Сержан қандай бала
Презентация қосу
«ӘДЕБИЕТ, 5-СЫНЫП
БӨЛІМ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «АНАСЫН САҒЫНҒАН БАЛА»
ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАМБЕТОВ
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
Бағалау критерийлері:
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы
образды ашып, тілдік бейнелеуіш құралдардың мағынасын
анықтайды.
100%
60-70%
Көркем
шығармадағы 30-40%
Әңгімеден теңеу,
кейіпкерлер
эпитет,
портреті мен іс- Шығармадағы
метафораларды
әрекеті арқылы кейіпкерлерге
тауып, мағынасын
образдарын аша өзіндік құндылығы
анықтай алады
алады тұрғысынан
талдап эссе жаза
алады
Тілдік мақсат:
Оқушылар орындай Оқушылар шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-
алады: әрекеттері арқылы образдарды ашып, тілдік бейнелеу
суреттеу құралдарының мағыналарын анықтай алады.
АЛДЫҢҒЫ ОҚУ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ПӘНАРАЛЫҚ
БАЙЛАНЫС
Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған
ауданының «Бірлік» кеңшарында дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорда қаласындағы
Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін
бітіргеннен кейін еңбек жолын көп тиражды «Су құрылысшысы» газетінен бастаған.
Қызылорда облыстық радио комитетінде істеген. «Жазушы» баспасында редактор қызметін
атқарған. 1981 жылы М.Горький атындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. Ш.Айманов
атындағы «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлық коллегиясында қызмет істеген.
Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты. Содан бері бірталай кітабы жарық
көрді. Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата», «Қарлығаштың
ұясы» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті,
Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, «Жалын» альманахы бірлесіп өткізген
жабық конкурста жүлде алған. Орыс тілінде шыққан «Қауын иісі» кітабы үшін Бүкілодақтық М.Горький
атындағы конкурстың дипломына ие болды (1981). Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған (2000).
«Құрмет» орденінің иегері (2006).«Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі»
пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы.
Шығармалары: Қош бол, ата. Повесть пен әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Қарлығаштың ұясы. Повесть пен
әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Ата қоныс. Әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Дарияның арғы беті. Повесть пен
әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Ата қоныс (орыс тілінде). М., «Молодая гвардия», 1984; Бәйтеректер. Повесть,
әңгімелер. А., 1986; Туған ауыл түтіні. Роман. А., 1989; Балалық шақтың әндері. Повестер мен әңгімелер. А.,
1994; Таңдамалы. А., «Жазушы», 1997; Айқай. «Өнер», 2000; Екі томдық таңдамалы. А., «Өлке», 2005–2006;
Ауғандық құстар. А., «Жазушы», 2009.
Анасын сағынған бала
Есмағамбеттін, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан
болар, таңертеңгі поездан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары,
достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері
құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ мұның,
шаруасын айтып қалып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарға мінулері,
сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің
ауласына келіп, түсіп жатуларының ѳзі абыр-дабырға, күлкіге толы қуаныш
болып жатты. Бұл арада да құшақтасулар… Сүйісулер… Және поезда қарсы
алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып, әлі де ауыз жиып
болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел
үйге кіріп, жаюлы дастарханға жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай
ішіліп, сосын ет желінді. Бұл аралықта ағайын-туыс, дос-жарандардың
біразы ѳз шаруаларымен конақтан рұқсат алып кетіп, оның, есесіне тағы бір
топ жаңадан келіп, әйтеуір арқа-жарқа кѳңіл мен қуаныштан ортайған жоқ.
Кайта ас кезін әдейі меңзеп келгендей жаңадан келушілер тым кѳбейіп
кеткендіктен де ет табаққа алты-жеті кісіден қонақтасып, сығылысыңқырап
отырысқан жайлары бар.
Ауыл-үйдің, ағайын арасының ѳсегі, жаңалықтары кѳп айтылғандықтан да
астан кейінгі шай ұзак ішіліп, дастархан жиналған кезде, қошеметші ағайын
—достар түгел орындарынан тұрып, қайтуға беттегенде, танертеңнен бері
тақымы жазылмастан отырған Есмағамбет те бұл тұста сыртқы ѳзгелермен
ілесе шыққан. Ұзаққа созылған абыр-дабырдан кейін жалғыз қалып, әртүрлі
жеміс ағаштары мен кѳкѳністер ѳскен аулада әрлі-берлі жүру де ол үшін
айтарлықтай бір демалыс еді. Күн талтүс болып қалған екен.
Ағаштардың әрқайсысына тоқтап карап, сосын жоңышқалықты аралап
келіп, күннің, қызуы қуырып бара жатқандықтан, жүзімнің кѳлеңкесіне
кіре бергені сол еді.
Мама-аа… мама-аа…
Сенсің ғой ең дана-а..
Мәңгі дос сен ғана-а… —
деп әндеткен сүйкімді бала дауысын естіді. Бірақ Есмағамбет олай бір,
былай бір бұрылып, маңайынан бала кѳрмеді. Сѳйтсе, үстіне су жаңа ақ,
футболка киген төрт жастар шамасындағы ер бала арнайы тіреу
ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы кѳлеңкесінің бір
шетінде құммен ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек… ойыншық
шелек…
Балмағамбет ағасының ұзатылған кыздары болатын. Солардың бірінің
баласы болар деп топшылаған Есмағамбет жүзім кѳлеңкесінде аяктарын
еңкейе басып, балаға жакындады.
Жақындап келгенше бала мұны байқаған жок.
•Мама-аа… мама-аа…
•Сенсің ғой ең дана-аа…
•Мәңгі дос сен ғана-а…
•Мама-а, мама-а-а-а…
Жанына келіп:
— Әй, балақай, сенің атың кім? — дегенде барып, бала Есмағамбетке бұрылды. Бірақ
ойыншық шелекке ойыншық күрекпен кұм салу ісін доғарған жоқ.
— Атың кім дедім ғой?,— деп қайта сұрағанда барып бала ұяң күлімсіреп:
— Сержан,— деді ақырын ғана.
— Кімнің баласысың?
— Күміскүлдің.
— Күміскүл кімнің қызы?
— Балмағамбеттің…
Есмағамбет енді еңкеңдеп барып, анадай жерден қолдан жасалған ағаш орындықты алып,
баланың дәл жанына жайғасты. Балмағамбет ағасының бір кызының кезінде оқуға түсе алмай,
Алматыдағы базар маңында жұмыс істеп, тұрмыс кұрып, одан тұрмыс кұрған жігітімен қайта
ажырасып жүргенін білетін. Кыздың әуелде ѳзі, сосын куйеуімен үйлеріне соққаны да есінде.
Ажырасқаны бетіне шіркеу болды ма, кейіннен қыз үйге соқпайтын болды. Ал олардан
осындай бала қалғанын есіткен де емес-ті. Тіпті осы бала болмағанда қарындасының аты
Күміскүл екенін де енді болмаса ұмытып қалғандай екен… Баланың бет әлпеті ѳте сүйкімді
еді. Оның үстіне мұның сұрақтарына жауап беруі де сүйсіндірді.
Тілі тәтті екен. Алайда “кімнің баласысың?” деген сұрағына баланың әкесінің атын айтпай,
шешесінің атын айтуы Есмағамбетті қанағаттандырған жоқ-ты. Сондықтан баланы жанап
отырысымен-ақ:
— Сен неге Күміскүлдің баласымын дейсің? Папаңның атын неге айтпайсың? — деді.
— Папа-мның-ң… — дей беріп бала аз-кем күмілжіп қалғанда барып, Есмағамбеттің ѳзі бала
үшін тым артық, сұрақ қойып отырғанын андап, әңгіменің бетін аудара қойды.
— Футболкаң, қандай аппақ?
— Мамам әкеліп берген, — деді Сержан ѳз-ѳзіне қайта келгендей кѳңілденіп.
— Шортигің де тап-таза ғой.
— Таңертең кидім ғой, — деді бала Есмағамбеттің сұрағына таңырқағандай әрі: “Сол екі арада
қалай бүлдіре қоямын” дегендей болып.
•Оны да мамаң әкеліп берді ме?
•Иә деген… — деді бала сусылдаған кұмды ойыншык күрекпен ойыншық шелекке салуын
жалғастыра беріп.
Есмағамбет енді баланың басынан сипады. Сержанның жаңадан ѳсіп келе жаткан майда шаштары
алақанына жұп-жұмсақ тиді. Бала да енді ѳзін еркін сезініп, еркелегендей болып, бұған денесін
тиістіре беріп:
•Басымнан иіскеші? — деді.
Есмағамбет сондайлык ықыласпен еңкейіп, Сержанның басынан иіскеді.
1-тапсырма: Сұраққа жауап беріңіздер
1.Әңгіме кейіпкерлері туралы не білдіңіздер?
2.Жазушы ауыл тіршілігін қалай суреттеген?
3.Сержан қандай бала?
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
2-тапсырма
№ 1-тапсырма Дескриптор Мұғал Оқушы
ім балы
1 Әңгімені оқып, бөлімдеріне ат 1.Әңгімені оқып, бөлімдеріне ат қоя 1
қойыңдар. Баяндалатын оқиға алады. Баяндалатын оқиға туралы өз
туралы өз пікірлеріңді пікірлерін білдіре алады.
білдіріңдер.
2 Кейіпкерлердің іс-әрекеті Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы 2
арқылы образдарын образдарын ашып,әңгімеден үзінді
ашып,әңгімеден үзінді келтіре келтіре отырып, дәлелдей алады.
отырып, дәлелдеңдер.
3 3
Әңгімеден (теңеу, эпитет, 3.Әңгімеден (теңеу,
метафораларды) теріп эпитет, метафораларды) теріп жаза
жазыңдар. алады.
4 Шығармадағы ойға өз Шығармадағы ойға өз көзқарастарын 4
көзқарастарыңды білдіріп, білдіріп, «Анасыз үй - көңілсіз күй»
«Анасыз үй - көңілсіз күй» тақырыбында эссе жаза алады.
тақырыбында эссе жазыңдар.
5 минут «Рефлексия пирамидасы»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz