Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі




Презентация қосу
Тақырыбы:
«Халық
педагогикасындағы
дене тәрбиесі»
Халық педагогикасында “Бірінші байлық-денсаулық”деген ұғым өзекті
орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы” депрухани,
материалдық байлықтың негізін жеке бастың , яғни тәннің
саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап
тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән
беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен
ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік –
экономикалық жағдайдың негізінде дамып, жаңарып, жетіліп отырған.
Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрлыста: аң аулау, таяқ
жүгірту, садақ ату, қақпатас, қара тас ойындары пайда болса, бертін
келесі дәуірде қайталау-жаттығу нәтижесінде бұл ойындар аң аулау,
буркіт салу, құс салу, садақ тарту, жамбы ату, қақпан –тұзақ құру т.б.
спорттық ойындардың аттары өзгеріп мазмұны байый түскен.
Тұрмыс – салт, тарихи – әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ
халқының дене тәрбиесіне лайықтаған дәстүрлері көп. Атқа отырғызу,
күрес, жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату
сияқты шынықтыру дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық
және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды, адалдыққа тәрбиелейді.
Атқа мінгізу рәсімі 3-5 жастағы баланың сүндет
тойымен үштастырылып, зор парасатпен
салтанатты түрде өткізілген. Үш жасар балаға
арнайы ат үйретіліп, оған баланы отырғызу үшін
арнеайы ер – тұрмандар даярланған.

Казіргі кезде, әсіресе мал шаруашылығының
қызметкерлері бұл дләстүрді жалғастырып жүр.
Әуелі балдырған әкесінің көмегімен ат аялдатады,
желдіреді, шабады, сөйтіп ол бес жасқа дейін ат
мінуге толық үйренеді де, бес жастан әрі қарай
балдырған “тізгінді өз қолына алады”. Кейін ол ат
шаптыруға, аламан бәйгеге қатысуға бейім болып
өседі.
Қазақша күрестің өз ерекшелігі бар. бала күрес,
балуан күрес, айқасып күресу, белдесіп күресу,
жата беріс тастау, аяқпен шалу т.б. күрес
тәсілдік ережелермсен қалыптасқан. Бұл –
баланы, балуанды шынықтырудың ең қажетті
құралы. Ат жарыстың бірнеше түрі бар: тай
жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, ат жарыс,
алман жарыс. Ат жарыста ат айдаушы мен ат
бегінің атқаратын ісі жауапты. “Ат шаппайды,
бап шабады” депи халық бапкердің еңбегін
жоғары бағалайды. Ат сынаушы саяткердің ат
жарыста алатын орны үлкен. Кейбір саяткер
аттың қанша шақырым талмай шабатынын дәл
тауып айтады. Ат жарыста ат айдаушының да
тәжірибесі мол болуға тиіс. Аттың өкпесін
тепкілей, қамшылай беру – әбестік, әрі үлкен
айып.
Алтабақан –қазақ халқының дене шынықтырып,
көңілкөтеру үшін шығарған ұлттық ойыны. Алты
бақанды сырықтың екі басына үш-үштен қосақтап
бай лап,бақанның арша тармағын сырыққа кигізеді.
Алта бақанды құрастырып болғаннан кейін , оның екі
басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір
деңгейде , үшіншісіолардан 40-50см төмен тұрады.Бір
деңгейде байланған екі арқанға қыз бен жігіт қарама-
қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға
аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам
тербетеді.Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам
қосылып ән салу тиіс. Алтыбақан ертедегі ауыл
өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып,халық
аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын,
айтысатын көңіл көтеретін ойын-сауығы
болған.Алтыбақан ойынын жаңаша өнер жарыс
Ақсүйек бағдарлық сезімді дамыту үшін, денені
шынықтыру үшін шығарған ұлттық ойын. Айлы
түнде ойналады. Ойын бастаушы ойыншыларды
екі топқа бөліп, кезегіне қарай ақ сүйекті (көбіне
жылқының бақай сүйегін) алысқа лақтырады. Екі
топтан ең бағдаршыл, қырағы ойыншы ақ сүйекті
тауып алып қашып, қарсыласы тартып алмаза,
сөреге жеткізеді. Қайсы топ сөреге ақ сүйекті
көбірек әкелсе сол жеңеді. Егер ақ сүйекті тапқан
ойыншы өзінің жүйріктігі мен күшіне сенбесе ,
одақтасына беріп жібереді. Жүгіріп ойнайтын
ойын болғандықтан ақ сүйек денені
шынықтырады, шапшаңдыққа, батылдыққа
тәрбиелейді.

Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогика оқулықтары
Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖАЙЛЫ
атырлар жырының дү ниетанымд жә не тә рбиелік мә ні
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану;халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
Қазақ халқындағы азаматтық патриоттық тәрбиенің ерекшелігі
Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері (отбасы)
Әдебиет шығармалар ауыз әдебиеті тарихында
Пәндер