Қос бәйтерек достығы: Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың рухани және мәдени бірлігі


Slide 1

Балалар қалай ойлайсыздар? Екі суреттегі адамдарды не байланыстыруы мүмкін?

Slide 2

Сабақтың тақырыбы:

Қос бәйтерек достығы

Slide 3

Мәтінді оқып шығып, оған тақырып қойыңдар. «Ойлан, Жұптас, талқыла» әдісімен қортынды пікір жазыңдар

Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шаханов бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары»(Ғасыр айрығындағы сырласу) атты рухани философиялық, тарихи танымдық және махаббат хикаяларына құрылған эсселер кітабы дүние жүзінің көптеген тілдерінде аударылған.

Slide 4

Шыңғыс пен Мұхтардың бір-біріне деген шынайы, риясыз көңілі, ылғи да кездесу, жиын-тойларда бірін-бірі іздеп отыруы сирек кездесетін ерлер достығын құрайды. Өз басым нағыз достар деп мінезі, ниеті, ізгілігі жарасқандарды ғана емес, көп адамның өрісі жете бермейтін түйсік, сана билігінде бір-бірін терең түсіне алғандарды айтар едім.

Slide 5

Бұл екі дос -тіршілікте өте сирек ұшырасатын осы биіктіктің адамдары. Сондықтан д қырғыз елінде қанатты сөзге айналып кеткен:

Екі халық достассын,

Қазақ пенен қырғыздай.

Екі жігіт достассын,

Мұхтар менен шыңғыстай -деген жыр жолдары тегіннен -тегін айтылмаса керек.

Slide 6

Ойтүрткі 1. Шыңғыс айтманов пен мұхтар шаханов туралы білетіндеріңді айтыңдар? 2. Шыңғыс пен мұхтардың достығы қазақ пен қырғыз арасындағы достықтың көрсеткіші бола ала ма? 3. «мінез», «ниет», «терең түйсік» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Slide 7

Әдеби тіл нормалары.

Еліктеуіш сөз

Бейнелеуіш сөз

Түрлі дыбыстағы еліктеуден туындаған сөздер. Мысалы: тарс, сарт-сұрт, тасыр-тұсыр, салдыр-гүлдір т. б.

Көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер. Мысалы: маң-маң, сылқ, жалт, күрт, морт, қисаң-қисаң т. б.

Еліктеу сөз мағынасына қарай екіге бөлінеді:

Slide 8

Жазылым

Төле бидің даналық сөздері туралы өз ойларыңды «қос жазба күнделігіне» жазыңдар

Үзінді

Түсіндірме (комментарий)

Сөзге шешен, ойға көсем Төле би өмірлік ұстанымын былай тұжырымдайды: «Өгізді өрге салма-қанатың талар, наданға сөзіңді салма -сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа-сенімің кетер, дұшпаныңа сыныңды айтпа -түбіңе жетер. Жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Мақтаншақ жігіт жисаң, ұятқа қалдырар. »

Slide 9

Үй жұмысы: «Қос бәйтерек достығы» тақырыбына эссе жазыңдар.


Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс Айтматов: өмірбаяны мен әдеби мұрасы
Мұхтар Шахановтың 70 жылдығына арналған поэзия кеші: ақындық пен азаматтық мұра
Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы: өмірі, шығармашылығы және мәдени мұрасы
5-сынып: Мұхтар Шахановтың Отырар өлеңін әдеби және тарихи тұрғыдан талдау сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Мұхтар Шахановтың Отырар өлеңін оқыту сабақ жоспары: тарихи-әдеби талдау және тәрбиелік мақсаттар
Мұхтар Әуезов: қазақ әдебиетін әлемдік мәдениетпен тоғыстырған ғалым-жазушы
Мұхтар Әуезовтің 1930-жылдардағы әңгіме-повестеріндегі тарихи шындық пен қоғам бейнесі
Мұхтар Шаханов: 70 жыл - өмірі, шығармашылығы және азаматтық ұстанымы
Қазақстандағы діни сенімге құрмет пен таңдау еркіндігі: рухани жауапкершілік пен мәдени рөл
Қазақ халқының ұлттық рухани және мәдени құндылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz