Сақ археологиясы


Slide 1

Сақ археологиясы

Slide 2 Slide 3

Ежелгі заман тарихына қатысты Қазақстан жерінен табылған бірегей ескерткіштер сақ обаларын қазу кезінде табылған. 1969 жылы К. А. Ақышевтің жетекшелігімен археолог- тар Есік обасынан «Алтын адамды» тапты. Ғалымдар жерленген адам 17-18 жастағы ханзада екенін анықтады. Ескерткіш б. з. д. IV-ІІІ ғасырларға жатады. Обадан 4 мыңнан астам алтын әшекей бұйымдар табылды. Олар: алтын киім-кешек, жүзік, алқа, бел- беу және қару-жарақ. Күміс тостаған мен қыш ыдыстар, қола айна, қызыл бояуы бар сөмке бірге жерленген. Ұзын семсері, қан- жар-ақинақтары алтынмен безендірілген

«Біз үлкен үйіндіні қазуға кірістік. Оның ортаңғы бөлігі- не келгенімізде, мұндағы қабірдің тоналғаны белгілі болды. . . алғашқы тоналған бөлік жанындағы 10 метр қиыс тұстан керемет ағаш қабырға шыға келді. Бұзылмаған бөренелі бөл- ме. «Құдай берді!» - дедік ішімізден. Сөйттік те оны топы- рақтан арши бастадық. Төбесін ашып қарағанымызда не көрдік дейсіз ғой?! Шегенделген табыт. Ал ішінде адам сүйегі, оның ұзына бойына айнала қоршап жарқ-жұрқ еткен мыңдаған алтын әшекейлер көзге шалынды. Ғаламат, ғажап көрініс еді!»

К. А. Ақышев естелігінен

Есік обасы

Slide 4

«Алтын адамның» баскиімінде бейнеленген құстар - аспан әлемі, тау мен жануар- лар - жер әлемі, ешкі мен ағаш тамыры - жерасты әлемі деген ұғымды білдіреді. Баскиімнің ұшындағы алтын арқар тылсым күштен қорғаушы болса, төрт жебе дү- ниенің төрт бұрышындағы патша билігін ұлықтайды. Таутеке мүйізді қанатты тұлпар- лар бейнесіндегі пластиналар күнге табы- нушылықты білдіреді. Сақтардың түсінік- тері бойынша, алтын - Күннің түсі. Осылайша олар патшаларын ерекше дәріптеп, Күн тәріздес құдай дәрежесіне теңеген.

Есік обасынан табылған кү- міс тостағандағы 26 таңба сақтарда жазу болғанын ай- ғақтайды. Ғалым А. Аман- жолов тостағандағы жазу- ды: «Аға, саған ошақ! Жат адам тізеңді бүк! Ұрпағы- мызда ас-су мол болғай! - деп аударды. Әзірбайжан ғалымы Заур Гасанов: «Дү- ниенің төрт бұрышынан Сыңлы тайпасы жырлайды. Үш жүз жоқтаушы ант-су ішеді», - деп аударған. Есік жазба ескерткішіне қатыс- ты ғалымдар арасында әзірше ортақ пікір жоқ.

Сақ шебері арқар мен бұғы, марал мен барыс бейнелерін жасап, оларды қимыл үстінде көрсете алды. Аңдардың бұлшық еттерін, бұйраланған құйрық-жалын, буын- дарын шеберлікпен бейнеледі. Сонымен қатар аңдардың бейнесін өте кішкен- тай көлемде жасай алды. «Алтын адам» бешпетінің жеңі мен жағасындағы барыстың бейнесі біркелкі дәлдікпен жабыстырылған. Әшекейлеу мен безендіруде аңдарды бей- нелеу өнері «аң стилі» деп аталады

Slide 5

Бесшатыр қорымы Жетісуда, Іле өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Қорым 31 обадан тұрады. Бесшатыр - «патша қорға-ны» құрылысының қандай болатынын көрсететін, жақсы сақталған ескерткіштердің бірі. Осындай обаларда даңқты адамдар жерленген. Жерлеу орны - лақат ағаштан құрастырылған күрделі құрылыс. Құрылысқа қажетті бөренелер 200-250 шақырым жердегі Іле Алатауы сілемдерінен салмен жеткізілген. Барлық бөренелер жақсы өңделіп, теп-тегіс етіп жонылған. Пышақ, қашау іздері сақталған. Обадағы жерасты дромос (дәліз) жолының қабырғалары тастан қаланған. Алып үйіндінің жан-жағы меңгір тастармен қоршалған. Мыңдаған ірі тастар 3 шақырым жердегі таудан тасып әкелінген

Бесшатыр обасының мерзімі: б. з. б. V-IV ғғ.

Ақинақ, қола жебе, темір пышақ, шаш түйрегіш, ақық моншақ табылған.

Slide 6

Шілікті патша қорғандары б. з. б. VII-VI ғғ.

2003 жылдан бастап профессор Ә. Төлеубаев бастаған ғалымдар тобы Шығыс Қазақстанда орналасқан Шілікті жазығында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Ондағы обалар саны - 51. Көлемі жағынан ең ірісі - Бәйгетөбе қорғаны. Ол б. з. д. VIII ғасырға жатады. Обаның диаметрі - 100 метр, биіктігі 8 метрге же- теді, яғни 3-4 қабатты үйдің биіктігіндей. Оның құрылысы күрделі, ол үш қабатты үйіндіден тұрады. Ағаш бөренелерден лақат және жерасты дромос жолы жасалған. Осындай алып құрылыс ішінде киімі алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешектермен безендірілген ер адам жерленген. Жалпы, осы қорғанда 4325 алтын бұйым табылған. Оның көпшілігі аң стилінде жасалған. «Шілікті алтын адамы» құнды археологиялық жәдігер ретінде танылған.

Slide 7

Берел қорымы Алтай тауының қойнауында, Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Бұл жерден табылған археоло- гиялық ескерткіштер б. з. д. V-IV ғасырлар аралығына жатады. Қорымда отыздан аса ірі оба бар. Осы жердегі №11 оба ғылым үшін аса маңызды ақпараттар көзі болып табылады. Оны 1998-1999 жылдары З. Самашев бастаған қазақстандық және шетелдік ғалымдардан құрылған экспедиция зерттеді. Есік, Бесшатыр обаларынан Берелдің ерекшелігі лақат қабір жер бетінен барынша тереңдетіліп қазылған. Обада биік топырақ үйіндісі жоқ. Сыртқы аласа үйіндіге тек тастарды қолданған. Аталған обада екі адаммен бірге он үш жылқы көмілген.

Берел қорымы б. з. б V-IV ғғ.

Slide 8

Салтанатты жерлеу ғұрпына қарап, ар- хеологтар жерленген адамды «жоғарғы билік иесі - көсем немесе патша болуы мүм- кін» деген болжам айтады. Антрополог ға- лымдар оның жасы 30-35 шамасындағы ер адам деп анықтады. Мәйіт қима ағашты табыт - саркофаг- қа жерленген. Оба асты суық мәңгі тоң қабатынан тұрады. Сол себепті мәйіттің киімі, ат әбзелдері, ер-тоқым, маталар, ағаш ыдыстар, тері мен киіз бұйымдары жақсы күйінде сақталған. Бұл ғалымдарға 2500 жыл бұрынғы адамдар өмірін білу үшін мол ақпарат берді. Ғалымдар берелдіктер тоң қабатының қалыптасу жағдайын есептей біл- ген деп болжайды. Олардың тоң қабатын сақтау үшін арнайы тас құрылыстарын қалау тәжірибелері болған. Сонымен қатар берелдіктер мәйіттерді ұзақ сақтау үшін бальзамдаудың құпия әдістерін қолданған тәрізді. Олар жылқылардың денесін шірімес үшін қайыңның тоз қабығымен жапқан.

Берел обасынан табылған бұйым - балқа- рағайдан ойып жасалған өнер туындысы. Ол - құс басты, жыртқыш денелі, қос мүйіз- ді, қос қанатты грифон мүсіні. Бір қызығы, көне грек жазбаларында сақтарды «алтын қорыған грифтер» деп атаған. Табылған жәдігер жерленген адамның үлкен билік иесі болғанын айғақтайды.

Сақтар әсем безендірілген жылқылар патшаға о дүниеге аттануға көмектеседі деп есептеді. Берел жылқыларының бастарында таутеке мүйізді ғажайып қырандар бейнесін- дегі маскалар табылды. Сақтар жүйрік жылқы- лар көсемді ата-бабалар аруағы мекен еткен әлемнің ең жоғарғы қабаты - көк аспанға сал- танатты түрде жеткізеді деп сенді

Slide 9 Slide 10
Ұқсас жұмыстар
БЕСШАТЫР ҚОРЫМЫ
Жетісудың қалалары туралы
Қауыншы мәденитеті
АРХЕОЛОГИЯ
АРХЕОЛОГИЯ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫ
Жетісудың қалалары
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақ туралы алғашқы мәліметтер
Сақ тайпаларының мекендеген дәуірі
Парсы патшасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz