Жер бетінде температураның таралуы
Презентация қосу
Жер бетінде
температураның таралуы
Арыстанбекова Дана
БҚ211
Атмосфераның жердегі тіршілік үшін
маңызы
• Атмосфера графиялық қабықтың бір бөлігі ретінде Жердің басқа
компоненттерімен тығыз байланыста болады. Атмосфераны бейнелі
түрде ауа мұхиты деп атайды. Оның, әсіресе, Жердегі тіршілік үшін
маңызы зор. Ауа қабаты Жердегі тіршілікті ғарыштан келетін күлгін
сәулелерден, Жерге түсетін шағын аспан денелерінен қорғайды. Егер
атмосфера болмаса, Жер ғаламшарының беті Айдағы тәрізді
метеориттермен шүрқ- шүрқ тесілген, тіршіліксіз шөлге айналған
болар еді. Сонымен қатар ауа қабаты күндіз жер бетін шамадан тыс
қызып кетуден, ал түнде күрт салқындаудан сақтайды.
• Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты -
тропосферадагы ауа қүрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор.
Мүнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа
райының маңызды қүбылыстары - бүлт, жаңбыр, қар, бүршақ, жел пайда
болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға -
қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеліп соқтырады.
Сондықтан тропосфераны ауа райы «қалыптасатын» орын деп те атайды.
Қазіргі кезде апатты қүбылыстардың алдын алу үшін адамзат алдында ауа
райын болжау мен басқара білу міндеті түр.
Климаттық карталары
• Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын
түсінуде климаттың карталардың маңызы зор. Онда климаттың басты
элементтері: температура,қысым, жел, жауын-шашын және т.б.
таралуы, климаттық белдеулердің орналасуы көрсетіледі. Картада
кейде климаттың бір ғана элементі, мысалы, температураның
таралуы немесе жылдық жауын-шашынның мөлшері мен таралуы, ал
кейде бірнеше элементтері қатар беріледі. Климаттық элементтердің
таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді.
• Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық
сызықтар изотермалар (гректің «изос» - бірдей, «термос» - жылу деген сөзінен
шыққан), қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобар («барос» -
қысым, салмақ), жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын
сызықтарды изогиета («гиетос» - жаңбыр) деп атайды. Изосызықтар айқын
ажыратылу үшін олардың аралықтары шартты түстермен
боялады. Сонымен қатар бұл карталар да ең жылы және ең суық айлар шілде
мен қаңтардың орташа температуралары, белгілі жерде байқалған ең жоғарғы
(абсолюттік максимум)және ең төменгі (абсолюттік минимум) температуралар
көрсетіледі. Қыс пен жаздағы ауа массалары мен басым желдер көк және қызыл
түсті бағытты сызықтармен беріледі.
Жер бетінде ауа температурасы мен
қысымның таралуы.
• Климаттық белдеулердің қалыптасуы жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне
байланысты. Оның мөлшері географиялық ендікпен анықталады. Мәселен, экватордың екі
жағындағы тропиктер аралығында Күн сәулесінің түсу бүрышы үлкен болады, яғни жыл бойы
жылуды мол алады. Сондықтан жер беті тез қызып, атмосфераның оған жанасқан төменгі
бөлігінде температура жоғарылайды. Соның нәтижесінде мұндағы жылдық орташа температура
+25°, +26°С шамасында болады. Ал экватор дан полюстерге қарай күн сәулесінің түсу бүрышы
кемиді. Сол себепті Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстігінде жылдық орташа
температура -10°С, ал Антарктиканың орталық бөліктерінде -50°, -55°С-қа дейін төмендейді.
Жердің Күнді айнала қозғалуы мен пішініне байланысты күннің түсу бүрышы тропиктер мен
полюстер аралығында, әеіресе қоңыржай белдеулерде жыл ішінде күшті ауытқуларға
үшырайды. Сондықтан ауа температурасы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.
• Атмосфералық қысым
белдеулері жер бетінде күн
сәулесінің әркелкі түсуі
мен Жердің өз білігінен
айналуы әсерінен болатын
ауытқу күшіне байланысты
қалыптасады.
• Жер бетінде төмен қысым
басым болып келетін үш
белдеу және жоғарғы
қысым басым болып
келетін төрт белдеу бар
• Полюстер маңында суынып, салмағы ауырлаған ауа төмен
бағытталады, яғни төмен ғарай багытталган ауа қозгалысы пайда
болады.Осыған байланысты полюстермаңындағы
Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеу қалыптасады. Тропосфераның
жоғарғы бөлігінде ауа қозғалысы мен қысымы керісінше
сипатта болады. Өрлеген ауа қозғалысы басым
болатын экватор үстінде қысым жоғарылап, ал полюстер үстінде
төмен қысым басым орнайды.
• Ауаның әрқашан жоғарғы қысымды аймақтардан томен қысымды
аймақтарға қарай қозғалатынын білеміз. Сол себепті экватор маңындағы
жоғары өрлеген ауа төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты
арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа Жердің өз
білігінен айналуына байланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге
жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 30° с.е. пен 30° о.е.
маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жартышарда да тропиктік
ендіктерде жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады. Полюстердегі сияқты
мүнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер
бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төмен қысымды белдеулерге қарай
ауа ағындары бағытталады, олар түрақты желдерді қалыптастырады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz