Қазақ әдеби тілінің анықтамасы, қалыптасу кезеңдері және ғылыми көзқарастар


Slide 1

Әдеби тіл жайында түсінік

Орындаған: Зикирина Саягүл КФ-91

Тексерген: Жахина Б. Б.

Slide 2

М. Әуезов: «Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды - қысқалы салттық, тарихтың жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Оларда немесе ХІІІ ғасырда көпке жайылған жырлар тудырған Бұхарда, ХІХ ғасырда асыл, әсем, бай тілмен халықтың асқақ, ескек жырлар тудырған Махамбетте қазақтың әдебиеттік тілінің үлгі - өнегелері жоқ деуге бола ма?»

Академик Н. Т Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан: «Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі. Әдеби тіл жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түсіп, стильдік тармақтары сараланған, әлеуметтік қызметі әр алуан қатынас құралы»

Ғ. Мұсабаев «Әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады.

Әдеби тіл жайында ғылыми көзқарастар

Slide 3

Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл .

М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов

Әдеби тіл - өңделген, сұрыпталған, нормаланған, жалпыға ортақ қасиеті бар, ауызекі сөйлеу тіліне қарама-қарсы қою арқылы танылатын тіл Р. Сыздықова

Әдеби тіл - орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпыхалықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің бір түрі /Салқынбай А., Абақан Е.

Әдеби тіл - жазу арқылы белгілі жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін халықтың бәріне не көпшілігіне ортақ, түсінікті, қоғамдық қызметі әр алуан жалпыхалықтық тілдің екшелген, сұрыпталған түрі .

Исаев С.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. Алматы, 2002. 2. Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов Н. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. Алматы, 1961. 3. Ысқақов А. Әдеби тіліміздің дамуы // Қазақ әдебиеті. 1962. 16 қараша. 4. Сыздықова Р. ХІІІ - ХІХ ғ қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1984. 5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік: - Алматы: Сөздік-словарь, 1998. - 304 бет6. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері. Алматы, 1976. 7. Әбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. Алматы, 1982. 8. М. Балақаев, М. Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. - Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. - 140 б.


Ұқсас жұмыстар
Әдеби тіл: тұжырымдама, қалыптасу жолдары және қазақ әдеби тілінің даму тарихы
Әдеби тіл: анықтамасы, нормалары, белгілері және қалыптасу жолдары
Қазіргі қазақ әдеби тілінің ерекшеліктері, құрылымы және функционалдық стильдері
Латын тілінің тарихи кезеңдері мен ғылыми-мәдени рөлі
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы: қалыптасу тарихы мен қоғамдағы рөлі
Қазақ әдеби тілінің стильдері: түрлері, ерекшеліктері және қолданылу аясы
Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы: көне дәуірден ұлттық кезеңге дейін
Қазақ әдеби тілінің стильдері: түрлері, қызметі және тілдік құралдары
Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері мен этнонимінің шығу тарихы
Ғабдолла Қалиев: қазақ диалектологиясы мен әдеби тіл саласындағы ғылыми мұра
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz