Мерзімінен ерте мерзімінен ұзарған жүктілік
Презентация қосу
«Мерзімінен ерте мерзімінен
ұзарған жүктілік.»
Жоспары:
Кіріспе бөлім
1.Ерте босану
2. Ерте босанудың негізгі себептері
3. Әйелдердің жыныстық мүшелеріндегі
анатомиялық және функциональдық
өзгерістері
Негізгі бөлім
1.Ерте босанудың белгілері
2.жүктіліктің ұзаққа созылуы,клиникасы
3.Жүктіліктің ұзаққа созылуының
алдын алу шаралары
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Жүктіліктің 22 аптасынан 37
аптасына дейінгі мерзімінде
баланың туылуы және салмағы
500гр-нан 2500 гр-ға дейінгі, бойы
24-45 см нәрестенің туылуын ерте
босану деп атайды. Жиілігі: 4-5%
аралығында, 33-37 аптада 75%-ға
жетеді. Перинатальдық өлімнің 50-
70%-ы ерте босанудың асқынуының
салдары. 50% барлық
перинетальдық жоғалтуды
жүктіліктің 33 аптасына дейін
туылған нәрестелер құрайды. Ана
мен баланың денсаулығын
қорғаудағы ең басты мәселе-бұл
ерте босанудың алдын-алу. Ерте
босану- перинатальдық өлімшілік
көрсеткішін, нәрестенің
аурушаңдығын және мүгедектігін
белгілеп береді.
Ерте босану- бұл ауру анадан-ауру
бала туылады дегені, себебі оның
негізінде жатқан ананың ауруы
баланың денсаулығына,өсуіне
әсерін тигізбей
қоймайды.Мерзімінен бұрын
туылған балалар уақытылы туылған
балалар мен салыстырғанда
көбінесе нәрестелік кезінде өліп
кетеді, егерде тірі қалған
жағдайында да неврологияны,
соматик аурулармен тез ауырады,
психомоторлық өсуден артта
қалады. Көру, есте сақтау, өкпенің
созылмалы ауруларымен тез
ауырғыш келеді.
Соңғы жылдар ішінде
мерзімінен бұрын туылған
балаларды күтуде көп
жетістікке жеткен,соның
нәтижесінде бала өлімшілігі,
аурушаңдығы азайған, бірақ
ерте босану соңғы жылдарда
кемімеген, керісінше көбейген.
Бұл эко программасымен
егіздердің туылуы, овуляцияны
стимульдеу, жыныс жолдары
арқылы жұғатын
инфекциялардың көбеюінен
болады.
Уақытынан бұрын туылған
нәресте уақыты жетіп
туылған нәрестеден
сыртқы белгілерімен
ажыратылып тұрады. Бойы
35-45-47 см, денесінің
ұзындығы, аяқтары қысқа,
терісі қызарған, құрғақ,
жиырылған,түкті,
саусақтары, қол аяқтары
жақсы жетілмеген болады.
себептері:
Жедел, созылмалы
бактериальді және
вирусты
инфекциялардың
болуы; Ана мен
баладағы стресстік
жағдайлар;
Экстрагенитальдық
аурулар; Жүктіліктің
асқынуы;
Плацентадағы
жетіспеушілік; Осы
себептер баланың ерте
мүшелеріндегі анатомиялық
және функциональдық
өзгерістері:
Жатырдың жетілмеуі;
Жатырыдың дамуындағы
ақаулар; Истмико-
цервикальды жетіспеушілік;
Егіздер-жатырдың
нормадан тыс созылуына
алып келеді. Преэклампсия,
эклампсия; Егіз жүктіліктің
асқынуы; Резус-қайшылық;
Қан кетулер; Жатырішілік
инфекция; Жатыр
мойнының жетіспеушілігі.
Мерзімінен ерте босануға
Қауіпті факторлар:
Әйелдің әлеуметтік
жағдайының төмендігі; Ауыр
еңбек жұмысы; Әйел жасы:
18 астан төмен, 30 жастан
жоғары болса; Шылым шегу,
спиртті ішімдіктер қолдану;
Алдыңғы жүктіліктерінде
медициналық аборт, өзіндік
түсіктер; Бұрынғы жүктілігі 2-
4 рет ерте үзілсе; Зәр шығару
органдарының инфекциялы
аурулары.
Дәрігерлер жағынан,яғни медициналық
көрсеткіштері бойынша ерте
босандырып алу мына жағдайларда
болады:
Ана жағынан көрсеткіш: Жүкті әйелдегі
ауыр экстрогенитальдық ауру.
Жүктіліктің асқынуы- преэклампсияның
ауыр дәрежесі, гепатоз, көп ағзалардың
жұмыс жасауының жетіспеушілігі ана
өміріне қауіп төндіреді. Бала жағынан
көрсеткіш: Нәрестедегі ақау, нәрестенің
жатыр ішінде өліп
қалу,кардиотокография, доплерометрия
көрсеткіштері бойынша нәресте
жағдайының прогрессивті төмендеуі,
нәрестеге реанимация және интенсивті
емдеуді қажет ететін жағдайлар.
Ерте босанудың белгілері:
Іштің және белдің сыздап
ауруы; Қынапқа және тік
ішекке қысым түсуі; Зәр
шығарудың тездеуі;
Жыныстық жолдан алқызыл
түстес қанның көрінуі. Егер
де жүкті әйелде осы белгілер
байқалса, тез арада дәрігерге
қаралуы тиіс. Өздігінен ерте
босану мен дәрігерлер
жағынан мерзімінен бұрын
босандыруды ажырату керек.
Асқынулары:
Қағанақ суы мезгілінен
бұрын кетеді (40%);
Босану ауытқулары
байқалады : -толғақ
әлсіздігі; -қарқынды
толғақ; Нәресте
гипоксиясы; Көп қан
жоғалту; Инфекциялық
асқынулар.
Емдік тактика:
Сол қапталға жату,тыныштық
сақтау, жыныс қатынасына
бармау. Көбірек сұйықтық ішу-
бұл жатырдың қан айналымынын
жақсартады. Симптомсыз
бактериурияға тексеру.Егер де
табылса 7 күн антибиотикпен
емдеу. Темекі тартуды тоқтату.
Жүйке жүйесінің қозуын басатын
дәрілер қолдану;
Спазмолитиктер тағайындау;
Прогестерон,витаминдер,адрено
миметиктер
Толғақ т.б.
басталса босануды ұстамды,
ұқыпты жүргізу; Құрсақ ішіндегі
нәрестенің өкпесінің жетілуі үшін
дексаметазонды қолдану,фето-
плацентарлық жетіспеушіліктің
комплексті емдерін қолдану.
Босанудың 2-кезеңінде нәрестенің
Алдын-алу шаралары:
Қыз баланың жыныстық
жетілу кезеңінде дұрыс
өсіп-жетілуін бақылау;
Жасанды түсіктің алдын-
алу; Жүктілігі мезгілсіз
үзілген әйелдерді ұқыпты
зерттеу, патогенетикалық
ем жүргізу; Кәсіптік
зияндылықпен күресу;
Санитариялық жандандыру
жұмыстарын жүргізу.
Жүктіліктің ұзаққа созылуы, клиникасы.
Оны анықтау жолдары. Қалыпты
физиологиялық жағдайда жүктіліктң
орташа ұзақтығы: 280 күн (40 -41 апта),
яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен
немесе 266 күн овуляциядан бастап, 28
күндік цикл аралығы (Негель).
Жүктіліктің ұзаққа созылуы-жүктіліктің
белгіленген физиологиялық мерзімінен 10-
14 күн 290-294 күннен асып кетуі. Барлық
жүкті әйелдер арасында шамамен 10%-
ының жүктілігі 42 аптадан асады, 14%-ы
43, кейде одан да асып кетеді. Жалпы
жиілігі 1,4%-14% аралығында, орта
есеппен-8%.
Жүктіліктің ұзаққа созылуын қазақтар
"түйе буаз" деген. Жүктілік шынайы және
жалған (пролонгацияланған) болып екіге
бөлінеді.Жүктіліктің шынайы ұзаққа
созылуында физиологиялық мерзімінен 10-
14 күнге артыққа созылып, әйел мезгілінен
кеш босанады, әрестеде және бала
жолдасында тым жетілгендіктің "тозу"
белгілері болады. Ал жалған
( пролангияцияланған) ұзаққа созылған
жүктілікте физиологиялық мерзімінен 10-
14 күнге артық созылады, бірақ туылған
нәрестеде, бала жолдасында "тозу"
белгілері болиайды, бұл жағдайда әйелдің
босануын мерзімді босану дейді.
Жүктіліктің мерзімінен артып, ұзаққа
созылуының себептері өте күрделі және әлі
толықтай анықталмаған. Жүктіліктің
белгіленгенмерзімінде толғақтың
басталмауы, әйел организмін босануға
дайындайтын нейрогуморальдық
механизмдердің тежелуінен деп есептеледі.
Бұл асқынуда жоғарғы және вегетативтік
жүйке жүйелерінде, эндокриндік жүйесінде
функционалдық өзгерістер болады. Мысалы,
гонадотропин гормондарының арқатынасы
өзгереді, эстроген гормондарының мөлшері
азаяды, ал прогестеронның мөлшері көбейеді,
микроэлементтердің ( магний, калий,
кальций т.б.) мөлшері айтарлықтай азаяды.
Жүктіліктің ұзаққа созылуының
негізгі себептері: 1.Ананың,
ұрықтың генетикалық
факторларының бірлескен
себептерінен; 2. Жүктіліктің соңғы
мезгілінде гормондық баланстың
бұзылуынан; 3. Зат алмасу
құбылысының бұзылуынан;
4.Жатырішілік ұрықтың өсіп-
қалыптаспауынан; 5.Жатырдың
көк еттерінің кеш дамып
жетілуінен.
Етеккір циклі бұзылған, балалық шағында
індет ауруларымен ауырған, жыныс
мүшелерінен тыс аурулары, Бұрынғы
жүктілігі де ұзаққа созылған, жатыры
қабынып ауырған әйелдер арасында
жүктіліктің ұзаққа созылуы жиі кездеседі.
Жүктіліктің ұзаққа созылуы өзінің
физиологиялық бағытын жиі өзгертіп,
асқынуға ұшырап отырады, жүктілік көбінде
гестозбен асқынады. Жүктіліктің ұзаққа
созылуының ұрыққа теріс әсері көп. Ұрық
жүктілік, босану кезінде немесе босанғаннан
кейінгі кезеңде шетінеуі мүмкін. Ұрықтың
шетінеу жиілігі. 1. 40-41 аптада- 1,1% 2. 43
аптада-2,2% 3. 44 және одан жоғары аптада -
6,6%
Клиникасы: Жүктіліктің клиникалық
сипаты өте аз. Нағыз ұзаққа созылған
жүктілікте, яғни жүктілік 41 аптадан
асқанда әйелде толғақ болмайды, дене
салмағы төмендейді, жатыр айналымы 10-
15 см кемиді (қағанақ суының азаюына
байланысты).Жатыр деңгейі жоғары
тұрады, нәресте салмағы іріленіп, оның
жүрек соғуы нашарлайды, созылмалы
гипоксия дамиды.
Анықтау жолдары: Жүктіліктің ұзаққа сзылуын
әйелден алған мәліметтер, объектілік зерттеулер,
лабораториялық және қосымша тәсілдер (УДЗ,
амниоскопия, амниоцентез, КТГ, ЭКГ,
допплерометриялық зерттеу) арқылы анықтайды.
Сонымен қатар, әйел организмінің босануға
биологиялық дайындығын ( жатыр мойнының
"пісіп" жетілгендігін) анықтау өте қажет.
Лабораториялық тәсілдер: қан және зәр
құрамындағы эстроген гормондарының мөлшерін
анықтайды, сүт бездерінің секретін микроскопиялық
( уыз түйіршіктерін анықтайды), қынап
жағындысына цитологиялық зерттеу жасайды
( ұзаққа созылған жүктілікте қынап жағындысының
IV типі тән-бетіндегі клеткалар 40-80%, аралық
клеткалар аз. УДЗ-плацентаның қалыңдығын
( қалыңдығы кішірейеді), қағанақ суының
көлемін( көлемі азаяды), нәрестенің бас сүегінің
қалыңдауын анықтайды. Жүктіліктің ұзаққа
созылуында қағанақ суының түсі өзгеріп
жасылданады. ФКГ, ЭКГ-фоно және
электрокардиографияны ұрықтың жүрек соғуының
патологиясын анықтау үшін қолданады.
Жүктіліктін ұзаққа созылуын анықтау
Әйелдін мәліметтер алу ( сонғыетеккірі,
тұнғыш есепке тұрған мерзімі, нәрестенің
алғашқы қимылы) Клиникалық белгілері
( ана салмағының кемуі, жатыр деңгейінің
төмендеуі, қағанақ суының азайып,
түсінің өзгеруі, уыз сүтініңкөп бөлінуі,
нәресте қимылының нашарлауы)
Ультрадыбысты, амниоскопияны,ФКГ,
ЭКГ – ны қолдану.
Мезгілінен кеш босанудың ерекшеліктері.
Жүктілігі 41-42 аптадан асып, нәресте мен бала
жолдасында тым жетілгендіктің, "тозу"
белгілерінің болуын- мезгілінен кеш босану деп
айтамыз. Мезгілінен кеш босанудың анаға,
әсіресе ұрыққа зияны өте үлкен. Мезгілінен
кеш босанудағы асқынулар: қағанақ суы
мезгілінен бұрын немесе ерте кетуі мүмкін,
толғақ күші әлсіреп, жатыр ішілік гипоксия
пайда болады. Нәресте көбіне ірі салмақпен
туылады, босанудың Iiкезеңі ұзаққа созылып,
нәресте тұншығып, кейде шетінеуі де мүмкін.
Босанудың III және босанудан кейінгі ерте
кезеңде қан шығыны артады.
Мезгілінен кеш туылған нәрестеде "тым
жетілгендіктің" төмендегідей белгілері
анықталады: - Үлпілдек түктердің
жоқтығы; - Тері майларының жоқтығы; -
Бас сүйектерінің қаттылығы; - Енбек
және бас жіктерінің тарлығы; -
Тырнақтарының ұзаруы; - Нәресте тері
түсінің жасылдануы; - Нәресте терісінің
құрғақтануы және тері астының
мардымсыздығы; - Алақаны мен табаны
көп "кір жуған" әйелдің қолындай.
Мезгілінен кеш босанғанда бала
жолдасында (плацента)
патоморфологиялық өзгерістер
байқалады. Плацентада дегенеративті-
кальцификатты өзгерістер және плацента
мен қағанақ қабыршақтары сарғыш-
жасыл түсті болады. Бала жолдасын
патогистологиялық зерттеуге жібереді.
Жүктіліктің ұзаққа созылуының анық
диагнозы нәресте мен бала жолдасында "
тым жетілгендіктің" жоғарыдағыдай
белгілері анықталған кезде қойылады.
Дәрігерлік амал Жүктіліктің ұзаққа созылуында-
дәрігерлік амалдың өзіндік ерекшеліктері
бар.Жүктіліктің мерзімі 38-39 апта болған кезде, әйелді
перзентханаға жатқызып, лабораториялық, объектілік
зерттеулер және жоғарыда аталған қосымша тәсілдер
арқылы жүктілік мерзімін, нәрестенің күй-жағдайын
анықтайды. Егер әйел организмі босануға дайын ( жатыр
мойны " пісіп-жетілген"), нәрестенің жағдайы жақсы
болса, әйелдікң өзін босандырады. Ол үшін амниотомия
(қағанақ суын жару) жасап, жатырды қоздырады
( окситоцин, простогландин, простенонды венаға
тамшылатып құю арқылы). Бір күн бұрын жатыр
мойнына простогландиньді гельге жапсыра, келесі күні
жатырдың қозуын жақсартады. Ал егер ананың босану
жолдары дайын болмай, нәресетенің жағдайы нашарлап,
тұншығу белгілері пайда болса, әйелді кесар тілігі
арқылы босандырады. Кесар тілігі: ұрық ірі болса
тұңғыш босанатын әйелде ол жамбаспен не көлденең
жатса; әйелдің жасы отыздан асса, жатырда ктыртық
болса жасалады.
Жүктіліктің ұзаққа созылуының
алдын-алу шаралары: Алдын алу
шараларын қыз баланың
жасөспірім кезінен бастайды.
Жүктілігі ұзаққа созылған аналар,
"етеккір циклі" бұзылған,
балалық шақта түрлі жұқпалы
және жүрек-қан тамыр
ауруларымен ауырған әйелдер
"тобы" кеңес орнында айрықша
есепке алынады. Әйелдерге босану
мезгілін түсіндіре отырып,
жоғарыдағы аталған аналар
"тобын" алдын-ала перзентханаға
жатқызады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
Раисова А.Т., Нұрқасымова
Р.Ғ."Акушерия және
гинекология" 2006 ж.•
Айламазян, Эдуард
Карпович."Акушерство : Учеб.
для медвузов" 2005г.•
http://studopedia.org/1-
131960.html• Айламазян Э.К.,
"Неотложная помощьпри
экстремальных состояниях
вакушерской практике :
Руководство"2007 г.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz