Зооцидтерден улану патогенезі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті

ЗООЦИДТЕР
Орындаған: Қонысбекова.Д.Б
Тобы: ВМ-801
Тексерген: Билялов.Е.Е

Семей 2021 жыл
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Зооцидтерден улану патогенезі
Зооцидтерден уланудағы клиникалық
белгілері
Зоокумарин
Бактокумарин
Мырыш фосфиді
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Қора-жайларда, қамбаларда және егістіктерде
тышқан тәрізді кеміргіштерді жою үшін көптеген
химиялық препараттар қоладнылады. Мұндай
препараттар зооцидтер деп аталады. Зооцидтер
химиялық құрамына байланысты органикалық
және бейорганикалық болып бөлінеді.
1.Органикалық зооцидтерге – зоокумарин,
ратиндан, бактокумарин, крысид, глифтор және
тағы басқалар жатады.
2.Бейорганикалық зооцидтерге – барий карбонаты,
мырыш фосфиді және тағы басқалар жатады.
Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин,
бактокумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен
таралған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда
жиі кездеседі, сонымен қатар, ит-мысықтар
кеміргіштермен уланған өлекселерді жегенде кездеседі.
Көмірқышқылды барий, барий карбонаты сумен спиртте
нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ.
Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылғы
жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей
кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін. Оның құстар
үшін уытты мөлшері 0,4-0,7 г, ал тышқандар үшін 0,12-0,2
г. көмірқышқылды барийдің тұз қышқылымен
әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі
қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30 г болса, ал қой
мен шошқалар үшін 5-15 г.
Патогенезі.
Қарында барий карбонаты мен тұз
қышқылының әрекеттесуінен пайда болған
барий хлориді кілегейлі қабық арқылы қанға
тез сіңеді. Барий иондары ішкі мүшелердің
бірыңғай салалы бұлшық ееттерінің тонусын
жоғарылатып, ал жүрекке оймақ гүл тәрізді
әсер етеді. Осыған байланысты жүрек-қан
тамыр, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылады.
Клиникалық белгілері.
Әртүрлі малдарда көп жағдайда бірдей
белгілер байқалады. Яғни, үрейлену, сілекей
ағу, құрсақ қуысындағы ауырсынулар, жалпы
қозу, іш өту, жұтынудың қиындауы, бұлшық
еттердің жиырылуы, тыныс алудың бұзылуы,
талықсулар байқалады. Өте жіті түрінде
жректің салдануынан аяқ асты өлім тууы
мүмкін, ал құстарда уланулардың ешқандай
белгілері байқалмайды, өлімге ұшырау аз
кездеседі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері.
Негізінен ішектің, қуықтың және жүректің систола кезінде
жиырылуымен сипатталады. Кілегейлі қабықта нүктелі
қанталаулар кездеседі. Сонымен қатар, өте созылмалы түрінде
ішкі мүшелердің дистрофиялық өзгерулерін байқауға болады.
Балау.
Өте қиын болып келеді. Шешуші мәліметті химиялық –
аналитикалық тексеруден кейін алуға болады.
Емі.
Антидот ретінде қолданылатын натрий немесе магний
сульфатының 1 пайызды ерітіндісімен қарынды тазалап алып,
артынан көп мөлшерде сумен араластырып ішке береді.
Соңынан ішке мүмкіндігінше 5-10 пайызды натрий сульфаты
ерітіндісін ішкізіледі. Улануды жылдам емдеу мақсатында
кілегейлі заттар мен сүт берген жөн.
Зоокумарин
Зоокумарин – ақ түсті, иіссіз, дәмсіз, суда нашар,
спиртте, ацетонда жақсы еритін, ұзақ сақталынатын
ұнтақ. Зоокумарин – өте уытты. Оның 6мг\кг
мөлшері итті, 50 мг\кг күйіс қайтаратын малдарды,
1-1,2 мг\кг шошқаларды өлімге ұшыратады.
Зоокумарин – кумулятивті антикоагулянт, әсіресе
өсімдіктерге ұқсас, қанның ұюын төмендетеді.
Патогенезі, клиникалық белгілері, патологиялқ-
анатомиялық өзгерістері, емі түйежоңышқамен
уланғанға ұқсас.
Бактокумарин
Бактокумарин – құрамында зоокумариннің натрилі
тұзы және сүзек ауруының бактериалды
культураларымен өңделген дәндерден тұратын кешенді
препарат, зооцид ретінде жиі қолданылады, ауыл
шаруашылық малдары үшін қауіптілігі онша емес.
Қанның ұюын нашарлататын препараттар қатарына ақ
түсті, иіссіз, кристалды түйіршікті ұнтақ ратинданды
да, дифиназинді де жатқызуға болады. Олар 0,5
пайызды немесе 0,18 пайызды ұнтақ түрінде
шығарылады. Өте уытты әсер етеді. Тышқандар үшін
ЛД-63,4 мг\кг. Күшті әсерететін кумулятивті зооцид.
Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.
Мырыш фосфиді
Мырыш фосфиді – сұр түсті, иісі сарымсақтың иісіндей,
суда нашар, ал қышқылда жақсы еритін ұнтақ. Жануарлар
үшін 40-60 мг\кг мөлшері өте уытты, яғни уланған
жануарлар толығымен өлімге ұшырайды. Көбінесе
уланулар құстар мен шошқаларда байқалады, ал аз
мөлшерде улану ірі қара мен ұсақ малдарда кездеседі.
Патогенезі
Қарындағы қышқылдардың әсерінен қанға тез сіңіп, мүше
торшаларына еніп, соның әсерінен тыныстану торшаларын
бітеп тастайтын фосорлы сутегі түзіледі. Салдандырып
әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі, ішек-қарынның
зақымдалуы, сонымен бірге малдың күйі төмендеп, өкпеде
ісінулері пайда болуымен сипатталады.
Клиникалық белгілері
Ірі қара малында уланудың алғашқы белгілері азық жегеннен
соң 30-50 мин кейін байқалады. Азы уақыттың ішінде азыққа
тәбеті жоғалып, қатты терлейді, қозады, дене бұлшық еттері
тітіркенгіш болып келеді, атаксия, дене температурасы
төмендеп, іші өтеді, кейде қан араласқан іш өту байқалады.
Тыныс алу мен жүрек жұмысы нашарлап, бірнеше сағаттан
соң өлімге әкеп соғады. Кейде ауру бірнеше күнге созылады.
Жылқыларда – жоғарыдағы белгілермен қоса, жөтелу және
өкпе альвеолаларының бітелуі әсерінен тұншығу байқалады.
Шошқаларда – құсу, көз астының ісінуі, көз алмасының
шығыңқырауы және өлер алдындағы қалтыраумен
сипатталады.
Құстарда - тұмсығынан көбікті заттың ағуы, шөлдеу, бір
орында жатып қалу және қалтыраумен сипатталады.
Патологиялық – анатомиялық өзгерістер.
Кілегейлі және сірлі қабаттардың қанталауынан, сонымен
бірге, ішкі мүшелердің қанға толуымен, бауырдың өлі
еттенуімен, қарынның кілегейлі қабатының гиперемиясы,
ошақталған өкпенің эмфиземасы, бауыр, сүйек бұлшық
еттері және жүректің майлы дистрофиясымен
сипатталады. Сойып зерттеу нәтижесінде қарынның иісі
сарымсақ иісіндей.
Балау
Балау үшін анамнез қорытындыларына, клиникалық
белгілеріне, сойып зерттеу нәтижелеріне назар
аударылады. Сонымен бірге, мырыш пен фосфордың
қалдықтарын көру арқылы балау қоюға болады.
Емі
Ішек-қарынды 1 пайызды калий перманганаты
ерітіндісімен жуып-шаю қажет. Өсімдік майы, сүт,
ақзатты су қолдануға болмайды, себебі олар уытты
заттардың сіңімділігін одан әрі жеделдетеді.
Парьэнтеральды жолдар арқылы глюкоза, аскорбин
қышқылын, кальций хлоридінің ерітіндісін, натрий
кофеин – бензоаты, кордиамин, камфора ерітіндісін
енгіземіз. Ганглиостимуляторлар – лобелин гидрохлориді
мен цититонын қолдануға болмайды, өйткені олар малдың
өліміне әкеліп соқтырады.
Алдын алу шаралары. Марыш фосфидін зооцид ретінде
ғана қолдану керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Е.М.Қорабаев, Н.А.Заманбеков,
Токсикология, Алматы 2011
2. Интернет желісі.

Ұқсас жұмыстар
Нитраттармен уланғанда - полиурия, гематурия
Зооцидтер
Бүйрек шумақтарында несептің сүзілуі
Дифференциалды диагностикасы
Бауыр анатомиясы
ҚАБЫНУ ОШАҒЫНДА ЗАТ АЛМАСУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
лануды емдеу және алдын алу жалпы принциптері. Зооцидтер
Жануарлар ағзасына удың түсуін тоқтату
Жануарлардың жануар тектес улы заттардан улануы
Хлорорганикалық қосылыстармен улану
Пәндер