КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУДЫҢ РОЛІ, МӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ




Презентация қосу
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУДЫҢ
РОЛІ, МӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Жоспары:

Кәсіпорында еңбекті нормалаудың
ролі, мәні және әдістері
Еңбек нормаларының түрлері
Уақыттың жұмсалу ұзақтығына
әсер ететін факторлар
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУДЫҢ РОЛІ,
МӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Еңбекті нормалау – белгілі
бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға
қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық
тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және
қызмет нормасын белгілеп, өндіріс
орныныңэкономикалық өмірінде маңызды роль
атқарады.
Ұйымдарда еңбекті нормалаудың мақсаты ғылыми
жетістіктер мен үздік тәжірибені енгізу, олардың
нормалардан уақтылы көрініс табуы нәтижесінде
еңбек шығындарын азайту бойынша мақсаткерлік
жұмыстарды жүргізудің негізінде оның өндірістік
және еңбек әлеуетін тиімді пайдалануды,
шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар мынадай
міндеттерді шешеді: өндірістің едәуір тиімді жағдайларын анықтау,
оларды нормаларға бекіту және осы нормаларды игеру, сондай-ақ
болашақ стратегиялық міндеттерді шешуге байланысты
жұмыстарды: жалпы салалық деңгей бойынша
еңбек шығындарының қол жеткізілген көлемін бағалауды, осы
деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау және оны төмендету
жолдарын; техникалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін
жүргізудің нәтижесінде еңбек шығындарын азайтудың
экономикалық негіздемесін тексеруді жүргізу.
Өзінің экономикалық мәні тұрғысынан еңбек шарасы
болып табылатын еңбек нормалары:
-еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыру;
-ағымдағы және перспективалық жоспарлау;
-еңбек тиімділігін бағалау және еңбектің жоғары
өнімділігін ынталандырудың негізі болу;
-еңбектің қалыпты қарқындылығы мен ауырлығын қамтамасыз
етуге негіз болу;
-қызметкердің мүдделерін оған еңбек нормаларына сәйкес
тапсырылатын жұмыстардың мазмұндылығы бөлігінде сақтау, оның
кәсіптік-біліктілік жағынан өсу перспективаларының
(еңбек карьерасы) кепілдігі қызметтерін атқарады.
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру
бойынша жұмыстарды нарық жағдайында жұмыс беруші
жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын
(тарифін) азайтуда еңбек нормалары рөлінің күшеюімен
олардың қызметкердің мүмкіндігі мен
қажеттілігіне бағытталуы тиістілігіне байланысты
еңбекті нормалау мынадай қағидаттарға құрылуы керек:
- әрбір қызметкердің еңбек үлесін өлшеу және
бағалауды қамтамасыз ететін еңбекті нормалау
саласын барынша кеңейту
(еңбекті нормалаудың жалпылығы);
- нормалар еңбектің қажетті шығындарын бейнелеуі
керек және ұқсас ұйымдық-техникалық
жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай
болуы керек;
- еңбек нормаларының ұйымдық-техникалық факторлармен
қатар, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік
факторларды да ескеріп негізделуі;
- ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін ескеру;
- өнімге көп еңбек жұмсауды азайта отырып, «зерттеу —
Еңбекті нормалау жөніндегі жұмысты жүйелі
түрде жүргізу қажет және норманың барлық
«өмірлік циклін»: қолданыстағы нормаларды
талдау; жаңа нормаларды белгілеу (жаңа
өнімге немесе қолданыстағы норманы
жаңасымен ауыстыру); норманы игеру,
өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды,
прогрессивті технологияны, жаңа техниканы
енгізу жолымен перспективті бағыттарда
қайта талдау және жұмыстарды жүргізуді
қамтуы қажет. Осы Әдістемелік
ұсынымдар Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді
және Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың
негізгі принциптерін айқындайды.
ЕҢБЕК НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек
нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт,
өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ
нормаланған тапсырмалар.
Уақыт нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің
немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-
техникалық жағдайларда жұмыс бірлігін орындау үшін
белгіленген жұмыс уақыты шығындарының көлемі.
Өндіру нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір
қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі
бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты
бірлігінде орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.)
міндетті белгіленген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны).
Қызметкерлер санының нормасы – белгілі бір кәсіптік-
біліктілік құрам қызметкерлерінің белгілі бір ұйымдық-
техникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін немесе
жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің
белгіленген саны.
Қызмет көрсету нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір
қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі
бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінің
ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілер
(жабдықтардың, жұмыс орындарының және т.б. бірліктері)
саны.
Нормаланған тапсырма – бір қызметкер немесе қызметкерлер
тобы жұмыс ауысымында немесе жұмыс уақытының өзге
бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.
Басқарушылық нормасы – бұл белгілі бір ұйымдастырушылық-
техникалық жағдайда бір қызметкер басқаруға тиіс
қызметкерлердің регламенттелген саны (бөлімшелер саны).
Еңбек нормалары жеке операцияға (операциялық нормаға)
немесе операциялар тобына, жұмыстардың аяқталған кешеніне
(ірілендірілген, кешенді норма) белгіленеді.
Нормалардың дифференциация дәрежесі өндіріс типімен,
өндірілетін бөлшектер (бұйымдар) партиясының көлемімен
шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен,
өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формаларымен айқындалады.
Ірілендірілген және кешенді нормалар өнімнің (жұмыстардың,
қызметтердің) жоспарлы-есептік (есептік) бірлігіне,
дайын бұйымға, буынға, бригадалық жиынтыққа,
технологиялық оқшауланған операцияға, құрылыс кезеңі
немесе объектісіне қарай белгіленеді.
Жұмыстарға белгіленген, ұйымдық-техникалық жағдайлары
жағынан тұрақты еңбек нормаларымен қатар, уақытша және
біржолғы нормалар қолданылады.
Еңбектің уақытша нормалары жаңа өнімді, техниканы,
технологияны игеру, нормалар мен нормативтік
материалдар болмаған кезде өндіріс
пен еңбекті ұйымдастыру кезеңіне еңбекті нормалау үшін
белгіленеді.
Еңбек нормаларының қандай да бір түрін
қолдану өндіріс жағдайына, еңбек сипатына және басқа да
факторларға байланысты. Еңбек нормаларының негізгі ең
көп қолданылатын түрі уақыт нормасы болып табылады,
себебі жұмсалатын еңбек мөлшерін жалпыға ортақ өлшеуіші
болып табылады. Жұмыс уақытының шығыны өндіру, қызмет
көрсету және қызметкерлер саны нормаларының негізіне
салынған.
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдар –
жұмыстардың элементтерін немесе кешенін орындауға, жабдықтың,
жұмыс орнының, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т.б.
бірлігіне қызмет көрсетуге, сондай-ақ өндірістің нақты ұйымдық-
техникалық жағдайы мен факторына байланысты өлшем бірлігі
ретінде қабылданған өндірістік функцияларды немесе жұмыс көлемін
орындау үшін қажетті қызметкерлердің санына жұмсалған еңбектің
(уақыттың) регламенттелген мәні.
Нормативтік материалдарға мыналар кіреді:
жабдық жұмысы режимінің нормативтері;
уақыт нормативтері;
регламенттелген үзілістердің нормативтері;
қызметкерлердің саны нормативтері;
қызмет көрсету уақытының нормативтері;
еңбек процессінің элементтері бойынша сараланған және
ірілену дәрежесі белгіленетін еңбек нормаларынан төмен уақыт,
өндіру және қызмет көрсету нормалары.
Жабдық жұмысы режимінің нормативтері – жабдықтың жұмыс
параметрлерін едәуір оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін
регламенттелген өлшемдері. Олар зертханаларда да, сол сияқты
өндірістік жағдайларда да әзірленеді, әзірлеу барысында жабдықтың
кинематикалық және динамикалық мүмкіндігі ескеріледі.
Уақыт нормативтері – еңбек процессінің жекелеген элементтеріне
жұмсалатын регламенттелген уақыт көлемі, олар нақты еңбек
нормаларын, нормаланған тапсырмаларды есептеуге, ірілену дәрежесі
едәуір жоғары уақыт нормативтерін әзірлеуге арналған.
Уақыт нормативтері еңбек процессінің
мынадай элементтеріне әзірленеді: еңбек қимылы, еңбек әрекеті, еңбек
тәсілі, тәсілдер кешені, еңбек операциясы, сондай-ақ
еңбек уақытын жұмсау түрлері: негізгі, қосымша жедел уақыт, жұмыс
орнына қызмет көрсету уақыты, дайындау-қорытынды уақыты,
толық емес жеке уақыт.
Қызмет көрсету уақытының нормативтері – жабдық бірлігіне, жұмыс
орнына және басқа да өндірістік бірліктерге қызмет көрсетуге
жұмсалатын уақыттың регламенттелген көлемі.
Қызметкерлердің саны нормативтері – жұмыс көлемі бірлігін немесе
оның жекелеген функцияларын орындау үшін қажетті жұмысшылардың
регламенттелген саны.
Еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне және
жұмыс уақытын жұмсау түрлеріне бөлуге сәйкес уақыт нормативтері
сараланған және ірілендірілген деп бөлінеді.
Сараланған уақыт нормативтеріне жекелеген еңбек тәсілдерін,
әрекеттерді және қимылдарды орындау нормативтері жатады.
Еңбек қимылдары мен әрекеттерін орындау үшін әзірленген сараланған
уақыт нормативтері микроэлементті нормативтер деп аталады.
Ірілендірілген нормативтер уақыт нормаларының бірнеше құрамдас
бөлігі бойынша жекелеген тәсілдерге немесе еңбек процессінің едәуір
ірі элементтері – тәсілдер кешені, операцияға белгіленеді.
Қолданылу саласы бойынша еңбек жөніндегі
нормативтік материалдар салааралық, салалық және жергілікті
болып бөлінеді.
Салааралық нормативтік материалдар еңбек жөніндегі уәкілетті орган
белгілеген тәртіп бойынша әзірленеді және экономиканың әр түрлі
салаларындағы ұйымдарда бірдей технология бойынша ұқсас өндірістік
жағдайда жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің
еңбегін нормалау үшін пайдаланылады.
Салалық нормативтік материалдар мемлекеттік басқарудың салалық
органдарының шешімі бойынша әзірленеді және осы саласына тән
жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін
нормалау үшін немесе жұмыстардың қандай да бір түрлеріне
салааралық нормативтік материалдар болмаған кезде пайдаланылады.
Жергілікті нормативтік материалдар жұмыстардың
жекелеген түрлеріне ұйымда тиісті салааралық немесе
салалық нормативтік материалдар болмаған жағдайда, сондай-ақ
ұйымда еңбекті нормалауға арналған қолданыстағы салааралық және
салалық нормативтік материалдарды әзірлеген
кезде ескерілгенмен салыстырғанда едәуір прогрессивті ұйымдық-
техникалық жағдай жасаған кезде әзірленеді.
УАҚЫТТЫҢ ЖҰМСАЛУ ҰЗАҚТЫҒЫНА ӘСЕР
ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Нормативтерді әзірлеу сапасы сипаттамасының бірі
еңбек құралының, жабдықтардың, технологиялық
процесстің, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру,
еңбекті ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық және
жалпы эстетикалық жағдайлар, қызметкерлердің
кәсіби деңгейі мен олардың психофизиологиялық
сипаттамасы ретінде қолданылатын уақыттың
жұмсалуына әсерін тигізетін факторларды есептеу
толықтығы болып табылады.
Жалпы жағдайларда факторлар қалыптасатын
алдын-ала еңбек процесі мен
нормативтерді әзірлеушілер тәжірибесінің
мазмұнына негізделіп таңдалады, ал сонан соң
алынған кемімелі (формулалардың) теңдеулерінің
негізділігін сипаттайтын статистикалық
өлшемдерінің негізінде нақтыланады.
Жұмыс түрлері бойынша алдын-ала топтастырылған
нормативтер әзірленетін әртүрлі операциялардың
орындалу ұзақтығына әсер ететін
факторлар еңбек шығынының көлеміне
операциялардың: техникалық, ұйымдастыру,
психофизиологиялық, экономикалық, әлеуметтік және т.б.
түрлері бойынша орындау кезінде әсерін тигізетін,
өзгермейтін және ауыспалы факторлар келтірілуге тиіс
кестелер түрінде ұсынған ыңғайлы.
Одан әрі зерттеу кезінде жұмыстың орындалу ұзақтығына
әрбір (тәуелсіз ауыспалы) фактордың әсер ету дәрежесі
анықталады және нормативтерді есептеу үшін
қолданылатын эмпирикалық формула түрінде тәуелділік
белгіленеді.
Эмпирикалық формула түрінде көрсетілген жалпылама
деректер негізінде тәуелділікті айқындау нормативтерге
таңдап алынған шеңберде жан-жақтылықты қосады, бұл
оның сипаттайтын параметрлері қандай құрамда болуына
қарамастан өнімнің кез келген бірлігін даярлауға
арналған нормаларды есептеу үшін қолдануға мүмкіндік
береді.
Бастапқы деректерді математикалық әдістермен өңдеу
Бастапқы деректерді талдау және өңдеу зерттелетін факторлардың
әсер ету дәрежесін айқындау мен нормативтік формулаға
енгізілетін негізгілерін таңдау, сондай-ақ:
негізгі (кемімелі теңдеуі) факторлардан уақыт тәуелділігін таңдау;
кемімелі (формуласы) теңдеуінің параметрлерін айқындау;
алынатын нәтижелердің дұрыстығын тексеру;
нормативтік кестелерді әзірлеуді қамтиды.
Жұмысшылардың еңбек шығынын нормалауға арналған
нормативтік материалдарды әзірлеу мынадай болады:
орташа көлемді есептеу;
кемімелі теңдеуін дәлелдеудің графикалық талдау тәсілі;
ең кіші квадрат әдісі;
өзара байланысты — кемімелі математикалық-статистикалық әдістеріне
негізделеді.
Тәуелділік түрін таңдау біркелкі шкалалармен координаттар
жүйесінде графикаға арналған бастапқы деректердің орналасудан
кейін жүзеге асырылады. Егер нүктелердің орналасуы фактор
мәнінің өсуімен уақыттың жұмсалуының біркелкі көбеюін (азаюын)
көрсетсе, онда тәуелділік сызықтық болады. Егер графикадағы
нүктелердің орналасуы турасызықты көрсетпесе, онда дәрежелік
тәуелсіздік орын алады.
Нормативтерді орташа шамаларды есептеу әдісімен әзірлеу
Орташа шаманы белгілеу әдісін жұмысты орындау қиындығы мен оған
әсер ететін факторлардың арасындағы, сондай-ақ жұмысшылардың
жұмыс уақытының жұмсалуын бақылау нәтижелері бойынша алынған
бастапқы материалдарды өңдеу кезінде нормативтерді әзірлеудің
бірінші қадамында басқа, барынша прогрессивті әдіспен тәуелділігін
белгілеу мүмкін болмаған жағдайда нормативтердің барлық түрлерін
есептеу үшін қолдануға болады.
Орташа шаманы есептеу әдісін нормативтерді әзірлеу процесінде
қолданғанда мынадай жұмыстарды орындау көзделеді:
қиындығы сол бір факторға байланысты жұмыстың
белгілі бір түрлері бойынша уақыттың жұмсалуын өлшеу нәтижелерін
топтастыру;
төзімділіктің нақты коэффициенттері бойынша (бақылау нәтижелері)
нақты хронологиялық қатарды бағалау.
Егер төзімділіктің нақты коэффициенті нормативтіктен кем немесе
тең болса, хронологиялық қатар төзімді болып есептеледі, ал егер
төзімділіктің нақты коэффициенті нормативтіктен асып кетсе,
хронологиялық қатар төзімсіз болып саналады, және оны жақсарту
қажет, яғни төзімді қалыпқа келтіру керек;
жақсартылған хронологиялық қатардың орташа арифметикалық мәні
ретінде нормативтік уақытты (еңбектің жұмсалуы нормасы) айқындау.
НАЗАРЛАРЫҢ
ЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Еңбекті ұйымдастыру
Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер Еңбек ақы төлеудің разрядтары Тарифтік коэффициенттер
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу
Еңбек және оның экономикалық мәні
Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері
Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері жайлы
Еңбекті нормалау
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру және еңбек ақы төлеу.Еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру
Өндірістің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
Кәсіпкерлік қызметтегі кадрлармен қамтамасыз ету
Пәндер