КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ



Тақырыбы:
«ҚР Президентінің Конституциялық құқықтық мәртебесі»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Нарықтық экономикалық қатынастар-дың қалыптасуы, бірпартиялылықты жою, билікті бөлу қағидатын дәйекті енгізу Қазақстанда президенттік институтты орнықтыруды және нығайтуды талап етті. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР Президентінің постын тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заңмен саяси және экономикалық түбегейлі өзгерістер, конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және қауіпсіздігін нығайту, мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының өзара әрекетін жақсарту мақсатында ҚазКСР Президентінің постын тағайындады.

Республика Президентінің өз өкілеттіктерін тиімді және тәуелсіз жүзеге асыруы, президенттік басқару нысанын одан әрі нығайту үшін президенттік билік көзін, жанама өкілетті орган арқылы емес, бүкіл Қазақстан халқы атынан заңдастырудың объективтік қажеттілігі туды. Сондықтан Республикадағы президент институты қалыптасуының маңызды кезеңі 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен мемлекет басшысын бүкілхалықтық сайлау болды. Республика аумағында құрылған 21 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілді. Солардың ішінен дауыс беруге 8 788 726 адам, яғни 88, 23 пайызы қатысты. Сайлау бюллетеніне құпия дауыс беру үшін ҚазКСР Президенттігіне үміткер Н. Ә. Назарбаев енгізілді. Нәтижесінде дауыс беруге қатысқандар қатарынан 98, 78 %-ы Н. Ә. Назарбаевқа дауыс берді.

Президент президенттік басқару нысанын нығайту бағытын дәйекті жүргізуге бүкілхалықтық қолдау тапты.
ҚР Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдаған ҚР Конституциясы ҚР Президенті атқарушы биліктің бірыңғай жүйесін басқаратынын бекітіп, президенттік билікті күшейту тенденциясын жүйелі түрде жалғастырды.
Президент мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау, республиканың қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту жөніндегі қажетті шараларды қабылдау құқығына және міндетіне ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық орны ҚР Конституциясының III бөлімінде белгіленген. Осы бөлімнен бастап мемлекеттік органдар туралы мәселені регламенттеу басталады, бұл ҚР Конституциясымен Президентке биліктің жоғары органдары жүйесінде қандай орын берілгендігін куәландырады. Президент - жеке-дара тұрақты іс-әрекет ететін мемлекет басшысы.
Бүкілхалықтық дауыс берумен 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясы, президенттік басқару нысанын және соған сәйкес мемлекеттік құрылысты біржолата бекітті.

Президенттік басқару нысаны шеңберінде, билік тармақтарының үстінде тұрған, шын мәнінде, төрелік функцияларына ие болған және соның арқасында мемлекеттік билік органдарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекет басшысының мәртебесі, Қазақстан жағдайында қоғамның саяси және экономикалық жүйелерін кері айналмайтын реформалауды табысты жүргізу үшін барынша қолайлы алғышарттарды жасауға мүмкіндік береді. Президенттің әлеуметтік тұрғыдағы конституциялық-құқықтық мәртебесінің маңызы бірде бір кем емес: көпэтносты және көпконфессиялы, оның үстіне онда жіктелу жүріп жататын, қоғам үшін Президент тұлғасында азаматтық татулық, қоғамдық тұрақтылық және ұлтаралық келісім кепілінің болуы өмірлік маңызды. Бұл дегеніңіз өзін құрған халық алдында биліктің жауапкершілігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 2011 жылғы 14 желтоқсанда толықтыру енгізілді, соған сәйкес Республикада мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні тағайындалды.
Мереке күнін 1 желтоқсанға белгілеу кездейсоқ емес, өйткені 1991 жылы нақ осы күні Республика Президентін тікелей сайлау алғашқы рет өтті, онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Сол есте қаларлық күннен бері 20 жылдан сәл асты. Қазақстанның нұсқалған кезең ішіндегі жетістіктерін зерделей отырып, солардың қатарында - қоғамдағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық бар, біз Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбектерін мойындамай тұра алмаймыз.
Мемлекет басшысының кемеңгер және сарабдал саясатының арқасында, Қазақстан Республикасы халықаралық аренада жоғары орын алады.

Аталмыш норманы іске асыруға 2000 жылғы 20 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заң қабылданды, ол Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының сабақтастығын, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саяси және құқықтық орнын белгіледі.
2010 жылы, Қазақстан халқы тарапынан орасан зор шынайы құрмет пен сенімді ескере отырып, нұсқалған Конституциялық заңға түзетулер енгізілді, соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ұлт көшбасшысы болып табылады.

Республика Президентінің конституциялық мәртебесі, мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабымен белгіленген. Нұсқалған бапқа сәйкес Республика Президенті:

Республика
Президентінің өкілеттіктері:






Нұсқалған өкілеттіктер Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа әрі ішкі, әрі сыртқы саясатта көрініс тапқан тұрақтылық пен Қазақстан Республикасын дамытудың дәйекті бағытын сақтаудың кепілі болуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы туралы» ҚР Конституциялық заңында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заңдарымен қарастырылған Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерімен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының саяси-құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының оның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де прерогативтері және кепілдіктері белгіленген.

Мысалға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне оның тарихи миссиясы арқасында өмір бойы келесі құқықтар тиесілі:

Сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Ұлт көшбасшысымен келісілетін болуға тиіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz