Жануарлардың жануар тектес улы заттардан улануы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жануарлардың жануар тектес улы заттардан улануы.

Орындаған: Қонысбекова. Д. Б

Тобы: ВМ-801

Тексерген: Билялов. Е. Е

Семей 2021 жыл

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Жануарлардың бал ара уынан улануы

Жануарлардың жылан уынан улануы

Жануарлардың буын аяқтылар уынан улануы

Жануарлардың балық уынан улануы

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Табиғатта ауыл шаруашылығы малдарын уландыратын тірі жәндіктер жеткілікті. Олардың ішінде токсикологиялық маңызы ерекше жәндіктер тобына төмендегі өкілдерін жатқызуға болады:

1. Рептилий класы - әр түрге және туысқа жататын жыландар тобы.

2. Амфибиялар - саламандра, бақалар.

3. Балықтар - алабұға, мурена, таутан.

4. Моллюскалар - осминог.

5. Жәндіктер - ара, маса, шіркей.

6. Буынаяқтылар - қарақұрт, шаяндар, тарантул.

7. Қоңыздар - колорад қоңызы, алагүлік және тағы басқалар.

Ғалымдар зерттеулерінің нәтижелеріне сүйенсек бұл жәндіктер уынан көптеген малдардың өлімі тіркелген.

Slide 4

Жануарлардың бал ара уынан улануы

Ауыл шаруашылық малдары бал ара уын өте қиын көтереді. Бұл уға жылқылар сезімтал келеді. Қойлар мен ешкілердің улануы да өліммен аяқталуы мүмкін. Үйректер мен қаздардың арасында бал ара уымен улану өте жіті түрде өтіп, өлімге ұшыратады. Бал ара уына аю, кірпінің сезімталдығы төмен.

Бал ара уы апитоксин - түссіз, мөлдір, сұйық, бал иісті, ащы-қышқыл дәмді. Құрамы 41 пайыз құрғақ заттан, майлардан, минералды заттардан, аминқышқылдарынан, ақ заттан, сонымен қатар, ацетилхолин, гистамин, норадреналин, фосфамин, құмырсқа, тұз, фосфор қышқылдарынан және химиялық элементтерден тұрады.

Араның уы аралардың ерекше безінің сіріндісі, оны шағу аппараты арқылы аралар ұяларын, ұрпақтарын және өздерін қорғауға пайдаланады.

Slide 5

Бал араларының құрсағының соңында қорғаныс мүшесі шағу аппараты - орналасқан. Ол бізгектен, 2 улы безден және удың резервуарынан тұрады. Бізгегінің шағатын бөліктерінде қармақшалар орналасұақандықтан, оны теріден шығару қиын. Шағатын кезде ара бізгегінің үшкір жағын теріге енгізеді. Шағып алып, ара ұшып кетеді, ал бізгегі теріде қалып, барлық шағу аппаратымен жұлынады. Аппараттың қысқарылып жатқан бұлшық еттердің әсерінен барлық у жайлап резервуардан жараға ағады. Ал ара шаққаннан кейін бірнеше сағат өткен соң өледі.

Slide 6

Патогенезі. Бал ара уының әсеріне жануар организмінде кері реакция қалыптасады. Орталық жүйке, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы, қанның түзілуі бұзылады. Бал ара уымен улану аллергиялық белгілер түрінде білінеді. Ацетилохолин және гистамин әсерінен қан тамырының капиллярлары кеңейіп, артериялық қысым төмендейді. Ара уы әсерінен баырдағы тромбокиназа ферменті блокадаланып, қан қоюланып, ұйып қалады.

Клиникалық белгілері. Ауылшаруашылық малдарының улануы бал ара уының мөлшеріне, организмге түсу мен сезімталдығына байланысты. Терінің зақымданған жерлерінде ісінулер пайда болады. Жануарлар жалпы өозады, тыныс алуы баяулайды, кейбір жағдайларда терісінде бөртпелер байқалад. ы ауыхз және мұрын қуыстарынан көпіршікті сұйық ағады. Орталық жүйке жүйесіне нейротоксикалық әсер етіп, тырысулар байқалады. Дене температурасы көтеріледі, көмекейде ісік пайда болуы мүмкін.

Балау. Балауды анамнестік, клиникалық көрсеткіштеріне және зертханалық тексеру қорытындыларына қарап қояды.

Slide 7 Slide 8

Емі. Жануарлардың зақымданған жерлеріндегі тері бетін суық сумен жуып, вена арқылы 40 пайызды глюкоза ерітіндісін егеді. Тырысып-бүрісу кезінде тыныштандырғыш, ұйықтатқыш дәрілер береді. Жылқыларға вена арқылы 7 пайызды хлоралгидрат ерітіндісін 200-300 мл, ірі қара малға 50-75 мл, ұсақ малдарға барбитур, кофеин, ішке камфора майын қолдануға болады. Витаминдік препараттарды енгізу де оң нәтиже береді. Ішке кілегейлі қайнатпалар, ішті жүргізетін дәрі-дәрмектер, антигистаминдік зат ретінде димедрол қолданылады.

Slide 9

Аралардың шағуын келесідей ауруларда пайдалануға болады:

Ревматикалық аурулар

Полиартриттер

Спондилоартроз

Перфериялық жүйке жүйесінің аурулары

Трофикалық және әлсіз гранулдейтін жаралар

Қан тамырларының хирургиялық аурулары

Астма

Мигрень

Slide 10

Жануарлардың жылан уынан улануы

Жылан уы офидиотоксин деп аталады. Ол антитоксикалық сарысу және әртүрлі дәрі-дәрмек алу үшін қолданылады. Удың құрамында альбумин, глобулин, альбумоз, кальций, магний тұздары, хлоридтер, фосфаттар, муциндер мен ферменттер кіреді. У - суда, глицеринде, спиртте, қышқылдарда, негіздерде жақсы ериді.

Патогенезі. Нейротоксикалық, гемораргиялық және тамыр кеңейтіп әсер етіп, артериялық қысымды төмендетеді. У қанға түскеннен кейін, қан тамырларында фибрин талшықтары көбейіп, қан ұйығыш келед. Түзілген фосфолипаза ферменті торша митохондриясын бұзып, нәтижесінде аденазин үш фосфотаза ферментінің әсері төмендеп, торшалардың тыныс алуы нашарлайды. Патологияның дамуы барысында жүрек ауруы, веналық қан ағудың нашарлауы, жүйке жүйесінің қажуы секілді белгілер білінеді. Сыртқа сүт арқылы бөлінеді.

Slide 11

Уланудың белгілері. Тістелген жерлердегі капиллярлардың түйілуі, домбығу, артериялық қысымның төмендеуі, жануарларда қозу, қорқақтық, тынышсыздану байқалады. Құсу және тырысып-бүрісу пайда болып, сезімталдық жойылады, қозғалыс қимылы бұзылады. Тыныс алу жүйесінің салдануынан мал өлімге ұшырайды.

Патологиялық өзгерістер. Өлексе сіресіп қалады. Бауыры, бүйрек және тағы басқа ішкі мүшелерде некроз пайда болады, жүрегі жұмсақ, піскен етке ұқсап кетеді. Асқорыту жүйесінің қабынуы байқалмайды. Жазылған жануарда ұзақ уақыт бойы бауыры, бүйрегі және басқа да мүшелері ауыруы мүмкін. Сілекей мен ұйқы безінің сөлі уды залалсыздандыра алады.

Slide 12 Slide 13

Емі. Жануарларды емдеу мақсатында венаға 20-40 пайызды глюкоза ерітіндісін егеміз. Тістелген жараны 0, 1 пайызды калий перманганат, 2 пайызды хлорлы әк ерітіндісімен немесе 10 пайызды сутек асқын тотығымен залалсыздандырады. Тері астына промедол, 2, 5 пайызды аминазин ерітіндісін, 10 пайызды глюканат кальций ерітіндісін немесе инсулин егуге болады.

Slide 14

Жануарлардың буынаяқтылар уынан улануы


Ұқсас жұмыстар
Улануды емдеудің жалпы принциптері
Токсикологияның қысқаша тарихы
Улану түрлері
Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама
Ветеринарияда пайдаланатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар
Улану кезінде және химиялық препараттармен өңдеу кезінде ұша мен ағзаларды ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құрамында глюкозиді бар өсімдікпен улану
Шикізатты дайындау
Жануарлардың қарапайым саңырауқұлақтармен ластанған азықпен улануы
Өсімдік улары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz