Тәжірибе жетекшісі



Өндірістік тәжірибе есебі «Еуразиялық банк» АҚ
Студент: Басымбек Оразкүл
Тәжірибе жетекшісі: Тұраров Д. Р.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Экономика кафедрасы
Алматы, 2020 жыл

Кәсіпорын туралы ақпарат
Бірінші аптада, Кәсіпорынмен таныстым. Eurasian Bank - қазақстандық коммерциялық қаржы институты. 1994 ж. құрылған. 2019 жылы құрылғанына 25 жыл толды. Осы уақыт ішінде банк танымал брендке айналып, бәсекелестігі жоғары қаржылық қызметтер нарығында өз орнын қалыптастырды. Қазіргі таңда, Eurasian Bank-інің ел аумағы бойынша 17 филиалы және 114 бөлімшесі бар.
Екiншi аптада (23. 07. 20-29. 07. 20) банктің кірістер-шығыстар құжаттарымен таныстым, табыс көздері мен шығындпрына анализ жасадым.
Үшінші аптада, (30. 07. 20-05. 08. 20) шаруашылық бухгалтерлік есептерімен таныстым, кәсіпорын ресурстарына, тиімділігіне мән бердім.
Төртінші аптада, (06. 08. 20-11. 08. 20) Кәсіпорынның әкімшілік-басқару жүйесімен таныстым. Мәліметтер базасын оқып шықтым.
Бесінші аптада, (12. 08. 20 - 18. 08. 20) банктің маркетингтік және стратегиялық жоспарын зерттедім, төлем қабілеттілігіне және бәсекеге қабілеттілігіне анализ жасадым. Тәжірибені қорытындылап, ұсыныстар жасадым.
Ғылыми зерттеу жұмыстары

Тәжірибе қорытындысы және ұсыныс
Қорытыгдылай келе, Еуразиялық Банкі банктік қызметтің барлық талаптарына сай келетінін атап өткім келеді. Себебі ол заңды және жеке тұлғаларға қызметтердің толық спектрін ұсынады. Мысалы: тұтынушылық несие, пластикалық карталар бойынша операциялар, аударым операциялары, депозиттік операциялар, чиптік карталар бойынша операциялар, телефон байланысы үшін төлемдер, валюта айырбастау операциялары, салық төлемдерін қабылдау, зейнетақы жарналарын қабылдау, халықаралық аударымдар, несиені өтеу.
«Еуразиялық Банк» АҚ-на болашақта енгізуге мүмкін жаңа инновациялық технологиялардың бірнеше түрін ұсынар едім:
- клиенттердің қалаулары мен банк бөлімшелері экономикаларын жетілдіруді мақсатында бейнетіркеуіш жүйесін енгізу;
- клиент кіріп тек бейнеконтакт-орталығы қызметкерімен қатынасып қана қоймай, сонымен қатар, қажетті құжаттарды алуға және оларды кіріктерме принтерде шығарып алуға мүмкіндік беретін тәулік бойы қызмет көрсететін (банктік карта көмегімен ашылып жабылатын) бейне дүңгіршектерді енгізуді;
- банк клиенттерінің өздеріне қызықты ақпараттарды алып қана қоймай, өзінің және қызметкердің уақытын үнемдей отырып, құжаттың белгілі бір бөлігін толтыру мүмкіндік беретін интерактивті витриналар енгізу;
- банк бөлімдерінде келушілер барлық өнім түрлерімен танысуға және шарттарды салыстыруға мүмкіндік алатын Microsoft Surfase тачскрин-столды орнату;
- интернет банкингті жетілдіру жолы ретінде электрондық төлем жүйелерін Yandex, WM, RuPay бағдарламасын қолданып, ұялы байланыс операторлары арқылы электронды жүйелер дамыту. Ұялы байланыстарға Keeper-Mobyle, GSM-Keeper бағдарламаларын енгізу.

Студент жетістіктері
Алғашында маған тапсырылған жұмыс ол компьютердегі программалармен танысып, қалай жұмыс жасау керектігін үйрену болды. Exel программасымен жұмыс жасау аса қиындық тудырған жоқ, себебі Университетте жүріп үйренгенімнің көмегі тиді десекте болады. Барлық клиенттерді белгілі бір топтарға сұрыптауды үйрендім.
Мен көп мәлімет біле бастаған соң, мені клиенттермен xабарласып оларға график құруды тапсырды. Әрине алғашында клиенттердің бәрімен тіл табысу қиын болды. Тіпті клиенттердің ұрсысында естіп, оларды жеке шақырып төлемегендері туралы кездесулерде болды. Әр клиенттің жағдайына түсіп сөйлесуге тырыстым. Мен бір тәсіл ойлап таптым, көп клиенттер арасында аз несиесі қалғандарға бірінші xабарласуды ұйғардым себебі олар аз қалған соманы тез арада төлейді және сізбен көп ұрсысып отырмайды. Сүйтіп әр жасалған график сайын өзіме кішігірім мотивация болып, неғұрлым көп клиентпен xабарласып жақсы жағымнан көрінгім келді. Неғұрлым өзімді сабырлы ұстауды үйрендім. Шынымен менің тәсілім өзіме ыңғайлы және нәтижесін берді.

Назарларыңызға рахмет!!!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz