Еңбек нарығы - жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы
Презентация қосу
ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ
АХМЕ ТКОЖ И Н ШЫН ҒЫС
Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып
алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы.
Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа
түседі. Осыны есте сақтаған жөн.
Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны
мен сапасы еңбек иесі – жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның
біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және
басқа да факторларға байланысты болып келеді.
Еңбек ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы жұмысшылардың
жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата алуға
дайындықтары.
Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді:
Елдегі демографиялық жағдайлар;
Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы;
Жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы;
Миграциялық үдерістер;
Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі;
Кәсіподақтар қозғалысы;
Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері;
Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылығы.
Еңбекке деген сұраныс – бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе
мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын
сипаттайтын қажеттіліктері.
Еңбек нарығында сатушылар жалақы жоғарылағанда еңбектің ұсынысын
арттырады, ал жалақының төменгі деңгейінде еңбекті қысқартуға мәжбүр болады.
Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек ұсынысында ерекше жағдай қызық
қалыптасады.
Жалақының екі түрі ажыратылады:
Атаулы жалақы – бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт
аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша
сомасының жиынтығы.
Нақты жалақы – бұл жұмыскерлердің өзі үшін және отбасын
қамтамасыз етуі үшін алған жалақысына сатып ала алатын
тауарлар мен қызметтерінің жиынтығы, басқаша айтсақ, нақты
жалақы атаулы жалақының сатып алушылық қабілеті. Нақты
жалақы екі факторға: а) атаулы жалақыға; ә) тауарлар мен
қызметтер бағасының деңгейіне тәуелді.
Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі.
Соның негізгі екеуіне тоқталуға болады:
Мерзімдік жалақы – бұл жалақының еңбектің нақты атқарған
жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік
жалақы әдетте, жай мерзімді және мерзімді сыйақылы болып
тағайындалуы мүмкін.
Келісімді жалақы – бұл жалақының жұмыскердің қажетті сапада
өндірген өнімінің санына байланысты төленуі. Жалақының бұл
түрі мынадай жүйелерде белгіленуі мүмкін: аккордтық, келісімді
сыйақылы, тікелей келісімді және келісімді үдемелі жалақылар.
Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары
табыс- тарының басым бөлігін құрайды және табыс
табудың осындай негізгі көзі адамдардың тұтыну
тауарларына деген сұраныстарының көлеміне және
олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz