Фосфор қышқылының қалдығы
3. Қасиеттерi 1. Авторепродукцияға (екi еселену) қабілеттiлiгi бар. 1. Авторепродукцияға қабілеттiлiгi жоқ. РНҚ-ның
Ескi ДНҚ-ның әр тiзбегi жаңа тiзбектiң барлық түрлерi ДНҚ молекуласының бiр тiзбегiн
синтезделуiнде қалып (матрица) ретiнде қалып ретiнде колдана отырып синтезделедi
қолданылады (репликация процессi) (транскрипция процессi)*
2. ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамына түрлiк ерекшелiк 2. РНҚ-ның нуклеотидтiк құрамында түрлiк ерекше-
тән, бiрақ әр ағзаның барлық жасушаларындағы лiк жоқ, және бiр организмнiң әр жасуша-сында
ДНҚ бiрдей болады. РНҚ түрлерi айрықша болуы мүмкiн (әсiресе
ақпараттық РНҚ)

4. Қызметтерi 1. ДНҚ - ақпараттық қалып - өйткенi оның бойында - Тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру қызметi. РНҚ
барлық тұқым қуалайтын ақпарат жазылған қызметiне қарай үш түрге бөлiнедi
2. ДНҚ тұқым қуалау ақпаратын жасушаның ұрпақ аРНҚ - ақпаратты ДНҚ молекуласынан көшiрiп алып

қатарында өзгермей берiлуiн қамтамасыз етедi цитоплазмаға белок синтезделетiн жерге жеткiзедi
тРНҚ - аминқышқылдардың арнайы тасымалдаушысы,

трансляция кезiнде адаптор ретiнде кодондарды тану
процессiн қамтамасыз етедi
рРНҚ - рибосоманың құрылымдық бөлiгi, рибосоманың

аРНҚ-ны танып байланысуын қамтамасыз етедi

Ұқсас жұмыстар
Нуклеотидтер құрамы
Жасушада кездесетін ДНҚ орны
транскрипцияның молекулалық негізі
ДНҚ - ның транскрипциясы
Транскрипция процессі
ДНҚ бөлімі
Геннің экспрессиясы
Тұқым қуалау ақпараты берілу тиіптері
ДНҚ - ның құрылысы
РНҚ БИОСИНТЕЗІ
Пәндер