Мұхтар Әуезовтің Бала Абай мәтіні бойынша оқу-түсіну, лексика және шығармашылық тапсырмалар


Slide 1

Тақырыбы: Бала Абай

Slide 2

Мәтінді түсініп оқыңдар. Үзіндіге қандай тақырып қоюға болады?

Slide 3

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шық- пайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы - әжесі. Одан қала берсе, шешесі. Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі біртүрлі әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып: - E-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен… - деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып: - E-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен… - деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді. Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын…

Мұхтар Әуезов

Slide 4

Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шеш.

1. Мәтін қалай аталады? Бала … 2. … Абайдың жасы он үшке толған еді. 3. Абайдың әжесі әңгімесін қалай бастап еді? 4. Абай қайдан көп шықпайтын болды? 5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді? 6. Биыл әсіресе Абайдың … өскен. 7. Абайдың шешесінің есімі кім? 8. Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын?

Slide 5

2-тапсырма. Мәтіндегі сипаттау мәніндегі сөздер мен сөз тіркестерін анықтап, оларды синонимдермен ауыстырыңдар.

Кестені толтырыңдар.

Сипаттау мәніндегі сөздер мен сөз тіркестері

Білдіретін мағынасы

Денесі де бір аралық кейіпте

Денесі орташа

Slide 6

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.

Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0) бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6) .

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б. )

Slide 7

3-тапсырма. Адамның жас мөлшері туралы сан есімдер қатысқан мақал-мәтелдер жазып құрамына қарай талдаңдар. Мысалы: алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді

Slide 8

4-тапсырма. Абай Құнанбайұлына «Кластер» әдісі арқылы сипаттама жазу.


Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтің өмірі, отбасы және шығармашылық мұрасы
Қар мәтіні: оқу, талдау және шығармашылық тапсырмалар
Мұхтар Әуезовтің Біржан сал Абай ауылында үзіндісі бойынша 1 сағаттық әдістемелік сабақ жоспары
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романы: кейіпкер психологиясы, композициясы және поэтикасы
Мұхтар Әуезовтің Абай жолы 3-кітап: әбігер сөзі және демеулік шылауларға арналған сабақ
Мәриям Хакімжанованың Бала Мәншүк мәтіні бойынша әдістемелік сабақ жоспары: оқу әдістері мен бағалау
Мұхтар Әуезовтің хаттары: тарихи-биографиялық және мұрағаттық аспектілер
Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына арналған сыныптан тыс сабақ: өмірі мен шығармашылығы бойынша викторина
Мұхтар Әуезовтің Еңлік-Кебек пьесасын талдау: композиция, кейіпкерлер және пікірталас
М. Әуезовтің Бала Абай әңгімесі негізінде Абайдың балалық шағын таныстыруға арналған тәрбиелік-танымдық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz