Болашақтың роботы



“Болашақтың роботы”
Ербол Талант

1969 жылы Жапониядағы Yaskawa Electric Heavy Industries, Ltd атты компания ең алғашқы өндірістік роботты жинап шығарған. 2004-2005 жылдары Жапонияда жылдық өндіріс көлемі 60 мың роботты құрады, соның ішінде жартысына жуығы экспортқа шығарылады. Бұл салада 130−дан астам компания мен фирмалар, соның ішінде ең ірі қаржы - өндірістік холдигктер ( Fanus Ltd, Yaskawa Electric Corp, Fuji Machine MFg Co., Toshiba Machines Co., Okuma Corp, Hitashi Suiki Co. т. с. с. ) жұмыс істейді. Жапондық робот жасаушылар өздерінің техникасын жаңа салаларда қолдануды үйренуде, әсіресе әр түрлі қызмет көрсету түрлерінде қолдану мысалы, офистардағы хатшы ретінде, ауруханадағы күтуші ретінде, анықтамаларды беру және үй жұмысын орындау т. б. ) . Жапондық компаниялар Humanoid Robotic Project (HRP) программасын орындауда, қаржыландыру көлемі $37 млн құрайды. Осы жоба бойынша адам келбетіндегі роботтар жасалуында. Робототехника басқа салаларда өте қарқынды дамуда.

1500 жылы Леонардо да Винчи механикалық арыстан жасайды. Оны көрген Франция королі «Милан орнынан қозғалды, тырнақтары бар темір кеуде Францияның елтаңбасы болады» деді. Адам тәрізді алғашқы қолданыстағы роботты 1737жылы француз өнертапқшы Жолк де Ваконсон құрды. XIX ғасырдың аяғында Ресей инженері Чебышев Пафнутий стопоход тетігін ойлап тапқан. 1940 жылы электрондық өнеркәсіпте компьютер арқылы басқарылатын роботтар пайда болды. Осыдан кейін-ақ адамдар қауіпті әрі қиын жұмыстардан құтыла бастады. 1962 жылы “Юнимейт” атты робот пайдаланылды. Ол “Дженерал моторс” автомобиль зауытында көліктердің ауыр бөлшектерін дайындау, ауыстыру жұмыстарымен шұғылданды. 1993 жылы “Dante” сегізаяқты жүретін робот құрастырылды. Sony AIBO Ит-робы ERS-11 моделінде ойын- сауықтарда пайдалану үшін ұсынылды. Робот екі ондық моторлы аяқ, басын қозғалысқа түсіріп, алға-артқа жүре алатын еді. .

Қазақстанның технологиялық дамуы өзіне байланысты болып келеді. Робот жасаушылардың Қазақстанға қызығуы үшін Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам робот сатып алынып және орнатылуы қажет (Ресейде қолданылатын жалпы роботтар санымен салыстырғанда) . Сондай-ақ Қазақстанда аз көңіл бөлінетін стандартты емес роботтарға сұраныс болу кере. Мысалы: бұл роботтар автоматтандырылған жай құрылыс кешені бола алады, яғни бұлар адамның қатысуынсыз құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін жасай алатын болады. Роботтарды жасаудағы мақсат - адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына зиян, қызмет түрлерін солардың міндетіне беру болып табылады. Қазақстанға пайдалы қазбалар өндіретін өндірістік роботтар қажет. Тағы бір мәселе ол, ластанған және реактивті қалдықпен жұмыс істейтін роботтар қажет.
Терезе жуғыш
робот

Болашақтың технологиясы:
өрт сөндіруші робот
Біз өмір сүріп жатқан ғасырдың үлкен жаңалығы - роботтардың пайда болуы. Олар адамның жұмыстарын жасауға жарамды болып келеді. Тіпті қауіп бар, болашақта адамның бәрі жұмыссыз қалуы мүмкін деген. Себебі барлық жұмысты арнайы бағдарламаланған, қызметіне ақы алмайтын, тамақ ішпейтін, тек қана компьютермен басқарылатын роботтар жасайтын болады.
Сол роботтардың бірі - болашақта пайда болатын өрт сөндіруші робот. Оның үлгісі дайын. Ендігі жұмыс - оны өндіріске апару ғана. Ол - ешкімге зияны жоқ, орманда болатын алып өрттерге арналған робот. Ол қазір адамның басқаруымен жұмыс істейді. Яғни, айтқанын істеуші ғана. Ал болашақта оған бағдарлама орнатылса, ол өздігінен өрт көрген жағдайда сөндіруге, өртеніп жатқан ағаштарды кесуге аттанады. Джордан Гельд - аталған роботтың иесі.

Роботтарды
қолданатын
салалар
Медицина
Өндіріс
Зертту саласы
Әскери сала
Білім саласы
Тұрмыста

Киото университеті.
2018 жылы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ бір қатар студенттері «Электроника бойынша жазғы мектеп» бағдарламасының аясында Жапон елі Киото қаласына барды.
Киото университеті - Жапония Киото қаласында орналасқан ең маңызды ұлттық оқу орындарының бірі.
Қытай, Франция, Англия және Қазақстан студенттері осы университетте роботтар құрастыратын жэне зерттейтін “ARDUINO”бағдарламаcымен танысып, өздері робот құрастырған. Сол cтуденттердің қатарында біздің жерлесіміз Жумадилов Рахымжан. Боралдай кенті Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектептің түлегі. Қазіргі таңда аль Фараби атындағы ҚазҰУ плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының магистранты, «Ашық түрдегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана» лаборанты. Жапон профессоры Такахаши Жумадилов Р. білімпаздығына риза болып сертификатпен марапаттады.
Мектеп оқушыларының роботтарға деген қызығушылығын арттыру үшін бұл зерттеушілердің ойлап тапқан ойын тренажеры маңызды рөл атқарады.


Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz