ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ




Презентация қосу
Тақырып 1: Кіріспе. ҚР еңбекті қорғау туралы
негізгі заңнамалары. ҚР еңбек кодексі.
Пәннің аты:
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау

Оқытушы: Жакеева Жания Елубаевна
каб: 124
Алматы автомеханикалық колледжінің
35-топ білім алушысы
Тұяқбаев Досжанның
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау
пәніне арналған дәптері
Ежелгі кезде мысырлық жұмысшылар таң атқаннан
кейін, көздерін көкке көтеріп, дұға ете отырып,
Исида құдайларына: «О, ұлы және күшті Исида! Бұл
пирамиданы тез құруға көмектесіңіз! Өмірімізді,
саусағымызды, көзімізді және денеміздің басқа
бөліктерін сақтауыңызды сұраймыз! Біздің үстімізге
тас түспесін, және біз тастың үстіне түспейік! Және
әрдайым тек осылай болғай! Бүгін және әрқашан!
КР конституциясының 24-бабы

1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін
таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету
жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына,
сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген
тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек
дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс
істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының
ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы
ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Басты құндылық

Адам және оның өмірі
Еңбек қорғау дегеніміз құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастыру-техникалық,
санитарлық-эпидемиялогиялық, емдеу-
профилактика, оңалту және өзге де іс-
шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек
қызметін үдерісінде қызметкерлердің өмірі
мен денсаулығының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.
Еңбек қорғау

Еңбек Өндірістік Қауіпсіздік Өрт
заңнамалары санитария техникасы қауіпсіздігі
Еңбек заңнамаларына

ҚР Заңдары мен басқа да мемлекеттік
актілері, Министрлер кабинетінің,
кәсіподақтардың орталық кеңесінің
қаулылары, кәсіподақ ұйымымен келісілген
министрліктердің нұсқаулары мен
ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп
ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың
нормалары жатады
Өндірістік санитария

дегеніміз еңбекшіге зиянды өндірістік
факторлардың әсерін болдырмайтын
ұйымдастыру, гигиеналық және
санитарлық-техникалық шаралар мен
құралдар жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы
дегеніміз-еңбекшіге қауіпті өндірістік
факторлардың әсерін болдырмайтын
ұйымдастыру және техникалық шаралар
мен құраладар жүйесі
Өрт қауіпсіздігі

дегеніміз-өрттің алдын-алу, өрт шығу
себептерін жоюдың, өрттің жайылуына жол
бермеудің, адамдарды, жануарларды және
материалдық құндылықтарды жедел
көшіруді ұйымдастырудың және өртті
сөндіру шараларының жүйесі
Еңбек қорғау пәні сіздерге, яғни болашақ
маманға не үшін қажет?
• Еңбек қорғаудың негізгі заңнамалық актілерін оқып үйренеді
• Өндірістік жарақаттану, кәсіби сырқаттанудың себептері мен
оның алдын-алу жолдарын меңгереді
• Өндірістік тазалықтың негіздері мен өрт қауіпсіздігін білетін
болады
• Жәбірленушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің
жолдарымен танысады
• Жұмыс орнындағы еңбек жағдайын бақылаудың құралдары
мен оны пайдаланудың әдістерімен танысады
• Еңбек қорғау жұмыстарын ұйысдастырудың негізгі
ережелерімен және оның құжаттарын жүргізу жолдарымен
танысады
Еңбек кодексі 2015 жылдың 23
қаңтарында қабылданды

5 – бөлім
23-тарау
204-бап
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
• 1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР (1-14бап)
• 2-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫН-
ДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ (15-18бап)
• 3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ СУБЪЕКТІ-
ЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ
НЕГІЗДЕРІ (19-23бап)
2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

• 4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ (24-62бап)
• 5-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ (63-66бап)
• 6-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ( 67-79бап)
• 7-тарау. ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ (80-100 бап)
• 8-тарау. ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ (101-115 бап)
• 9-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ
АРТТЫРУ (116-119)
• 10-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ
ЖАУАПТЫЛЫҒЫ (120-123)
• 11-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ (124-133 бап)
• 12-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІН
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (134-146 бап)

3-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ
ҚАТЫНАСТАР

• 13-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК (147-155 бап)
• 14-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ (156-158 бап)
• 15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
(159-161 бап)
• 16-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН
ҚАРАУ (162-178 бап)
4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

• 17-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ (179-180 бап)
• 18-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК
ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ (181-182 бап)
• 19-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ (182-185 бап)
• 20-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ
ОҚИҒАЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ (186-190
бап)
5-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН
БАҚЫЛАУ

• 21-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК
ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
(191-200 бап)
• 22-тарау. ІШКІ БАҚЫЛАУ (201-203 бап)
• 23-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР (204 бап)

Ұқсас жұмыстар
Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібі
Тар мағынада еңбекті қорғау жүйесі
Алдын ала және кезекті медициналық тексеруді ұйымдастыру
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі
Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу
Еңбекті қорғау
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы
Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі жайлы
1 Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу 2 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу 3 Жұмыс орнындағы микроклиматқа баға беру
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ЗАҢДАР
Пәндер