Тіндердің гомеостазын қамтамасыз ететін механизмдер, жүйені қалыптастырушы факторлар


Slide 1

БӨЖ

Тіндердің гомеостазын қамтамасыз ететін механизмдер, жүйені қалыптастырушы факторлар. Тіндердің өзгергіштік шектері.

Орындаған: Ахмедов Берик

Тексерген: Боксенова С. К.

Астана медицина университеті КеАҚ

Гистология және цитология кафедрасы

Slide 2

I. Кіріспее

ІІ. Негізгі бөлім

1 Гистогенез

2 Тіндердің гамеостазын қамтамасыз етуші механизмдер

3 Тіндік жүйені қалыптастырушы факторлар

4 Тіндердің өзгергіштік шектері

III. Қортынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспары:

Slide 3

Кіріспе

Тін - шығу тегі, атқаратын қызметі, құрылысы бірдей жасушалар мен жасуша емес, постжасушалық құрылымдардың жиынтығы. Тіндердің аталған құрылымдық-функциялық элементтері бір-біріне өзара тәуелді және өзара тығыз байланысқан. Тіндер жасушалардың қарапайым қосындысы емес, тіндер - организмдегі тіндік жүйені құраушылар. Тіндердің онтогенезде дамуы - гистогенез процессі деп аталады.

Жалпы адам ағзасындағы тіндер 4 топқа жіктеледі:

1. Дәнекер тіні;

2. Бұлшық ет тіні;

3. Эпителий тіні;

4. Нерв тіні.

Тін мен оны құрайтын жасушалардың тұрақтылығын тіндік гомеостаз өамтамасыз етеді. Оны қамтамасыз етеуші арнайы факторлар бар. Сондай-ақ, тіндердің тіндік жүйесінің құрылуы үшін де негізгі талаптар бар, сол факторларға сүйене отырып ғана тіндік жүйе құралады.

Slide 4

Гистогенез- тіндердің онтогенез барысында қалыптасуы. Гистогенез эмбриондық кезеңде де, постнаталдық кезеңде де жүзеге асады.

Эмбриондық гистогенез - тіндердің аз дифференцияланған күйінен маманданған 4типті тіндердің эмбрион барысында пайда болуы. Постнаталдық гистогенез - ескірген тіндердің табиғи жолмен жойылып, регенерация көмегімен қайта қалпына кеуі. Гистогененз барысында жүретін механизмдер:

Гистогенез

2

3

1

5

6

Slide 5

Тіндердің регенерациясы

Постэмбриондық/постнаталдық гистогенез барысында өмір сүруін тоқтатқан жасушалардың қайта қалпына келуі - регенерация деп аталады. Регенерация түрлері:

1. Жасушаның зақымдалу деңгейіне байланысты:

Физологиялық регенерация - жасушаның қалыпты тіршілік барысында өмір сүруін тоқтатқан тіндердің қалпына келуі, мысалы тері эпидермисі.

Репаративті регенрация - патологиялық процесс әсерінен тіршілігін тоқтатқан жасушалардың қайта қалпына келуі, мысалы жаралардан кейін терінің қалпына келуі.

2. Жасуша ішінде, жасушаның өзінде жүруіне байланысты:

Жасуша ішілік регенарция - жасуша ішіндегі органоидтардың қатысуымен, жасушаның гипертрофиясы, яғни көлемінің артуы арқылы қалпына келуі.

Жасушалық регенерация - жасушалық пролиферация арқылы, камбиальды жасушалар көмегімен қайта қалпына келуі.

Реперативті регенерация(видео)

Slide 6

Тіндік гомеостаз - тіндердің құрылымдық-қызметтік элементтерінің динамикалық тұрақтылығын сақтау. Тіндік гомоестаз тінішілік және тінаралық әрекеттесулер арқлы жүзеге асады. Тіндердің негізгі элементі - жасушаның бір-бірлерімен адгезияық байланыста болуы арылы гомеостаздың тұрақтылығы сақталады. Тіндік гомесотазды қамтамасыз ететін факторлар - гуморальдық факторлар. Яғни, метаболиттер, гормондар, кейлондар, цитокиндер.

Тіндік гомеостаз

Slide 7

Тіндік гомеостазды қамтамасыз етуші механизмдер

Цитокиндер

Цитокиндер - жасушаралық әрекеттесуды қамтамасыз ететін бенсендендірілген инммундық жасушалардың ақуызы. Жасушалардың пролиферациясы мен дифференциялануыны реттейді. Нақты тінге арнайыланбаған, әртүрлі тіндердің жасушаларына әсер етеді. Олардың жасушаға әсер етуі цитокиндер эстафетасы арқылы жүзеге асырылады, яғни, бір цитокин жасушаға әсер етеді, одан басқа цитокиндер бөлініп шығады. Цитокиндерге жатады: интерферондар, интерлейкиндер, ісік некроздаушы факторлар, хемокиндер және өсу факторлары.

Интерлейкиндер - Т-жасушаларымен және мононуклеарлық фагоциттерден бөлінетин цитокиндер.

Өсу факторлары - жасушаларды ДНҚ синтездейтін ақуызды молекулалар жиынтығы. ОЛар организмнің дұрыс дамуын және қорғаныш реакцияларын қамтамысыз етеді.

Ісік некроздаушы факторлар - кахексин мен лимфотоксин жатады. Кахексин ісік жасушаларын некроздайды, лимфотоксин апоптоздайды.

Интерферондар - қанның ядросы бар жасушаларынан және шырышты қабаттардың эпителиоциттернінен түзіледі. Оның альфа, бета, гамма интерферон деген түрлері болады. Вирусқа, бактерияға қарсы әсер көрсетеді.

Slide 8

Цитокиндер

интерлейкин

Ісік некроздаушы фактор

интерферон

Slide 9

Кейлондар

Тінспецификалық факторлар - яғни, арнайы бір тін жасушаларына ғана әсер етеді.

Нақтылы бір тіннің кемелденген жасушаларында өндіріледі. Кемелденген жасушалар саны азайса, кейлондардың синтезделуі де төмендейді.

Камбиальды жасушалардың бөлінуін тежейді. Кейлондар - нақты дифференцияланып болған жасушалардың ары қарай бөлінуін тежеп, тін жасушаларының гомоестазын сақтайды.

Slide 10

Эндокриндік бездерден бөлінеді

Тікелей қанға бөлінетін биологиялық активті заттар.

Тіндік гомоестазды сақтайды

Тіндердің жасушаларына әсер етіп, олардың өсуін, жұмыс атқару қарқындылығын нормаға келтіріп, тіндік гомоестазды сақтайды.

Гормондар

Гипофизден бөлінетін гормондар

Серотонин гормонының тромбоциттен бөлініп жатқандағы микроскопиялық көрінісі

Slide 11

Тіндік жүйені қалыптастырушы факторлар

1. Біркелкі жасушалар тобы бір тұтас тін жүйесіне интеграциялануы, яғни бірігуі қажет.

2. Бірлескен тіндерді арасында механикалық байлнаыс ретінде жасушааралық байланыстар(адгезия, десмосома, адгезивті белбеу, нексус) болуы керек.

3. Бірлескен жасушлардың іс-әрекеті кооперцияға, яғни ынтымақтасуы керек.

Slide 12

Тіндердің өзгергіштік шегі

Тіндердің өзгергіштігі - тіндердің жас ерекшеліктеріне, қоршаған орта факторлары әсерінен өздерінің қасиеттерін өзгерту мүмкіндігі.

Жас ерекшелігіне байланысты тіндердің өзгеруі - жасушалар санының азаюымен, олардағы зат алмасу процесстерінің төмендеуінен болады. Бұл кезде тіндердің құрамындағы жасушалар мен жасуша емес құрылымдардың дистрофиялануына алып келеді.

Қоршаған орта фактор әсерінен тіндердің өзгеркі - экологиялық фактор әсерінен болады. Бұл кезде жасушалардың митоздық белсенділігі төмендейді, жасушалардың және оның элементтерінің гипертрофиясына, гиперплазиясына алып келетін метоболткалық процесстердің күшеюінен болады.

Slide 13

Метаплазия


Ұқсас жұмыстар
Тіндердің жүйе қалыптастырушы факторлары
Стресс және гомеостаз
АПОПТОЗ НЕКРОЗ
Жүректің қанайналымы
Иммундық жауапқа қатысатын иммундық жасушалар
Бауыр және оның микроқұрылысы
Жауаптың жіті кезеңі
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ
НЕКРОЗ АПОПТОЗ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz