Жануарлардағы улануды емдеу және алдын алудың жалпы принциптері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Улануды емдеу және алдын алу жалпы принциптері.

Орындаған: Қонысбекова. Д. Б

Тобы: ВМ-801

Тексерген: Билялов. Е. Е

Семей 2021 жыл

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Алғашқы көмек дәрігер келгенге дейінгі

Улануды емдеу

Уды жою әдістері

Уланудың алдын алу

Зооцидтер

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

У дегеніміз - тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылысты тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат.

Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары, тері бет, кілегей қабықтар арқылы түседі.

Улану жануарлар ағзасына әртүрлі заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай.

Улану, басқа жұқпалы аурулардан айтарлықтай ерекшеленетін категорияға жататын ауру жіті улану күтпеген жерден болады. Сондықтанда улануды емдеу шешуші ролб атқарады. Алғашқы көмек уланған жануарға дер кезінде көрсетілуі керек.

Slide 4

Алғашқы көмек дәрігер келгенге дейінгі:

Жануарлар ағзасына удың түсуін тоқтату

Ағзаға еніп кеткен удың әсерін төмендету

Уланған жануар өмірін сақтайтын шаралар

Сақтық шаралар жүргізу

Жануарға көп мөлшерде су беру

Жануарды қорадан таза ауаға алып шығу

Дәрігер келуін тездету керек

Slide 5

Улануды емдеу

Жануарлардың ағзасындағы уды әртүрлі әдістермен бейтараптандыруға болады.

Құсу актісіне тән жануарлардың ағзасын улы заттардан босату мақсатында құстыратын заттар беру, зондпен жуу, румнаторлық заттар арқылы босатуға болады.

Асқазанда улы заттардан тазалағанымен онда удың аз мөлшерде қалып қалатындығын естен шығармау керек.

Ағзада улы заттардың әсерін жою үшін асқазан ішек жолдарындағы сорылуын азайтып, құрамында кілегейлі, крахмал, ақ затт және сүті бар препарат қолдану керек. Бұндай препараттар асқазан ішек жолдарын жұқа кілегейлі қабықпен қаптап удың сіңуін төмендетіп, әртүрлі тітіркенулерден және күйдіретін әсерінен қорғайды.

Slide 6 Slide 7

Уды жою әдістері

Уды жоюдың 2 - әдістері бар:

Физикалық - улы заттардың адсорбциясы,

Химиялық - улы заттардың құрамының бұзылуы.

Slide 8

Улы заттардың адсорбциясы

Адсорбция - асқорыту жүйесіне улы заттардың сіңуін айтарлықтай немесе толғымен тоқтатып тастайтын физикалық әдіс. Адсорбентті заттар удың құрылысын бұза алмасада, қолданғанда, олардың ағзаға әсерін тежейді.

Уланғанда қолданылатын негізгі адсорбенттің бірі-белсендірілген көмір. Қарындағы уға қарағанда оның ішектегі уға әсері әлсіз. Сондықтан мал уланғаннан кейін біршама уақыт өтіп кетсе, адсорбенттермен қатар іш өткізгіш дәрі берсе ем нәтижелі болары сөзсіз.

Slide 9

Улы заттардың құрамының бұзылуы

Улы заттардың құрамының бұзып, ыдыратып, уытты әсерін тоқтату үшін уға қарсы заттар қабылдайды. Қазіргі кезде уға қарс заттар антидоттар деген жалпы атпен кең тараған.

Фосфорорганаикалық және карбанатты пестицидтерден уланғанда: атропин сульфаты, тропацин, фосфолитин, дипироксин, диэтиксим, дипраксим антидоттар көмегімен уланудың бетін қайтаруға болады.

Хлорорганикалық қосылыстардан уланғанда: токоферол, ацетатының антидоттық әсері өте жоғары.

Ауыр металдан уланғанда: унитио, пеницилламин әсері у қайтарғыш.

Slide 10 Slide 11

Уланудың алдын алу

Ауыл шаруашылығын жаппай химияландыру жағдайында малдардың, балықтардың, құстардың және бал араларының улануын алдын алу - мал дәрігерінің және басқада мамандардың біліктілігін көрсететін міндет. Мамандар тыңайтқыштың қолдану уақытын, ағзаға әсерін және қауіптілік деңгейін білген жөн.

Пестицидтермен өңделген жайылымдрда малдарды жаю 25 күннен кейін жүргізілуі керек. Пестициттер сақталатын қоймалар, тыңайтқыштарды себетін құрал-жабдықтарды машиналарды балық шаруашылығы орналасқан жердегі су көздерінен 2000 м қашықтықта, елді мекендерден суаттардан 2000 м қашықтықта орналасқан дұрыс.

Улы химикаттарды далада, егіс алқабында және басқа орындарда қараусыз қалдыру тиым салынады. Қолданылмаған химикатты қалдықтарды қоймаларға қайтару керек немесе оларды инструкцияға сай жою керек. Ондай улы заттарды жоятын жер, ағын су, мал жайылатын жерлерден алыс болуы шарт.

Slide 12

Зооцидтер

Зооцидтер - қора жайылымдарда, қамбаларда және егістіктерде тышқан тәрізді кеміргіштерге қарсы қолданылатын препараттар.

Slide 13

Зооцидтер химиялық құрамына байланысты 2-ге бөлінеді:

Органикалық зооцидтерге - зоокумарин, ратиндан, бактокумарин, крисыд, глифтор және т. б жатады.


Ұқсас жұмыстар
Жануарларда улануды емдеу және алдын алу: жалпы принциптер мен зооцидтер
Ауылшаруашылық жануарларындағы улануды емдеудің жалпы принциптері: алғашқы көмек, антидоттар және алдын алу
Жануарлардағы оофорит: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностика және емдеу принциптері
Дәрілік заттармен жедел улануды емдеудің клиникалық-фармакотерапиялық принциптері
Жануарлардағы нематодоздар мен оксиуратоздар: клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу
Жануарлардағы простатит: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және емдеу
Жалпы ноозология: аурулардың этиологиясы, патогенезі, классификациясы және емдеу мен профилактика принциптері
Жануарлардағы эймериоз: этиологиясы, клиникасы, патоморфологиялық өзгерістері және алдын алу-емдеу шаралары
Қазақстан Республикасындағы иммунды алдын алудың құқықтық негіздері және иммунизация бағдарламасының ерекшеліктері
Ерте жастағы сөйлеу бұзылыстарының алдын алудың қазіргі заманғы әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz