Мөде шаньюй дәуіріндегі ғұн мемлекетінің құрылуы мен әскери-басқару жүйесі


Slide 1

Б. з. д. III ғасырда Орталық Азияда ғұн (хунну) мемлекеті құрылды. Мөде Ғұн мем- лекетінің іргетасын нығайтқан билеуші бол- ды. Ол бытыраңқы руларды біріктіріп, өзін Ғұн мемлекетінің билеушісі ретінде жария- лады. Ғұндардың жоғарғы билеушiсi қытай деректерінде шаньюй деп аталған.

Мөде шаньюй ғұн мемлекетін б. з. д. 206- 174 жылдары басқарды. Ол қатал тәртіп ор- натып, әскерді қайта жасақтады. Мемлекет- тік аумақты әскери жүйемен оң, сол және орталық қанаттарға бөлді. Оң және сол қанаттарының, ру әскерлерінің басшылары шаньюйдің ұлдарынан немесе туысқанда- рынан тағайындалды.

Ғұн руларын ақсақалдар басқарды. Ақ-

сақалдар жылына бір рет халық жина- лысын өткізіп отырды. Онда жорық, са- лық, жер және т. б. мемлекеттік мәселелер талқыланды. Халық саны өсті. Жол бойына бекеттер салынып, жарлықтарды жеткі- зетін шабармандар жұмысы ұйымдасты- рылды.

Slide 2

Жер туралы аңыз

Ғұндардың көршілері дунхулар ғұндар- дың жерін тартып алуды ойластырады. Осы мақсатпен екі рет елшілерін жіберіп, Мө- денің арғымағы мен әйелін беруді талап етеді. Мөде: «Арғымақ пен әйел - халқым- ның садағасы, алсын», - деп бергізеді. Үшін- ші келгенде малға қолайсыз, бір қарыс жерді беру талабын қояды. Мөде: «Екі талабын орындадым, арғымақ та, әйел де өзімдікі болатын. Жер жақсы болса да, жаман болса да - халықтың игілігі! Халыққа жерді тәңір берген. Жер болса, халық та болады, онда мемлекет құруға болады. Жер - мемле- кетіміздің негізі мен ырысы, оны қалай бе- реміз?» - деп қатты ашуланады. Содан соң дунхуларға қарсы жорық ұйымдастырып, оларды талқандап, жерін иеленді

Slide 3

Ғұндардың әскери құрылымында ша- ньюйден кейінгі жоғары лауазым түмен- басы болды. Түменбасы шаньюйдің ұл- дарынан немесе жақын туысқандарынан тағайындалды. Шаньюй 24 түменбасыны тағайындап, әрқайсысына басқаратын аумақ пен 10 мың әскер бекітті. Түменбасылар өз аумағында мыңбасы, жүзбасы, онбасылар- ды тағайындады. Түменбасыны орнынан алу немесе жазалау шешімін тек қана шаньюй қабылдады

Азаматтар әскери міндеттен бас тартса немесе жауға оқ атпаса, өлім жаза- сына кесілді. Жауынгерлерден әскери жат- тығулармен шұғылдану, жорыққа дайын тұру, қаруларды үнемі өзімен алып жүру та- лап етілді. Жауынгерге шайқаста жауды өл- тірсе, түскен олжа, жауды тұтқынға алса, сол тұтқын құлдыққа берілді.

Ғұндардың әскери өнері мен басқару жүйесі туралы ежелгі қытай деректерінде көп айтылады.

Шаньюй әскеріне «ысқы- ратын жебесі» қай жаққа бағытталса, сол жаққа атуға бұйырды. Мыңдаған ысқырған жебелер жаудың зәресін ұшырып, олардың аттарын үркітті. Жебе ұштары темірден жа- салды. Аса ұшқыр, ауыр сауыт бұзар жебе ұштары да қолданыста болған. Ғұн садақшы- лары аса мергендігімен ерекшеленді

Slide 4 Slide 5
Ұқсас жұмыстар
Ғұндар тарихы: ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұн мемлекетінің өрлеуі мен қоғамы (б.з.б. III-I ғғ.)
6-сынып тарихы: Ғұндар және ғұн мемлекетінің қалыптасуы сабақ жоспары
Қазақ хандығының құрылуы және Қасым хан дәуіріндегі мемлекеттік басқару жүйесі
Осман империясының құрылуы мен әкімшілік басқару жүйесі
Шыңғысхан кезеңіндегі Монғол империясының құрылуы, әскери жүйесі және XIII ғасырдағы Қазақстанға әсері
Алтын Орда мемлекеті: құрылуы, басқару жүйесі және Қазақстанға әсері
Батудың орыс жеріне жорығы және Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
7 сынып: Монғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғыс ханның өмірі мен ұлстары
Бөкей Ордасының құрылуы, басқару институттары және Жәңгір хан дәуіріндегі әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz