Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар

Орындаған: Қонысбекова. Д. Б

Тобы: ВМ-801

Тексерген: Билялов:Е. Е

Семей 2021 жыл

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Фосфорорганикалық қосылыстардан улану

Хлорорганикалық қосылыстардан улану

Жасанды пиретроидтар

Авермектин және ивермектиндер

Фтор және азот қосылыстарының токсикологиясы

Гербицидтер

Триазин, фенол туындылары

Хлораттар

3. Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Фосфорорганикалық қосылыстар - фосфор қышқылының күкірттік немесе азоттық туындылары. Олар инсектицидті, акарицидті, фумигантты әсер етеді.

Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылғында ФОҚ-дың жанаса және жүйелі түред әсер ететін 25-тен аса түлері бар. ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары: хлорофос, ДДВФ, метафос, дифос, этафос, циодрин, карбофос, диазинон, дурсбан, үшхлорлыметафос.

Жүйелі түрде әсер ететін препараттары: гардона, силикрон, токутион, фозалон, бутифос, неоцидол, золон және жанаса-жүйелі әсер ететіндер: антио, фосфамид, фталофос, гетерофос. Көптеген ФОҚ пестицидтер ағзаға терілік резорбтивті әсер етеді. Мұндай препараттар: метил-меркаптофос, бутифос, циодрин, тиодан. ФОҚ-тар көбінесе мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бауырда, бүйректе, бұлшық тетерде жинақталады.

Slide 4

Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне қарай фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:

1. Мускарин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер - миоз, бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс терлеу, ішектің жиырылуының күшеюі және іш өту секілді белгілерімен сипатталынады.

2. Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық етінің треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсетіледі.

3. Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшықеттерінің, соның ішінде моын, кеуде бұлшық еттері тонусының іәлсіреуі сияқты белгілермен ерекшеленеді.

Slide 5

ФОҚ-дың жанама әсер ететін препараттары:

Slide 6

ФОҚ-дың жүйелі түрде әсер ететін препараттары

Slide 7

Емдеу

Венаға 20 пайызды глюкоза ерітіндісін 1мг/кг, 10 пайызды кальций хлоридін мүйізді ірі қараға 150-200 мл, қой-ешкіге, шошқаға, иттерге тәулігіне 1-2 рет 15-20 мл мөлшрінде 2-3 күн қатарынан егеді. Ағза жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыру үшін 1000 мл изотониялық ас тұзы ерітіндісінен, 400 мг кальций хлоридінен, 400 мг калий хлоридінен, 80 мг тиамин бромидінен және 1000 мг аскорбин қышқылынан тұратын қоспа дайындап, мүйізді ірі қараға 2000 мл, бұзауларға 1000, қой-ешкілерге 500 мл беру жақсы нәтиже береді.

Slide 8

Жануарлардан алынатын шикізаттарды ветеринарлық-санитарлық сараптау

ФОҚ пестицидтермен өңделген азық - түліктерді, соның ішінде, етке өткізілетін тауықтарды, 25 күн ішінде союға болмайды. Пестицидтердің ең жоғарғы қалдық мөлшері: етте- абат 1 мг/кг, амидофос және тролен 0, 3 мг/кг, бойтекс 0, 2 мг/кг, дурбсон 0, 1 мг/кг, жұмыртқада - абат 1 мг/кг болуы тиіс. Бұл азықтарда ДДВФ жәе хлорофостың болмауы қажет. Жоғарыда аталған пестицидтердің ешкайсысының сүт және сүт өнімдерінде кездесуіне тиым салынады.

ЕСКЕРТУ: фосфорорганикалық пестицидтердің қалдық мөлшері 2-5 сағ қайнатылған еттің құрамында өз күшін жоймай, зертханалық жануарларға уытты әсер етеді.

Slide 9

Хлорорганикалық қосылыстардан улану

Ауыл аруашылығы саласында хлорорганикалық қосылыстардың маңызы өте зор. Олардың зиянды жәндіктерге, кенелерге, патогенді саңырауқұлақтарға қарсы пестицидтік әсері кең, уыттылығы жоғары және өте төзімді.

ХОҚ өзінің уыттылық дәрежесіне қарай, өте уытты, уытты, орташа уытты және уыттылығы төмен пестицидтер болып бөлінеді. Бұл перпараттар ауыл шаруашылығы малдары ағзасына тыныс алу, асқорыту жолдары және бүлінбеген тері арқылы енеді.

Көптеген хлорорганикалық қосылыстар криссталды немесе аморфты заттар, суда нашар, майлы ерітінділер мен липидтерде жақсы ериді. Май ұлпаларында, орталық жүйке жүйесінде және т. б мүшелерде жинақталып асқорыту жүйесі және бүйрек, сауын малдың сүті арқылы бөлінеді.

Slide 10

ХОҚ ароматты көмірсутектері

Slide 11

Емдеу

Хлорорганикалық қосылыстардың қанға өтуін тежеп, қарынды уытты заттардан босату қажет. Бұл үшін тұзды іш өткізгіштер, сорғыш және құстырғыш дәрілерді қолданады. ішке белсендірілген көмір, күре тамыр арқылы натрий хлорлы натрийдің гипертониялық ерітіндісін, 40 пайызды глюкоза, 10 пайызды кальций хлориді немесе 0, 5-1 мл/г кальций глюконатын береді. Дірілдерге қарсы ұйөқы келтіретін және тыныштандыратын препараттар қолданылады. 7 пайызды хлоралгидрат ерітіндісін күре тамыр арқылы жылқыға 100-200 мл, мүйізді ірі қараға 50-75 мл енгізу дұрыс нәтиже береді. Спецификалық антидот ретінде ацетилцистейн және цистесан, организмді қалпына келтіру үшін метионинді 25 мг/кг, аскорбин қышқылын 5 мг/кг және глюкоза, калий, натрий хлориді ерітнділерінің қоспасын кешенді түрде қолданылады.

Slide 12

Жасанды пиретроидтар

Пиретроидтар - құрамында циклопропан карбон қышқылының цинерин, пиретрин секілді әсер етуші туындылары бар күрделі эфир. Синтетикалық жолмен хризантема өсімдігінен алынады. Біздің дәуірімізге дейін пиретроидтар дәрілік түймедақ гүлінің ұнтағы ретінде қолданып келген. Ал химиялық құрамы тек өткен ғасырдың 50-ші жылдары ғана белгілі болды.

Цинерин мен пиретрин - өзіне тән иісі бар, тотығу және гидролиздену нәтижесінде белсенділігін тез жоятын сұйықтық оларды синтездеу өте қиын. Сондықтан, қазіргі уақытта оларды жасанды жолмен алып, алынған күрделі эфирді - жасанды пиретроидтар дейді.

Slide 13

Токсидинамикасы. Пиретроидтар орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді. Бауырдағы және қан сарысуындағы холинэстеразаның, сілтілік фосфатазаның, жалпы ақзаттың және мочевинаның деңгейін төмендетеді.

Клиникасы. Пиретроидтардан мүйізді ірі қараның, қойлардың, шошқалардың улануы тіркелмеген. Ал улана қалған малдар жалпы әлсірейді, кейіннен қозады, тремор, әртүрлі дірілдер қалыптасады. Сілекей ағады, терінің сезімталдығы төмендейді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Зертханалық жануарларға пиретроидтардың өлтіре әсер ететін мөлшерін еккенде мида зат алмасудың бұзылуы, эпикард пен эндокардта нүктелі қан талаулар, ішек-қарынның кілегейлі қабығында катаралды қабынулар байқалады.

Емдеу. У қайтарғыш жоқ. Улану кезінде ішке бесендірілген көмір, іш өткізгіш, құстырғыш заттар береді.

Slide 14

Авермектиндер мен ивермектиндер

Авермектиндер мен ивермектиндер - ақ түсті кристалды зат. Органикалық еріткіштерде жақсы, суда нашар ериді. Өндірісте құрамында 1 пайызды әсер етуші зат - глицерин полипропиленгликоль, поливинилпиролидон қоспалары бар препарат қолданылады. Дәрілік затты тері астына немесе ауыз арқылы 0, 0002-0, 0003 мг/кг мөлшерінде енгізеді. Остертагиоз, гемонхоз, трихостронгилез, коопериоз, диктиокаулез, онхоцеркоз, шошқаның аскаридозы және трихоцефалезі кезінде қолдану үлкен нәтиже береді. Сауылатын малдарға қолдану тиімсіз.

Slide 15

Клиникалық белгілері. Улану белгілері препарат енгізілгеннен кейінгі 3-4 сағаттан соң біліне бастайды. Мал әлсірейді, азыққа тәбеті болмайды, аяқтарының бұлшық еттері дірілдеп, жүріс-тұрысы бұзылады, әртүрлі салданулар байқалады. Қан құрамында ешқандай өзгеріс байқалмайды. Соңғы 20 жылда бұл препараттардан жаппай улану белгілері байқалмаған.

Емі. Арнайы у қайтарғыш жоқ. Симптоматикалық ем қолданылады.

Патологиялық - анатомиялық өзгерістер. Ішкі мүшелерде морфологиялық өзгерістер байқалады.

Алдын алу шаралары. Әр түлік малына енгізу мөлшерін қатаң сақтап, сойылу мерзімінен бұрын союға тиым салынуы керек.

Slide 16

Фтор және оның қосындылары

Фтор - қалыпты жағдайда өзіне тән иісі бар, ақшыл, сарғыш газ, галоген тобына жатады. Табиғғатта кең таралған. Фтор алмасуының бұзылуынан, жануарлар арасында флюороз ауруы пайда болғаны анықталған. Бұл ауру ішетін судың құрамында фтордың қалыпты мөлшерден көп болуының салдарынан болады.

Емі. Жіті улану кезінде кальций препараттарын, 10пайызды хлорлы кальцийді венаға егеді және асқазанды жылы сумен жуып шаяды. Созылмалы улану кезінде ірі қара малының рационына алюминий препараттарының 0, 5 пайызға дейінгі мөлшерін қосуға болады. Соңғы кезед фтормен улануда антидот ретінде магнезия сульфатын ірі қараға 800 г, ұсақ малдарға 100 г зонд арқылы береді. Тамыр арқылы хлорлы кальций, ауыз арқылы магнезия сульфатын беруге болады.

Slide 17

Азот қосылыстарының токсикологиясы

Азот - жер шары атмосферасын құрайтын газ тәрізді заттардың ішінде бірінші орын алатын газ. Сондықтан да оның жер бетіндегі тірі жан үшін маңызы зор.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойып, қарағанда қанның түсі қызғылт-қоңыр, нашар ұйиды. Асқорыту ағзаларында әртүрлі қанталаулар, паренхиматозды ағзалар қанға толған, қуықтың көлемі ұлғайған, іші зәрге толы, қарынан күйген мүйіздің иісіндей болып азот тотығының иісі шығады.

Емі. Ірі қара мал мен қойларға 1 кг салмаққа 10мг мөлшеріндегі метилен көгі емдік әсер етеді. Оны 1 пайыз сулы ерітінді түрінде венаға егеді. Ал шошқаларға 1 кг салмаққа 0, 01-0, 02 г метилен көгін 2 пайыз ерітінді түрінде қолданады.

Slide 18

Гербицидтер

Гербицидтерді арам шөптерді жою үшін қолданылатын жеке дара улы химикатта тобына жатады. Барлық гербицидтер селективті, яғни таңдаулы әсер ететін және зиянды шөпті өсімдіктерді жоятын, бірақ дақылдарға зиянды әсері жоқ препараттарға жатады. Сонда да гербицидтер арасында барлық өсімдіктерді жойып жіберетін қосылыстар да кездеседі. Мұндай қосылыстар селективті емес гербицидтерге жатады, қазіргі кезде сирек қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
Құрама жеммен, күнжарамен және шротпен малды азықтандырғанда туындайтын токсикоздар
Нитриттер және басқада тамақтық қоспалар мен улану
Ағзаға теріс әсер ететін заттарға жалпы сипаттама
Ауыл шаруашылық малдардың пестицидтерден улануы
Пестицидтер әсерінен туындайтын аурулар
Тағамдық жұмыртқаны жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларда ветеринариялық санитариялық сараптау
Улану және олардың жіктелуі
Жедел жәрдем шаралары
Адам денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы
Пестицидтердің топырақта ыдырауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz