Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
« Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті » КеАҚ

БӨЖ
Тақырыбы: Жануарлардың гликозидтермен
улануына токсикологиялық сипаттама.

Орындаған: Билялов Е.Е.
Тексерген: Тұрарханова А.С.
Оқу тобы: ВМ-803

Семей 2021
Жоспар:
• Кіріспе.
• Негізгі бөлім.
• Гликозидтердің құрылымы мен қасиеттері.
• Жануарлардың гликозидтермен улануы.
• Қорытынды.
• Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе:
• Гликозидтер гидролиз кезінде бөлінген минералды қышқылдардың (in vitro)
немесе ферменттердің (in vivo) әсерінен қантты немесе қантсыз (агликондар –
органикалық қышқылдар, алкоголдар, альдегидтер, терпендер, фенол туындылары,
стероидтар) бөлігіне ыдырайтын, өсімдік тектес эфир тәрізді, күрделі органикалық
қосылыстар. Қант тек қана глюкоза түрінде ғана емес, сондай-ақ әртүрлі
пентозалар түрінде де белгілі болғандықтан, оларды гликозидтер деп атаған дұрыс.
• Телімді (спецификалық) ферменттер әсерінен гликозидтер өсімдік бойында
және ішек-қарында, сонымен қатар ұлпаларға таралғаннан кейін, гликондар мен
агликондарға оңай гидролизденеді.
Гликозидтердің құрылымы мен қасиеттері
• Таза күйінде гликозидтер – ащы дәмі бар, кристалды, аморфты немесе шайыр тәріздес қатты зат. Суда
еріп, бейтарап реакция көрсетеді. Кейбіреулері спирт пен хлороформда ғана ериді. Қалыпты жағдайда
гликозидтер өте төзімсіз келеді. Олардың көпшілігі кетіргенде немесе қыздырғанда, сондай-ақ
қышқылдар мен сілтілер әсерінен ыдырап кетеді.
• Улылық қасиеті түзілетін “аглюкондарға” байланысты. Олар альдегидтер, қышқылдар, алкалоидтар
т.б. болуы мүмкін. Гликозидтер фермент энзимінің әсерінен суға еріткенде, белгілі бір жылулықта,
механикалық әсер еткенде оңай ыдырайды. Әрбір энзим гликозидтің тек бір белгілі түрін ғана ыдырата
алады. Гликозидтерді бөлшектеу үшін олардың сілтідегі немесе қышқылдағы ерітіндісін қыздыру керек.
Әсіресе тұз қышқылымен ерітіндісінде жақсы ыдырайды. Гликозидтердің мал асқазанында жақсы
ыдырауын осымен түсіндіруге болады.
Токсикологиялық мәні бар барлық гликозидтер 4 топқа бөлінеді:

1. Құрамында азоты бар агликондардан тұратын, ыдыраған кезде өте улы синиль қышқылын
түзетін гликозидтер (нитрил- немесе циангликозидтер).

2. Құрамында азот және күкірті бар агликондардан тұратын гликозидтер
(тиогликозидтер).

3. Құрамында азотсыз агликондар бар, жүрекке әсер ететін гликозидтер.

4. Құрамында гемолитикалық және көбік түзгіш қасиеті бар, стероидты және үш
терпеноидты сапонигендерден тұратын агликондар бар сапонин- гликозидтер (сапониндер).
Гликоздиттер құрылымы жағынан:

Қалқанша безін
зақымдайтындар

Тітіркендіргіш майлар
( сапониндер)

Жүрекке және қан
тамырларына әсер
ететіндер
Жануарлардың гликозидтермен улануы:
• Дақты арронник ( Arum maculatum). Тамыр түйнектен
тұратын көпжылдық өсімдік. Жапырақтарында қара түсті
дақтары бар. Жемісі – қызыл жеміс. ТМД-ның оңтүстік-
шығысында кең таралған, ылғал топырақты, көлеңкелі жерлерде
жиі кездеседі. Құрамында шығу тегі белгісіз гликозидтер,
сонымен қатар, эфир майлары кездеседі. Жануарлардың барлық
түрлеріне әсер етеді. Кілегейлі қабықтарды қатты тітіркендіріп,
сілекейдің бөлінуін көбейтіп, іш өткізеді.
• Уланған жануарлардың денесінің артқы бөлігінде ерекше
әлсіздік байқалады. Зәрі қызыл түске боялып кетеді. Емдеу үшін
алдымен іш өткізгіш заттар, содан кейін бүркігіш және кілегейлі
заттар қолданылады, диета тағайындалады.
Рапс (РапсBrassica napus L)
• Ботаникалық сипаттамасы. Жергілікті атаулары: кольза, арамшөп. Рапс екі
түрде жақсы белгілі:бақшалық брюквасы және рапс. Бұлардың айырмашылығы:
брюкваның тамырлары қалың етті, ал рапстың тамырлары жұқа, сабағынан
қалың емес. Рапс биік өсімдік, биіктігі 125-150 см дейін жететін сабағы
бұтақталған және кезектесіп орналасқан жасыл жапырақты өсімдік. Рап
соңтүстік аудандарда өсіріледі және сорттары өте көп. Сирегірек арамшөп
өсімдік түрінде де кездеседі.
• Қойлар. Құрамында аллилді-қыша майы бар өсімдіктерді жеу негізінде
қойлардың улануы өте жіті түрде өтеді.Клиниикалық белгілер: мұрыннан
көбікті сұйық ағу, тыныстауы жиілейді, кілегейлі қабықтар цианозы.
Шошқалар. Азықтың дәні араласқан шөпті жеуінен болады.
Жылқы. өкпе эмфиземасы кезіндегідей өкпе торшалары кеңейеді. Кейде
әртүрлі кезіндегідей өкпе торшалары кеңейеді. Кейде әртүрлі сипаттағы
сырылдар пайда болады. Уақыты келе ауыр жөтелдің ұстиамалары байқалады.
Ауру бронхопневмонияға ұласуы мүмкін.
• Емі. өкпе ісінсе емдеу жақсы нәтиже бермейді. С.П.Куницин жылқыларға
камфора препараттарын еккеннен кейін жақсы терапиялық нәтиже
алған.Кофеинді тері астына әр 3-4 сағат сайын 4г/нан тері астына егу тиімді.
• Токсикологиясы.Уытты бастамасы құрамында азоты бар
гликозидты заттар. Ыдырауы кезінде олар өткір иісті
ерекшеленетін қосылыстар түзеді. Бұл заттар бұрыннан эфирлі-
қыша немесе аллилді-қыша майы деп те аталады. Құрамында
қыша майы бар өсімдіктер және егістік қышасы гүлдеп, ұрық
түскеннен кейін улы болып келеді. Кептіру уыттылығын
өзгертпейді, ұзақ сақтау төмендетеді. Жылқы, жас малдар (төл)
қыша майларына сезімтал келеді. ОЖЖ зақымдануы,
гастроэнтерит.
• Клиникалық белгілер. Жіті улану, ал созылмалы уланулар
байқалмағанІрі қара мал. Шаршы гүлдері тұқымдастығына
жататын өсімдіктерді тәулігіне 40-50 кг қолданса, 2-3 аптадан
соң, гемоглобинуриялы анемия пайда болады. Эритроциттер 6-7
ден 1,5-8 млн ға дейін азаяды. Аурудың пайда болуына азықта
фосфордың жетіспеуіне байланысты деген көзқарастар бар.
Меруертгүл

• Меруертгүл (Ландыш майский, Convallari majalis)
Лалагүлділер тұқымдастығына жатады (Liliaceae). Ақ
гүлді, көпжылдық шөптесін өсімдік. Жемісі –қызыл
жеміс. ТМД-ңорталық және оңтүстік аймақтарына кең
таралған. Құрамында конвалламарин, конваллатоксин
және сапонинконвалларин гликозидтері бар. Ішек –
қарын жолдарында және жүректің қызметінде
өзгерістер тудырады.
• Емі: симптоматикалық.
Қарамықша
•Қарамықша - шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 60-100см, бұтақтанған
нәзік ұзын түктермен жабылған. Жапырақтары қарама-қарсы жолақты, гул-дер! ірі,
сабағының ұшына қарай бір-бірден орналасқан. Тостағаншасы 5 ұзын және
жіңішке тостағанша жапырақтардан тұрады. Ол жапырақтарының түсі қызғылт
немесе ақшыл-қызғылт түсті. Қарамықшаның тұқымы - ішінде 30-40 ұрығы бар, 5
тісшелі болып ашылатын бір ұялы қобдиша. Ұрығының пішіні бүйрек тәріздес, ірі,
қара-қоңыр немесе қара түсті
• Клиникалық белгілері. Қарамықшадан малдардың улануы жіті, сондай-ақ
созылмалы түрде өтеді. Созылмалы түрі шошқаларда кездеседі. Ірі қара және ұсақ
малдар. Күйіс қайыратын малдардың қарамықшадан улануы өте сирек кездеседі.
Қойлар ешкілермен салыстырғанда ірі қара улануға сезімтал келеді. Азықпен
жеткілікті мөлшерде қарамықша тұқымының ішке түсуі кезінде сілекей көп
мөлшерде бөлінеді, жануарларда қозу, мазасыздық және күйзелу пайда болады,
сонымен қатар, олар тістерін шықырлатып, жөтеледі, қарын аумағында
ауырсынулар пайда болады, тәбеті жойылып, күйіс қайыруы тоқтайды. Мұндай
құбылыстар азықпен бірге қарамықша дәнін жеу нәтижесінде бірнеше күн (4-5)
өткеннен соң байқалады.
Токсикологиясы:
• Қарамықшаның ұрығының улылығы құрамындағы сапонин тектес заттарға -гитагин және агростем қышқылына
байланысты. Бұл заттар гемолитикалық улар ретінде әсер етеді. Құрамы және құрылымы нақты зерттелмеген.
Ауылшаруашылық малдары және құстар қарамықшаның ұрықтарынан ғана уланады. Өйткені олардың құрамында жоғарыда
аталган сопонин тектес заттар орта есепен 6,5% кездеседі. А.П.Онеговтың зерттеулері бойынша, қарамықшадан улану
кезінде эритроциттердің және лейкоциттердің мөлшері біршама азаяды. Улардың тікелей әсері тері мен кілегейлі
қабықтарды қабындырады және тітіркендіреді. Ішек-қарын жолдарының зақымданбаған кілегей қабықтары сапониндерді
нашар сіңіреді. Ал, керісінше, кілегейлі қабықтары қатаралды қабынған малдар қарамықшадан тез уланады. Сондай-ақ,
қарамықшаға жануарлардың сезімталдығы да бірдей емес. Е.Френер айтқандай, қойлар, ешкілер және қояндар
қарамықшадан улануга мүлдем бейім емес. Ересек ірі қаралардың дсезімталдығы төмен, бірақ бұзауларының улануы жиі
байқалады. Шошқалар, иттер және құстар улануға өте бейім және сезімтал келеді. Қарамықшаның уландырып, өлімге
ұшырататын мөлшері жануардың 1кг тірі салмағына шаққанда төменгідегідей: бұзаулар үшін-2,5г, шошқалар үшін-1г, итер
үшін-0,9г, тауықтар үшін-2,5г. В.З.
Қорытынды:
• Сонымен, қорытындылай келе, кең байтақ ҚР-ның жерінде
бағытыраңқы орналасқан мал шаруашылықтарының ішінде әртүрлі
азықтардың құрамындағы улы заттармен уланулары жиі кездесетін
жағдай. Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану
ауылшаруашылық жануарын өлімге алып келу арқылы шығынға
ұшыратады.
• Сондықтан алдын алу, уланған жағдайда дер кезінде анықтап, емдік
шараларын жүргізу өте маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер

• Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А. Өтенов Ә.М. Айтжанов
Б.Д. Көбдікова Н.К. Байниязов А.А. Дәуір 2011, Алматы.
• Қожанов Қ.Н. Балтыбеков С.О. Қосымша окһқу құралы. Малдың азықтан
уланулары. Семей, 2000
• https://stud.kz/referat/show/95105#&gid=1&pid=20
• https://www.referat911.ru/Veterinariya/zhrekan-tamyrlaryna-ser-etetn-glikozitter/615846
-3583205-place1.html

Ұқсас жұмыстар
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістер мен техникалық аппаратуралар
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялықсанитариялық-токсикологиялық бағалау
Токсикологиялык маңызы және мөлшері
Доза уыттылық
Саз құндыздың жұқпайтын ауруларындағы ветеринариялық­ санитариялық сараптау
Химиялық­ токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы
Өсімдік тектес улы заттардың токсикологиясы
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы туралы ақпарат
Химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және жеткізу талабы
Улану кезінде және химиялық препараттармен өңдеу кезінде ұша мен ағзаларды ветеринариялық - санитариялық сараптау
Пәндер