Көру акті


Slide 1

Тақырыбы: «Көру акті. Рефракция мен аккомадация. Көру қызметтерінің дамуының негізгі кезеңдері»

Slide 2

Көру талдағышының негізгі мүшесі - көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта - көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады.

Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі - торлы қабық.

Сыртқы қабықтың алдынғы бөлігін қасаң кабық деп атайды. Ол түссіз, мелдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі сыңдырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, нерв қабын түзеді. Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін кан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нурлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда - ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры кебейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді - көз адаптациясы жүреді.

Slide 3

Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті жасушалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшықтан құралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарықтың кері шағылысуы нәтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап тұрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сәуле ғана емес, шағылысқан сәуле де әсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жылқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап тұрады. Бұл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдында ерекше шағылдырғыш жарғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс кристалдар сіңген талшықтардан құралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады.

Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалардан құралады. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар әлсіз, қарауытқан сәулелердің әсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар көбірек шоғырланады. Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі жөне сыртқы, - тұрады. Сыртқы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында жасушалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 16-18 жіңішке жіпшелерден - фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) жасушаларға беріледі.

Slide 4

Қос өрісті жасушалар туйінді (ганглиозды) жасушалармен жалғасады. Соңғы жасушалар өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті жасушалар көптеген таяқшалармен байланысады. Әр бір сауытша тек бір ғана қос өрісті жасушамен байланысады, сигналды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі.

Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.

Жарық сезгіш жасушаларда қозу үрдісі фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Таяқшаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал сауытшаларда - йодопсин деген заттар болады. Родопсин мен йодопсин белок тектес жоғары молекулалы қосылыстар. Жарық әсерімен родопсин ретинен (А дәрумендерінің альдегиді) және опсин белогына ыдырайды да, өзінің қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары түске айналады, артынан түссізденіп кетеді. Қараңғыда ретинолдың (А дәрумендері) қатысуымен родопсинді қайта синтездеу үрдісі жүреді. Ретинол жетіспеген жағдайда бұл реакция тежеліп, қараңқыға бейімделу үрдісі бұзылады, ақшам соқырлық байқалады.

Slide 5

Көру рецепторлары аталған пигменттерінің фотохимиялық реакциялары салдарынан қозады. Көру пигменттері ыдыраған кезде бөлінген иондар торлы қабық рецепторларын тітіркендіріп, көру жүйесінде импульстер пайда болады.

Құрылымы жағынан йодопсин родопсинге жақын, ол ретинен мен фотопсин белогының қосындысынан түрады. Фотопсин үш турлі болады, сондықтан сауытшалар әр түрлі ұзындықтағы сәулелер толқынына (күлгін, жасыл, қызыл) реакция беретін жасушалар болып жіктеледі. Осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі комбинацияда қозуы нәтижесінде түрлі рең түйсігі пайда болады.

Егер көзге ұзын толқынды сәулелер әсер етсе, онда тек осы толқынды қабылдайтын сауытшалар қозып, қызыл түс түйсігі пайда болады. Жарық әсерінен сауытшалардың екінші түрі қозса - жасыл түс түйсігі, ал үшінші сауытшалар қозса - күлгін түс түйсігі туындайды. Аралық түстер осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі деңгейде қозуының нәтижесінде пайда болады. Мысалы қызыл сары түс түйсігі қызыл сауытшалар күшті, жасыл сауытшалар жеткілікті деңгейде, ал күлгін сауьггшалар әлсіз деңгейде тітіркенгенде пайда болады. Ал осы үш түрлі сауытша бірдей деңгейде қозса - ақ түс қабылданады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Көздің қосымша мүшелері

Slide 9

Көру функцияларының бұзылыстары

Slide 10

Көз аурулары

Slide 11

Клиникалық рефракция

Slide 12 Slide 13

Аккомодация -- ағзалардың, ұлпалардың және оның жеке бөліктерінің өзгерген жағдайларға бейімделуі. Мысалы: көздің әртүрлі қашықтықта орналастырылған заттарды көруге бейімделуі көз бұршағының дөңестенушінің ұлғайып кішіреюі арқылы реттеледі - ал қараңғыда көруге бейімделуі көз қарашығының диаметірінің үлкеюі арқылы орындалады. және оның жеке бөліктерінің өзгерген жағдайларға бейімделуі. Мысалы: көздің әртүрлі қашықтықта орналастырылған заттарды көруге бейімделуі көз бұршағының дөңестенушінің ұлғайып кішіреюі арқылы реттеледі - ал қараңғыда көруге бейімделуі көз қарашығының диаметірінің үлкеюі арқылы орындалады.

Slide 14

Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы:

Патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері (токсоплазмоз және басқа жұқплы, қабыну процестері, зат алмасудың бұзылуы) ;

Тұқымқуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады - а) микрофтальм - көз құрлымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм - туа біткен көзсіздік; в) катаракта - шыны тәрізді көздің мөлдір денесінің бұлдырауы.

Көздің туа біткен аурулары - көздің тор қабығының пигментті дистрофиясы (дегенерация), көру аймағының кішірейіп оның толық жойылуы ерекшелігі және астигматизм - аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы.

Туа біткен зарарсыз ми ісіктері.

Slide 15

Жүре пайда болған аномалдар туа біткендерге қарағанда аз таралған. Бұл халыққа көрсетілген емді - профилактикалық көмектің жақсарғанына және денсаулық ақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре пайда болған аномалдылықтың этиологиясы:

Бала көзінің ауыр зақымдануы, өкпе ауруы, мерез, трахома, шешек

Көз ауруларының әсерінен;

Көзге және миға қан құйылу, туу кезіндегі бас жарақаттары, көз және мидың түрліше жарақаттарынсыз зақымдануы (бастың соғылуы немесе жарақаты) ;

Көздің жарақаттануы;

Глаукома - көз ұлпаларының өзгеруі және көз іші қысымының көтерілуімен байланысы ауыр дәрежелі ауру;

Көру нервісінің атрофиясы;

Орталық нерв жүйесінің ауруы (менингит, менингоэнцефалит) ;

Организмнің жалпы аурулардан кейін асқындауы, инфекция;

Алыстан және жақыннан көрмеушілік;

Slide 16

Нашар көретін балалар соқыр балаларға қарағанда көп топ құрайды - бұл - 0, 05-тен 0, 4-ке дейінгі қарапайым түзету амалын қолдануда жақсы көретін көзде өткір көретін балалар. Егер нашар көретін баланың жарық сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар бейнеленгенін көре алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі байқалады. Нашар көретін балалар мінезінің түрлі ерекшеліктерімен ашушаңдығымен, тұйықтығымен, мінезінің кейбір жағымсыз белгілерімен ерекшеленеді. Бұл кемшіліктер оқудағы, ойындағы, құрдастарымен араласу барысындағы қиындықтар мен сәтсіздіктерді түсіндіреді. Көру жұмысы кезінде мұндай балалар тез жолығады, оны дамыту мен қорғау шараларының болмауы көрудің одан әрі нашарлауына әкеп соғады. Көрудің жалығуы ақыл-ой және физикалық іскеліктің төмендеуіне әкеледі.

Slide 17

Соқыр балалардың сөйлеу қызметі. Коррекциялық шаралардың арасында көрудің қалдық көріністерін дамытуды стимуляциялау үлкен орын алады. Кемістік емес сақталған функцияларды сақтауға қажетті көмек көрсету қажет.

Соқыр балалардың танып білу сферасы жағынан сипаттама. Сезінуі - баяу, аз, жеткіліксіз. Көру көріністері бұзылған -баяу сөздерді есте сақтау. Талдауда, синтездеуде, салыстыруда қиыншылықтар - теріс қорытындылар және тұжырымдық - заттық тәжірибелік дағдының жеткіліксіздігі.


Ұқсас жұмыстар
Кремний қышқылы және силикаттар
Ежелгі Мысыр, Қытай және т.б. елдерде әктас пен гипс өндірісі мен қолдануының дамуы. Италлия, Англия, Россияда гидравликалық байланыстырушы материалдардың дамуы мен қолдануы. Байланыстырушы заттардың заманауи күйі және болашақта дамуы. Глинозем өндірісінің жылу балансын есептеу
Ежелгі Мысыр, Қытай және т.б. елдерде әктас пен гипс өндірісі мен қолдануының дамуы
Асқазан ішек жолдарының функциясы бұзылуы
Есептік құжаттар құралы
Кермектілікті жою жолдары
Физикалық қасиеті
Кіріс құжаттары
Мемлекет және заң
Құқық нормаларының құрамы және мемлекеттерін мазмұндау тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz