Қазіргі кезде әкімшілік құқықта жаңадан енгізілген жазаның түрі



Тәртіпке бағынған құл болмайды
Бауыржан Момышұлы

Өткен сабақты пысықтау:
14. Әкімшілік жауапкершілік

«Серпілген сауал» әдісі
1. Әкімшілік құқықбұзушылық дегеніміз нені білдіреді. ?
(Жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кінәлі әрекеті немесе әрекетсіздігі )
2. Әкімшілік жауапкершілікке азаматтар неше жастан бастап тартылады?
( 16 жастан бастап)
3. Әкімшілік жаза қандай жағдайда қолданылады?
(Құқықбұзушылық жасағаны үшін, өкілетті органдардың мәжбүрлеу шарасы)
4. Қ. Р. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекс қай жылы қабылданған?
(2014 жылы 5 шілдесінде )
5. Әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда қандай жазалар қолданылады?
6. Қазіргі кезде әкімшілік құқықта жаңадан енгізілген жазаның түрі?
(Бейнебақылау камераларының көрсетуі негізінде айыппұл салу)
7. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қандай әкімшілік жаза қолданылады?
(тәрбиелеу, заңды түсіндіру, келтірген зиянды қайтадан қалпына келтіру)
8. Азаматтардың құқықтық қабілеттілігі қай жастан басталады?
(туылған кезден бастап)
9. 18 жасқа толған, бірақ әрекет қабілеттілігі толық емес деп кімдерді айтамыз?
(психикалық аурумен ауыратындарды)
10. Құқыққа қарсы әрекет дегеніміз не?
(заңда тиым салынған немесе шартқа қарсы белсенді әрекет

11 наурыз І. Жаңа сабақ:Қылмыстық жауапкершілік.
Оқу мақсаты:
9. 7. 3. 1 -Қылмыс ұғымын, болу себептері, құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы қылмыстық жауапкершіліктегі жаза түрлерін анықтау

Құқықбұзушылықтың ең ауыр түрі-қылмыс болып табылады.
Қылмыс дегеніміз-заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік.

Қылмыс қасақана және абайсызда жасалуы мүмкін.
Қ. Р-ның Қылмыстық Кодексі 2014 жылы
4 шілдеде жарияланған.

Топтық жұмыс: (Мәтінмен жұмыс)
1-топ: Қылмыс ұғымы, түрлері, болу себептері
2-топ: Қылмыстық жауапкершілік
3-топ: Қылмысқа қолданылатын жазаның түрлері
Дескриптор: -қылмыс ұғымын, түрлерін, болу себептерін анықтайды.
-қылмыстық жауапкершіліктің ерекшеліктерін сипаттайды.
-жаза ұғымына анықтама беріп, жаза түрлерін анықтайды

1-топқа:Қылмыс дегеніміз не? Жасалуына қарай қылмыс нешеге бөлінеді және қылмыстың болуына не себеп?
2-топқа: Қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктері, қылмыстық жауаптылыққа тарту неше сатыдан тұрады ?Қылмыстық жауаптылыққа тартуға өкілеттілігі бар бірден бір субьект кім?
3-топқа: Қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын жазаның түрлері қандай? Жаза дегеніміз не және жазаны ауырлататын, жеңілдететін жағдайларды ата?

4. Құқық қорғау органдарыныңжұмысының әлсіздігі
Қылмыстың болу себептері
Сызбаны толтыру: Жұптық жұмыс
1. жұмыссыздық
2. кедейшілік.
3. маскүнемдік
5. Отбасы тәрбиесінің төмендігі

Қылмысқа қолданылатын
жазаның түрлері
Жазаны жеңілдететін
мән-жайлар
Жазаны ауырлататын
мән-жайлар
Кестені толтыру : Жұптық жұмыс
-Бас бостандығынан шектеу
-құқынан айыру
-қамаққа алу
-қажетті қорғану кезінде
-жасаған қылмы зардабын өзі жойса
-абайсызда жасаған қылмысына қатты өкінсе
-қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса
-қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса

Дескриптор:
-қылмыстың болу себептерін анықтайды.
-қылмыстық жаза түрлерін анықтап, талдайды.
- қылмыстың жасалу түрлерін анықтап, сипаттайды.
Кесені толтыру: Жұптық жұмыс
Қылмыс түрлері
Қылмыстың жасалуына қарай қандай жаза қолданылады
1
2
3
4
ауыр емес ауырлығы орташа ауыр қылмыстар аса ауыр қылмыс

«Жағдаяттық тапсырмалар» топтық жұмыс
І топқа:
Жаз мезгілі. Азамат пен Қанат және бірнеше достары суға шомылуға барды. Олар суға шомылып, біраз көңіл көтерді. Азаматқа өзен жағасында демалып жатқан масаңдау күйдегі бір кісі тиісіп, ол Азаматты суға итеріп жіберді. Ол жүзу білмегендіктен, суға кетіп қайтыс болады. Ол бұл әрекеті үшін қатты өкінді
Сұрақ: Бұл жерде бүзақының адамды қасақана өлтіру ниеті болды ма? Болмаса ол қылмыстың қай түріне жатады және қандай жаза қолданылады?
Жауабыңды дәлелде:

Арман мен Самат көптен бері жұмыс таба алмай бос жүрген еді. Олар ақша қажеттілігіне байланысты, бос тұрған көрші үйге ұрлыққа түспек болып келісті. Достар уәделескен уақытта кездесіп жұмыстарын орындады. Бірақ олар көп ұзамай қолға түсті.
Сұрақ: Бұл жерде олардың қылмысқа бару себебі неде, қылмыстың қай түрі қолданылып тұр және сот қандай шешім шығаруы мүмкін?
Жауабыңды дәлелде:
ІІ топқа:

ІІІ топқа:
15 жасар Асқар жұмысқа жаңадан орналасқан еді. Оған бір күні бірге жұмыс жасайтын балалар тиісіп, ақша талап етіп Асқарды ұрып-соға бастады. Қажетті қорғану кезінде Асқар бір жігітті қатты жарақаттап, денсаулығына зиян келтіріп алды. Сұрақ: Кәмлеттік жасқа толмаған Асқарға сот қандай шешім шығаруы мүмкін?
(Мадақтау арқылы бағалау)

Тест жұмысы . жеке жұмыс
1. Қ. Р-ның Қылмыстық Кодексі қай жылы қабылданған?
А. 1997 ж 16 шілдеде Б. 1995 ж 30 тамызда
С. 2011 ж 15 қараша С. 2014 ж 4 шілде
2. Кәмелетке толмағандар неше жастан жауапқа тартылады?
А. 18 жастан Б. 20 жастан В. 14 жастан С. 16 жастан
3. Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлға кінә тағылған сәттен бастап кім деп танылады?
А. айыпталушы Б. күдікті В. сотталушы С. сотталған
4. Қ. Р-да елбасы жарлығы бойынша өлім жазасына мораториі қай жылы жариялады?
А. 2003 ж 17 желтоқсанда Б. 2001 ж 16 желтоқсанда
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz